Шалбарбаева Лиза Қуандыққызы
Маңғыстау облысы Маңғыстау
ауданы
Е.Айшуақұлы атындағы орта
мектептің
жоғары санатты физика пәні
мұғалімі
Жоғарғы сыныптарда
физика пәнін оқытудағы
тірек – сызбамен оқыту әдісінің
тиімділіктері.
Қазіргі кезде білім беруді жақсарту, материалды
терең меңгерту мақсатында оқытудың көптеген белсенді түрлері
кеңінен қолданылуда. Себебі, оқытудың бұрынғы сөздік әдісі
оқушыларды жалықтырып жіберетіні бәрімізге де аян.
Осындай әдістердің бірі –
сызықтық әдістерді көптеген мұғалімдер өздерінің оқыту
тәжірибелерінде пайдаланады. Мысал ретінде В.Ф. Шаталовтың
тірек-белгілерін, С.Н.Мисенковтың тірек-сызбаларын, Б.И.Дегтяревтің
сызықтық нұсқауларын атауға болады.
Біздің мектебімізде өткен
ғасырдың 85-90 жылдарында Ванов Қуантқан математика сабақтарында
Шаталов тірек - белгілерін қолданды. Сол кезде ол мұғалімдер
арасында өте қызығушылық туғызды және мектепте оқушыларға бұл
әдістің ұнағанын көріп жүрдік. Вановтың сабақтарына қатыса жүріп,
мен де осы әдіске ден қойып, өз сабақтарыма аракідік енгізіп
жүрдім.
Кейінірек, Ресейдің “Физика в школе” журналынан
Москва облысындағы Дубны қаласының мұғалімі Г.Д.Лупповтың
тірек-конспектімен оқыту методикасымен танысып, бұл әдістің
тиімділігіне көзім жетті.
Жалпы әр түрлі белгілерді ақпар беру мақсатында
қолдану күнделікті өмірімізде де жиі кездеседі. Мәселен, көшеде,
көліктерде, кәсіпорын - мекемелерде т.б. жерлерде арнайы белгілер
қолданылады.
Қазіргі заман талабына және ақпараттың өте көп
мөлшерде болуына байланысты белгілі бір мағлұматты есте сақтау үшін
шартты белгілердің көмегі зор.
Оқытуда тірек-сызбаларды қолдану педагогикалық
жағынан өте тиімді деуге болады. Алғаш рет сызықтық хаттар Қытайда,
Египетте пайда болған. Ақпаратты, айтайын деген ойды сызықтар,
белгілер, сызбалар арқылы жеткізу - өте ертедегі тәсілдердің бірі,
біздің ата-бабаларымыз да өз ойларын сызбалар арқылы тасқа жазып
қалдырған емес пе?!
Оқыту жүйесінде сызықтық жазуларды пайдаланудың
бірқатар тиімділіктерін атауға болады:
-
Тірек-сызбалар арқылы оқушылар алған білімдерін
жүйелі түрде кері айтып бере алады.
-
Алдарындағы тірек - жазбалар арқылы оқушылардың
есту, көру, есте сақтау қабілеті дамиды.
-
Оқыту кезінде сызықтық белгілерді қолдану
оқушылардың үлкен ми сыңарларының қызметін жетілдіретіні ғылыми
негізде анықталған.
-
Тірек-сызбалар арқылы ойдағы
ақпараттардың мағынасын нақтылы бөліктерге немесе ірі блоктарға
бөлуге болады
Тірек-сызбамен оқыту
әдістемесінің тәжірибелерімен таныса отырып, берілуге тиісті
білімнің ең басты түйіндері көрсетілген және бұл білімдердің өзі
меңгеру мен есте сақтауға өте тиімді шағын бөліктер арқылы берілген
тірек-сызбалар оқушыларға жақсы жауап беруге мүмкіндік беретінін,
ал бұл өз кезегінде сабаққа оқушының қызығуын тудыратынын ұғуға
болады.
Сөйтіп, тәжірибелі
мұғалімдердің тірек-сызбамен оқыту әдістемесін үйрене отырып, осы
бағыттағы өз жүйем бойынша жұмыстанудамын.
Алғашқы кезде тек жеке-жеке
тақырыптарға тірек сызбалар жасап қолдансам, қазір ірі блоктар
бойынша блок-сызбалар құрастырудамын.
Әрбір тірек-сызба бір
тақырыптың, ал блок-сызба бір блокқа кіретін тақырыптардың қысқаша
конспектісі болып табылады.
Тірек-сызбалар оқушыны ойлануға мәжбүр етеді және
білімді бекітуде жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.
Тірек-сызбалармен оқытуда бірнеше принциптер
ескеріледі:
Біріншіден, білімді меңгеру бірнеше рет
қайталау арқылы ғана жүзеге
асады.
Екіншіден, міндетті түрде тақырыптың
басты мәселелерін бөліп көрсету
керек.
Үшіншіден, географиялық объектілер мен
құбылыстарға тән мәлімет тер-
дің шындыққа сай болуын
қамтамасыз ету керек.
Төртіншіден, георафия пәнінің
жаратылыстанудың басқа салаларымен
байланысын үнемі жүзеге асырып
отырған жөн.
Бесіншіден, оқушының өз бетімен жұмысы әр
сабақта да жүзеге асып
отыру керек.
