400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Тізбектелген төрт сабақтың топтамасы бойынша С есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ташкенбаев 2 топ 3 деңгей Мұғалім портфолиосы

Умирбай С есебі

Сейдазымович



Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру бағдарламасының Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасын зерделеп, толық меңгердім. Бұл бағдарламадан күтілетін нәтиже оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесін еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын назарға аудардым. (МАН,4 бет). Бағдарламаның мазмұнының негізін ұғынып, зерттеу, қорғау, талдау,сыни тұрғылық көзқарас,жаңаша талдау жұмыстарын талдадым. Жеті модульді теория жүзінде меңгере отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын құрып, жоспарланған сабақтарымызды тәжірибе жүзінде өткізіп, сабақтарымызда жеті модульді ықпалдастырып жаңаша сабақ жүргізу, оқу барысына өзгеріс енгізу. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына сенімсіздікпен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.

Тізбектелген төрт сабақтың барысында сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтарды талқылап , жауаптарын шешеді. Олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Сондықтан білім беру мен оқытудың бүгінгі таңдағы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі мен кәсіби шеберлігімен өзара байланысты екендігін түсіндім.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде өткен алғашқы сабағым: «Тоғыз құмалақ» ойыны. Сыни тұрғыдан ойлау модулінің қалай оқу керектігін үйрену әдісн басшылыққа ала отырып, оқушылардың бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауы үшін оқущыларды А,В,С деген топтарға бөлдім. Топ ішінен белсенді, ұйымдастыру қабілеті жоғары, жауапкершілігі бар оқушылардың қызметтерін бөліп алуды ұсындым. Үй тапсырмасында «Сиқырлы қалпақша» әдісін пайдаландым. Жаңа сабақты сыни тұрғыдан ойланту мақсатында оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі бойынша ашық сұрақтар қойдым. Жаңа сабақ барысында оқушыларға «Тоғыз құмалақ» ойынының жүру ережесімен таныстырдым. Тұздық алудағы мақсат – әрбір жүріс сайын отауға түсетін құмалақты өзіне алып отыру қажет екендігін оқушылар түсінді. Сабақты қорытындылау мақсатында кері байланысты жылдамдық сұрақтар арқылы орындадым.Сұрақтарды орындаған тапсырмалары бойынша топтар өздері құрастырып, бір-біріне сұрақтарын қойды. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін басшылыққа ала отырып, оқущылардың алған білімдерін бағалау мақсатында қалыптастырушы бағалау жүргіздім. Тақтаға әр топқа сабақ барысындағы тапсырмаларды кесте түрінде сызып қойдым. Әр орындалған тапсырмадан соң топтар бір-бірін смайликтер салынған стикерлер арқылы бағалады. Бағалау барысында ол топтың ерекшелігін, тапсырманы мұқият орындаған-орындамағаны, кеткен қателіктерін айтып, бір-бірін әділ бағалады.

Мектептегі тәжірибемдегі екінші сабағым «Баскетбол ойыны». Осы сабақта оқушыларға қажетті жағдайларды жасап, күрделенген жаттығуларды отрындата отырып, оқушыларды зерттеуге алуды өзіме мақсат еттім. Зерттеуге үш деңгейлі, яғни, А,В,С деңгейдегі оқушыларды анықтадым. Дәстүрлі сабақта сабақ түсіндіру мен жаттығуларды орындатумен ғана шектеліп, алдымдағы оқушыларымның ерекше қабілеті бар екендігін байқамаппын. Оқушыларды жақсы және төмен оқитын оқушы деп қана танитынмын. Ал енді жаңа әдіс-тәсілдерді сабағымда пайдалану маған көп септігін тигізді. Мен оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануға дағдыландыратын сұрақтар қоюға біртіндеп қалыптастым десем де болады, және осы сұрақтар арқылы оқушыларда да еркін ой, әлеуметтік көзқарас қалыптаса бастады. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Шәкірттерімнің жеткен әрбір жетістігі достарының да өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Олардың еңбегі әрдайым қалыптастырушы бағалау түрінде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтау сөздер айтылып отырды. Қалыптастырушы бағалау барысында оқушылардың жеткен жетістіктері мадақталып отырды. Себебі сыныптағы бағалау Александер (2011) айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Оқушылардың сабақ айту кезіндегі жіберіліп жатқан кемшіліктеріне қарамастан, олардың еңбегін, ынтасын мақтап-мадақтап формативті бағалап отырдым. Кемшіліктерді, яғни, қайсыбір қателіктерді өз беттерімен анықтауына талпындырдым. Ол үшін жаттығулар кезінде түрткі сұрақтар қойып, олардың әрі қарай терең ойлана жауап берулеріне, жан-жақты ізденулеріне бағыт-бағдар беріп отырдым. Топтық және жұптық жұмыстарда оқушылардың бойында қалыптасқан еркін ойын жетік білдіруі, бір-біріне сыни сұрақтар қою және қарым-қатынас артқандығын байқадым. Кері байланыста оқушылардың бойында сабақ ұнады, маған сабақта ағайдың жылы қабақ танытқаны және оқушылар еркін ойын білдіруі, сергіту сәтінде «әуенде билету» маған қатты әсер берді. Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, тапсырманы берсең, өздері ізденіп, талаптанып сол тапсырманы орындайтынын зерттедім. Ұстаздың мақсаты: шәкірттерін адам болуға баулу, әрбір пән, сабақ, тақырып осы мақсаттың құралы. Римдік философ Сенека Луций «Басқаларды үйрете біз өзіміз де үйренеміз. Мен де оқушыларыма үйрете жүріп өзім де үйренемін» демекші, «Баскетбол ойыны» сабағын «Таңертең қандай жағымды сөз естідің?» сергіту сәтімен бастадым.Сонда оқушылар сыни тұрғыдан ойланып күнделікті мән бермейтін жағымды сөздерді есіне түсіреді. Мысалы анасының,әкесінің,қоғамдық көліктегі адамдардың айтқан жағымды сөздерін есіне түсіреді. Жаңа сабақ барысында «Ой қозғау» әдісін пайдаландым. Бұл ойын «10 түрлі зат» деп аталды.Оқушыларға сұрақ қойдым. Айналатын,ретсіз,формасын өзгертетін, басуға болмайды,шайқайды,хош иісті,түсін өзгертерін,мұздататын,жылытуға болатын,араластыратын. Оқушылар терең ойлана отырып «ол су» деп жауап берді.

Тәжірибемдегі үшінші сабағым «Жеңіл атлетика». Бұл сабақта мен, жалпы оқушылар іс-әрекетін қадағалауды жүргіздім. Оқушыларды күнделікті бағалап отырдым. Эмоциялық және элеуметтік, когнитивті жақтарына назар салдым. Сабақ барысында қолданған әдіс-тәсілдерім оқушылардың ойларын жинақтап, кері байланыс жасауға, олардың сын тұрғысынан ойлауға жетелеуде, қарсы пікір айта білуге үйретті. Балалардың білім алуында, спорттық жаттығуларды дұрыс орындауында пікір алмасудың алатын орны ерекше деп ойлаймын. Пікір алмасу арқылы білімдерін толықтырып, жаттығулардың қыр-сырын біліп алды. Выгосткий оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Сабақ барысында бұрын соңды қолданбаған стратегиялар қолданғаным оқушыларды одан әрі қызықтыра түсті. Күнде маған келіп, бүгін қандай стратегия қолданамыз, қандай әрекет жасаймыз, топқа бөлінеміз бе деген сұрақтар оқушылар өзгеріске түскенін байқатты. Бұл да менің өзгергенім, әрі оларды да өзгерткенім деп ойлаймын. «Түсінгендіктің шын белгісі – «ия» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады» - деп Абуль-Фарадж әл-Исфахани айтқандай, оқушылардың жүзінен қуаныш сезімін байқау сабақты ұйымдастыра білуден байқалды. Сабақтың бірсарынды емес, әр түрлі әдіспен өтуі мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты одан әрі дамыта түседі екен. Сабақ барысында «Неге олай ойлайсың?»,»Қандай көңіл-күйдесің?» деген сұрақтар оларды алға жетелей түседі. Бұрындары кейбір оқушылар менімен ашық сөйлеспесе, өткізілген сабақтарымнан кейін оқушының маған деген көзқарасы өзгергенін байқадым.

Тәжірибемдегі төртінші сабағым «Волейбол ойыны». Оқушыларды еркін ұстауға тырыстым. Оқушы өзін сабақта еркін ұстаса, волейбол оынында бір-біріне пікір ұсынады. Ойын ережелерін бір-біріне өздері үйретіп отырады. «Еркін» екенін сезінген оқушы өзінің пікірі құнды екенін білді және өз ойын еш қысылмастан айтты. Оқушының өз пікірі, ішкі уәжі, қателескен кезде қорықпауы, яғни «Оқушы үні» де ескерілді. Сабақ барысында «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша оқушылардан үй тапсырмасын сұрадым. Сын тұрғысынан ойлайға үйреті мақсатында оқушыларға әртүрлі стратегиялар арқылы тапсырмалар бердім. Оқушылардың сыни бағалай алу қабілеттерін байқадым.

Қорытындылай келе, мен осы курс барысында жеті модуль идеясын ықпалдастыра отырып, сабақтарда оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін, топпен жұмыстың әр түрін, бағалау формаларын, диалог түрлерін, рефлексия жасауды, жазуды үйретемін деп ойлаймын. Стратегиялар қолдану арқылы оқущыларымды басқа қырынан көрдім. «Үнсіз оқушым» сабақ барысында топпен,жұппен жұмыс жасай алу мені үлкен нәтижеге жеткізді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі