Тірі табиғат дүниелері. (Таңдау курсы)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тірі табиғат дүниелері. (Таңдау курсы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тірі табиғат дүниелері»
Қолданбалы курс бағдарламасы
7 класс


Мақсаты:
Оқушылардың мектепте алатын тәрбиесі мен білімін жетілдірудің қайнар көзі-оқыту әдісін жетілдіру.Табиғатты тиімді пайдалануға және қорғауға, болашақ маман иелері ретінде медицина, ауылшаруашылық және биотехнология салаларында еңбек етуге даярлау, бағыттау.

Міндеттері:
1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық қабілетін дамыту;
2. Биологиялық түсініктерді қалыптастыру;
3. Зерттеушілік ынтасын ояту;
4. Тәжірибе жасап үйренуге дағдыландыру;
5. Табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыру.



Әдістемелік бірлестік кеңесінде бекітілді
Хаттама № 1 «___» _________ 2015ж.
Әдістеме бірлестік жетекшісі:

Құрастырған:
Бактыбекова Г.Ұ
Абай ШЖЖОББМ мектебінің 
биология пәні мұғалімі



Пікір жазғандар: 
1. Утешова Б.С. – биология пәнінің мұғалімі
2. Машыбаева Т.К. – физика пәнінің мұғалімі 


Түсінік хат.
Тірі табиғат дүниелері факультативтік курсы тірі табиғаттың вирустар, бытыранықтар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар дүниелеріне жіктелуі туралы, тірі ағзалардың сан алуандығы және олардың бірінен-бірін ажырататын ерекше қасиеттері туралы түсініп, біліп өмірде осы білімдерін қолдануға көмектеседі.
Табиғатты танып білуге оны зеттеуге, қорғауға қызығушылығын оятады.Сапрофитті және паразитті бактериалар, вирус туғызатын аурулар және гигиенасы, жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтар, олардың көптүрлілігін, төменгә жіне жоғары саты өсімдіктер, жәндіктер және желілер тіршілігі маңызы тереңдетіліп қарастырылады.
Бұл факультативтік курс оқушылардың қздігінен өсімдіктерді егуге, қсімдіктер және жануарлар тіршілігін бақылауға және зерттеу жүргізуге, оларды танып және анықтауға, білімдерін болашақта агротехникалық және табиғатты қорғау шараларында қолдануға, жылдық өзгерістерінің себептерін білуге өмірде тәжіребие жүзінде қолдануға бағытталған.
Факультатив мазмұны көптеген оқыту түрлерімен және әдіс-тәсілдерімен яғни бақылау, зерттеу жүргізу, сарамандық жұмыс және зертханалық жұмыстары міндетті түрде қолданылады.


Пікір
«Тірі табиғат дүниелері» тақырыбындағы қолданбалы курс биологияның білім мазмұнын, тіршіліктің құндылығын, оқушылардың тірі табиғатқа қызығушылықтарын дамыта отырып, табиғаттағы тірі ағзалардың қызметі мен ерекшеліктерін танып білуге көмектеседі.
Бұл бағдарламада әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға дайындауда қолданбалы курс мазмұндары қарастырылған түрлі тақырыптар оқушылардың жалпы логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, пәнге қызығушылықтарын арттыруға үлкен көмегі тиетіні сөзсіз.

Мақсаты:
Оқушылардың мектепте алатын тәрбиесі мен білімін жетілдірудің қайнар көзі-оқыту әдісін жетілдіру.Табиғатты тиімді пайдалануға және қорғауға, болашақ маман иелері ретінде медицина, ауылшаруашылық және биотехнология салаларында еңбек етуге даярлау, бағыттау.

Міндеттері:
1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық қабілетін дамыту;
2. Биологиялық түсініктерді қалыптастыру;
3. Зерттеушілік ынтасын ояту;
4. Тәжірибе жасап үйренуге дағдыландыру;
5. Табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Курстың негізгі мазмұны: Бағдарлама оқушылардың дүниетанымдылық идеяларын тиянақты,әрі нанымды түрде алып, оларды өмірімен байланыстыруға мүмкіндік беретін төмендегідей бөлімдерден тұрады.
1. Тірі табиғат дүниелері туралы алғашқы мәліметтер алу.
2. Заттарды және табиғат құбылыстарын сезіммен сезіммен қабылдап әлемніің материалдық екенін түсіну.
3. Оқушылардың санасына дүниетанымның дұрыс негіздерін сіңіруге олар үшін жеткілікті деңгейде ғылыми көзқарастар мен сенім-наным қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту әдіс- тәсілдері мен технология түрі: 
- Рейтинг сабағы;
- Тірек-сызба белгілер;
- Дидактикалық тапсырмалар;
- Модульдік технология;
- Дебат сабақ;
- Сұрақ-жауап әдісі;
Оқыту әдістері: баяндау, приактикалық жұмыс, іздену, тестілеу, бекіту, қорытындылау, пікір талас;
Оқушылар жасай білуі тиіс:
-Әлеуметік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану;
-Өздігінен жұмыс жасауға дағдылаедыру;
-Зертханалық жұмыстарды өз бетінше іскерлікпен атқарып, қорытындылай білу;
Бақылау және бағалау жөніндегі:
Бағдарламада әр бөлімді қайталау негізінде 3 /үш/ негізгі қайталау сабағымен және бір қорытынды сабағы қамтылған.
Оқушы білімін бағалауда ескеріледі:
-Оқу материалын қаншалықты игергені;
-Оқушы қызығушылығы;
- Оқушының шығармашылығы;
- Оқушының зерттеушілік қабілеті;


Курстың мазмұны:
Кіріспе- 1 сағ.
I – Бөлім. Бытыраңқылар. Вирустар. Саңырауқұлақтар.

II-Тарау. Ағзалардың саналуандығы. Бытыраңқылар. Вирустар. Саңырауқұлақтар. Жеуге жармды және улы саңырауқұлақтар. Қайталау-4сағ.
I- Бөлім. Өсімдіктер дүниесі
II- тарау. Төменгі сатыдағы өсімдіктер.Өсімдіктер тіршілігі. Балдырлар.Қыналар.-3 сағ
III- тарау. Жоғары сатыдағы өсімдіктер.Мүктектес өсімдіктер. Плаун және қырықбуын тектес өсімдіктер.Ашық тұқымды өсімдіктер. Гүлді өсімдіктер.Қылқайыргүлділер. Раушангүлдер және бұршақ тұқымдылар. Алқа,ерінгүлдер, күрделігүлділер тұқымдастары. Құртқашаш, лалагүл, пияз тұқымдастары. Інжугүл, азық тұқымдастары. Мәдени өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктер.Қайталау-11сағ.
ІІІ-бөлім. IV-тарау. Жәндіктер. Қарапайымдылар. Көпжасушылар. Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар. Ұлулар. Кенелер. Бунақденелілер. Тікенектілер.-7сағ
V-тарау. Желілер. Қандауырша.Сүйекті балықтар класы. Құстар.-3сағ.










Тақырыптық күнтізбелік жоспар
«Тірі табиғат дүниелері»
(34 сағат)
№ р\р Сабақ тақырыбы Сағат саны Білім беруші көздер, әдістер Күні, айы
б т п
Тірі табиғат дүниелері. Кіріспе 1 1 Тірек-сигнал, баяндау.
1 1 Кіріспе 1 1
I -тарау. Ағзалардың саналуандығы. Бытыранықтар. Вирустар. Саңырауқұлақтар.
(4 сағ) 4 2 2
2 1 Бытыранықтар. 1 1 Сұрақ-жауап, іздену, тестілеу
3 2 Вирустар. 1 1 Баяндау,
Реферат.

4 3 Саңырауқұлақтар. 1 1 Зертх. жұм,
Модульдік технология.
5 4 Жеуге жарамды және улы Саңырауқұлақтар.Қайталау 1 1 Зертх. жұм,
Тест.
II-тарау. Өсімдіктер дүниесі. 
(14 сағ) 14 7 7
6 1 Өсімдіктер тіршілігі. 1 1 Шеңбер бойымен әңгіме.Ойын
7 2 Балдырлар 1 1 Тірек-сигналы.
Баяндау
8 3 Қыналар 1 1 Зертх. жұм,
Модульдік технология.
9 4 Мүктектес өсімдіктер. 1 1 Зертх.жұм,
Сұрақ-жауап.