Алтыншыдан, күн сайын білімді тексеріп
отыру оқушының жүйелі
оқуын және әр оқушыда бағаның
көп мөлшерде болуын
қамтамасыз
етеді.
Тірек-сызбаны сабақта пайдаланудың да тәсілдері бар. Жаңа
тақырыпты түсіндіру кезінде бірден тірек-сызбаны қолдана отырып
баяндауға да болады. Сондай-ақ жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан
кейін, қорытындылауда және білімді бекітуде пайдалануға болады.
Соңғысы жақсы нәтиже береді деп ойлаймын. Дәптерге тірек-сызбаны
жазып алған оқушы, үйден сол сызба бойынша дайындалады. Өткен
материал бойынша алған білімді тексеру жазбаша да, ауызша түрде де
өткізіледі. Кейде жекелеген оқушылар тірек-сызбаны түгел, немесе
қандай да бір бөлігін тақтаға жазып шығады. Сондай-ақ ауызша да
айтып шығады. Кейде жеке тақырыптарға сызбаны оқушылардың өздеріне
құрастыруға тапсырамын. Бұл олардың физикалық обектілерге, не
құбылысқа сипаттама бере алуын, өз бетінше пайымдай алуын дамытады,
ойлау қабілетін жетілдіреді.
Жалпы, тірек-сызбаларды
қалай жасауға болады?
Тірек – сызбада әуелі тақырып
көрсетіледі, содан соң осы тақырыптағы маңызды, басты мәселелер
атап көрсетіледі, олардың теориясынан мәліметтер беріледі,
статистикалық мәліметтер мен диаграммалары, кестелері, схемалары,
графиктері , формулалары және қорытындылары көрсетіледі, егер
заңдылық болса айтылуы, құбылыс болса анықтамалары беріледі, одан
әрі өмірдегі мысалдары мен практикада қолданылуы
айтылады.
Әрбір тірек-сызбаның жоғарғы
жағында қай тақырыпқа арналғандығы көрсетіледі және шифр беріледі,
онда сыныбы, оқулықтағы тақырыбының нөмірі, сол тақырыптағы ретті
тақырыпша нөмірі көрсетіледі. Мысалы, ТС–10–1-1 шифры ТС -
тірек-сызба, 10-сынып, 1-ші тақырыптың 1-ші тақырыпшасы дегенді
білдіреді.
Тірек-сызбада оқушының нені
білуге, нені үйренуге тиіс екендігі нақты және қысқа көрсетілген,
сондықтан оқушы үйден тірек-сызбаны пайдалана отырып, оқулықтан
тақырыптың негізгі мәселелерін анықтай алады.
Тірек-сызбаларды интерактивті
тақтада демонстрациялап көрсету тиімді, сондай-ақ плакатқа үлкейтіп
сызып, тақтаға ілген де тиімді деп ойлаймын, немесе жиналмалы
бүктемелер арқылы көрсеткен қолайлы, бұл әсіресе, блок-сызбаларға
ыңғайлы және сақтауға да тиімді болып табылады.
Сабақ процесінде оқушылар жаңа сабақты түсініп
алған соң тірек-сызба бойынша өз беттерінше дайындалып өз түсінігін
айтып шығуға мүмкіндік алады.
9-11-сыныптарда өте көлемді
және күрделі боп келетін оқу материалын берудің неғұрлым тиімді
жолдарын іздестіру қажет. 9-11-сынып физикасында оқушыларға үнемі
құбылып отырған әлемнің өзгерістерін, заңдылықтарын түсіну
керек.
Міне, осындай үлкен көлемдегі материал мен
оқушылардың жүктемелері арасындағы керағарлықты қалай
шешеміз?
Бұл сұрақты шешуде де
тірек-сызбаларды қолданып, лекция – семинар - сынақтық жүйемен
оқыту жақсы нәтиже береді деп ойлаймын. Бұл жүйенің алғашқы
сабағында оқушылар меңгеруге тиісті көлемді материалды тірек-сызба
түріндегі визуальды лекциямен берген тиімді.
Тірек-сызбаларды қолданудағы мақсат – оқушының
оқу материалындағы ең негізгі түйінді элементтерді айыра білуге,
есте сақтауға үйрету, оқушы білімін жүйелеуді дамыту, білуге тиісті
білімін міндетті көлемін нақтылап, оны оқушының өз бетімен
меңгеруіне көмектесу.
Тірек-сызбаларды қолдану мынадай жетістіктерге
жеткізетінін атап көрсетуге болады:
• оқушылардың оқу материалын тұтастай көрнекі
түрде елестетуіне мүмкіндік береді;
• материалдың негізгілерін ажырата алуға
көмектеседі;
• оқу материалының жеке бөліктерінің өзара
байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді;
• оқушылардың оқу материалының ой елегінен
өткізіп, бекітуін жүзеге асырады;
• оқушының сабаққа дайындық уақытынан ұтыс
береді, көлемді материалды қарқындандыру технологиясымен
игертеді.
Жалпы, тірек- жазбалармен
оқыту оқушылардың ойлауы мен таным белсенділігін арттыруда маңызды
роль атқарады. Оқушының да, мұғалімнің де шығармашылықпен жұмыс
жасауына мүмкіндік береді.
Мысал
ретінде өзім қолданып жүрген бірнеше тірек-сызбаны
ұсынамын. Тірек-сызбалардың ұсынылған үлгілерін түрлендіру,
жетілдіру – әр мұғалімнің шығармашылық жұмысы.