Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Т.Ізтілеуов «Адамдық іс»

Материал туралы қысқаша түсінік
пм рпоррлр орлолорд
Материалдың қысқаша нұсқасы

т.ізтілеуов «адамдық іс» 17.10.2018


«Бекітемін»

Е.Әуелбеков атындағы дарынды

балаларға арналған №4 облыстық

мектеп-интернатының

тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары: А. Алпысова

«____» _________2018 жыл


«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «100 кітап» әлеуметтік жобасы аясында

10 «Ә» сыныбында Т.Ізтілеуов «Адамдық іс»

тақырыбында өткізілген ақпараттық сағаттың бағдарламасы


ӨТКІЗІЛЕТІН ЖЕРІ: Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты

ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ: 17 қазан, сағ. 17.20

ҚАТЫСАТЫН: Оқушылар, пән мұғалімдері

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

а) оқушылармен амандасу

ә) оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • «Қызығушылығын ояту» Т. Ізтілеуовтың өмірімен танысу

  • «Адамдық іс» өлеңі туралы

  • Өлеңмен жұмыс

  • Шығармашылық ізденіс туғызу


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

  • Кері байланыс.


















Мақсаты: Т.Ізтілеуов ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, «Адамдық іс» өлеңінің мән-мағынасын ашу, идеясын таныту. Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру; Пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Өлең құдіретін таныту.


Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейнекөрсетілім

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгелдеу,сабаққа дайындау

Video clip about Turmaganbet Izteleuov


Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің Т.Ізтілеуов «Адамдық іс» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 

Turmaganbet Izteleuov is a national poet, translator. He was born in Karmakshinsky district, Kyzylorda oblast, in the village of Lenin (currently Turmagambet village).

Тұрмағанбет Ізтілеуов (1882-1932) халық ақыны, аудармашы. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин атындағы кеңшарда (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. Алғаш Алдашбай ахуннан оқып, сауатын ашқан. Бұқара қаласында әуелі «Мир араб» (1896-1899), кейін «Көкелташ» медресесінде (1896-1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. «Көкелташ»медрісесінде тәжіктің классик жазушысы Садриддин Айнимен достасып, студенттер арасында қабырға газетін шығарып тұрған. Өзі медреседе оқып жүріп, Қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста «Шәкірттеріме», «Ұстаз ұсынысы», «Шөлмек» өлеңдерін жазған.

Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттерді негізге алып, «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану» сияқты оннан астам дастан жазған. Ақын 1936 жылы Ә.Фердаусидің «Шахнамасын» қазақ тіліне еркін аударма жасаған (40 мың жол). Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов,

Т.б жоғары бағаланған. Туындының «Рүстем-Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Қасиетті қармақшым», «Ғасырлар толқыны» жинақтарына енген (слайд бойынша суретпен жұмыс)

Сонымен қатар, Т.Ізтілеуов- айтыскер ақын. Оның біраз айтыстары көпшілікке белгілі. Сондықтан Жамбыл Жабаевпен өте жақын таныс болған.

«Адамдық іс» өлеңі

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.Оқушыларға мәнерлеп оқыту. Мәнерлеп оқу дағдысын мән беру.


Күн туса, қашады айдан-дағы,

Жарлы жақсы, қайырсыз байдан дағы;

Бұрынғы қариялардан қалған нақыл,

«бұл сөзді таптың, деме қайдан дағы?»

Тұлпардың тұқымының туымы бар,

Белгілі ат болуы тайдан дағы.

Алды аға, артта іні жетіп тұрса,

Жігітке ол бір құрал, сайман дағы.

Деген бар: «төртеу түгіл-төрге шығар!»

Төрің сол-бақыт құсытың айналғаны.

Алтау боп аузың ала бола қалса,

Дұшпанға құл боп анық байланбағы.

Кейбіреу сәл бақытқа мас болады.

Шабақтай шалпылдаған қайраңдағы.

Адамадық ісіңе жұрт аңсап тұрсың,

Не керек, қарынының құрт майланғаны?!

Көңіліне: «Мен де адаммын!» деп жүрген көп,

Кілегей майға ұқсаған айрандағы.



ҚОРЫТЫНДЫ: Бүгінгі тәрбие сағатында «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» Т.Ахтанов айтқандай Тұрмағамбет ақынды әркез естен шығармай, онық шығармашылығының қадір – қасиетін біліп жүруіміз керек.






Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп -интернатында 2018 жылдың 12-ші желтоқсан күні өткізілген Т. Ізтілеуов «Адамдық іс» тақырыбындағы танымдық сабағының

ХАТТАМАСЫ

Қатысуға тиісті : 21

Қатысқаны : 21

Күн тәртібінде

  1. Т. Ізтілеуов «Адамдық іс» тақырыбында өткізілген танымдық сабағының мақсаты мен жоспар бойынша өткізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру.

Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Бекзулда Назерке сөз алып, тәрбие сағатының мақсаты мен сабақ барысымен таныстырып өтті. Сабақтың мақсаты: халық ақыны, аудармашы Тұрмағанбет Ізтілеуовтың өмір жолы және шығармашылығымен таныстырып өлеңдеріі арқылы өскелең ұрпақты туған жерін бағалауға ыстық екендігін сезінуге, сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын ояту.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қаз әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан Т. Ізтілеуовтің шығармашылығымен таныстырды. «Шәкірттеріме», «Ұстаз ұсынысы», «Шөлмек» өлеңдерін жазған.

Шығыстық сюжеттерді негізге алып, «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану» сияқты оннан астам дастан жазған. Ақын 1936 жылы Ә.Фердаусидің «Шахнамасын» қазақ тіліне еркін аударма жасаған. Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов,

Т.б жоғары бағаланған. Туындының «Рүстем-Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Қасиетті қармақшым», «Ғасырлар толқыны» жинақтарына енгенін атап өтті.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2019
833
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12