10 5 Плаун және қырықбуын тектес өсімдіктер 1 1 Мәнжазба. Баяндау
11 6 Ашық тұқымды өсімдіктер. 1 1 Зертх.жұм,
Тірек-сигнал.
12 7 Гүлді өсімдіктер. 1 1 Рейтинг сабақ.Іздену
13 8 Қылқайыргүлділер. 1 1 Баяндау. Модульдік технология.
14 9 Раушангүлдер және бұршақ тұқымдылар. 1 1 Зертх.жұм,
Сұрақ-жауап.
15 10 Алқа, ерінгүлдер, күрделігүлділер тұқымдастары. 1 1 Визуальды.
Реферат.
16 11 Құртқашаш, лалагүл, пияз тұқымдастары. 1 1 Тірек-сызба белгілер.Ойын.
17 12 Інжугүл, астық тұқымдастары. 1 1 Зертх.жұм,
Рейтинг сабақ.
18 13 Мәдени өсімдіктер. 1 1 Баяндама,
Реферат.
19 14 Дәрілік өсімдіктер. Қайталау. 1 1 ҚорытындылауТест, мәнжазба.
III-тарау. Жәндіктер. 
(7 сағат) 7 5 2
20 1 Қарапайымдылар 1 1 Зертх.жұм,
Рейтинг саб
21 2 Көпжасушалылар 1 1 Баяндама Дидактикалық тапсырмалар
22 3 Жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар 1 1 Визуальды.
Мәнжазба.
23 4 Былқылдақденелілер 1 1 Рейтинг сабақ. Іздену
24 5 Буынаяқтылар 1 1 Тірек-сигналы.
Баяндау
25 6 Бунақденелілер 1 1 Зертх.жұм,
Сұрақ-жауап.
26 7 Қоғамдық бунақденелілер. Қайталау 1 1 ҚорытындылауТест, мәнжазба
IV- тарау. Желілер 
(8 сағат) 8 6 2
27 1 Қандауырша 1 1 Баяндау,
Қазіргі дәстүрлі оқыту
28 2 Балықтар 1 1 Зертх.жұм,
Сұрақ-жауап.
29 3 Қосмекенділер 1 1 Ақпараттық – коммуникациялық технология
30 4 Қосмекенділер 1 1 Сыни тұрғысынан ойлау
31 5 Жорғалаушылар 1 1 Саралап оқыту Деңгейлік жұмыстар
32 6 Құстар 1 1 Тәжірибелік сабақ. 
33 7 Сүтқоректілер 1 1 Визуальды.
Модульдік технология
34 8 Жазғы тапсырмалар. Экскурсия 1 1 Ептілікті жүйелеу Қорытындылау

Қолданылған әдебиеттер:
1. «Төменгі сатыдағы өсімдіктер». Алматы «Мектеп» 2000 ж. О.Әбдірахманова
2. «Жизнь животных» Москва «Просвещение» 1999 ж. А.Г.Банникова
3. «Жас бағбанға көмекші» Алматы «Қайнар» 2001 ж. А.Н.Кацейко
4. «Овощеводство» Москва «Колос» 1997 ж. В.М.Марков
5. «Өсімдік – табиғат қазынасы» Алматы «Қайнар» 2004 ж. Ә.Әлімқұлова
6. «Пернатые друзья лесов» Москва «Просвещение» 1997 ж. В.В.Строков
7. «Өсімдіктер физиологиясынан өткізетін жазғы практикалық сабақтар». Алматы «Мектеп» 1996 ж. Ф.Д.Сказкин
8. Биология. Оқулық «Атамұра» 2012 ж. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева
9. «Оқытудың жаңа технологиялары» Химия мектепте журналы Р.Жұмаділова 
10. «Сұрақ және жауап Энциклопедия» «Алматыкітап баспасы» 2012 ж. С.Паркер, Б.Уильямс
11. «Биология растений». Алматы «Атамұра» 2014 ж. С.Н.Коновалова
12. «Занимательная ботаника» АСТ-Пресс. 2002 ж. В.С.Рохлов, А.А.Теремов, Р.А.Петросова



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2018
749
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі