
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ТЖБ 2-тоқсан 6-сынып
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым [10]
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырыңыз, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап,болжаңыз. Термин мен неологизмдерді орынды қолданып, жұбыңызбен диалог құрыңыз. [10]
1-мәтін
Бүгінгі Нұр-Сұлтан – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.
Нұр-Сұлтан – Қазақстанның астанасы. Ал, Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Отанымыздың көркем, сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – игіліктің нышаны деп білеміз. 1830 жылдың өзінде Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының ең алғашқы іргетасы қаланған болатын. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланды. Сосын Орынбор орталығымыз болды. Ал 1925 жылы Қазақстанның орталығы Орынбордан Ақмешітке көшірілді. 1929 жылдары Верный (Алматы) қаласына көшірілді. Содан соң Ақмола қаласы Астана болып 1998 жылы жарияланды.
Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», т.б. саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі.
2-мәтін
Бейбітшілік және келісім сарайы – Қазақстандағы достық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады. Жобаның авторы – белгілі британдық сәулетші Норман Фостер. Пирамида іргесі 62х62 метр, биіктігі 62 метр құрайды. Пирамиданың жоғарғы жағында суретші Брайан Кларктың шынайы өнер туындысы – қазақ жерінде тұратын ұлт өкілдерін бейнелейтін 130 кептер бейнесі бар витражды терезе безендіреді. Опера залындағы сахнаға арналған сарайдың ашылу рәсімінде әлемдік опера жұлдызы Монсеррат Кабалье болды. Сарайда 1302 орынға арналған «Атриум», «Бесік» залы, көрме залдары, «Құланшы» галереясы, баспасөз орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының этникалық мәдени орталықтары, сондай-ақ Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталықтары және Түркі Әлемі академиясы орналасқан.
Оқылым [10]
Тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстандағы ерекше ескерткіштер
Қазақстанда белгілі тұлғаларға қойылған ескерткіштерден өзге, айтулы оқиғалар мен тарихи оқиғаларға, мекен атауына қойылған ерекше ескерткіштер өте көп.
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған ескерткіш бар. Ескерткіш «Жастар» саябағында орналасқан. Мүсінді орнату үшін демеушілердің қолдауымен саябақ толық жөнделіп, абаттандыру жасалған. Махаббат символына айналған "Қыз Жібек пен Төлегенге" арналған ескерткіш Тараз қаласында орналасқан.
Астана қаласындағы қоладан жасалған қос ғашықтың мүсіні мәңгілік махаббат символын сипаттайды. Сонымен қатар Астана қаласының ғашықтар саябағында "Алтын жүрек" мүсіні бейнеленген.
2005 жылы Англияда "Болашақ" бағдарламасымен оқитын қос ғашық Болат Карентаев пен Айнұр Сүлейманова ұшақпен Қазақстанға қайтып келе жатады. Ақтауды бағыттаған ұшақ Бакуден ұша бергенде Каспий теңізіне құлап, апат болады. Су астынан қос ғашықтың бір-бірін қатты құшақтап жатқан мәйіті табылады. Екеуі бір белбеуді қапсыра байлап алған екен. Осы тебірентерлік оқиғаға орай және ғашықтардың символы ретінде марқұм Болаттың туып-өскен жері Тараз қаласында ескерткіш орнатылған.
Әр жәдігер адамға желпініс, әсер береді. Сондай-ақ, ол өз дәуірінің мәдениеті, өз дәуірінің белгісі, ұрпаққа қалған аманат. Ескерткіштер осымен құнды, ескерткіштерді қорғап, сақтау, ата-бабаларымыздың қалдырған мұраларын қастерлеп ұстау келер ұрпаққа жүктеу міндет болмақ», - дейді Қуаныш Шохаев.
1.Мәтінде неше адамның пікірі бар? [1]
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
2. Мәтін мазмұнында қанша оқиға баяндалған? [1]
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [2]
аймақ _______________________
мүсін _________________________
мерт болу ______________________
4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз. [3]
Негізгі ақпарат |
Қосымша ақпарат |
1. 2. 3.
|
1. 2. 3. |
5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3сөйлеммен жазыңыз. [3]
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Жазылым [10]
Тапсырма. Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.
1. «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» екендігін дәлелдеп аргументті эссе жазыңыз.
2. Кез келген тарихи тұлға туралы өмірбаян жазыңыз. Сөз көлемі 200-250сөз.
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл |
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы |
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
9-10 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. |
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады. |
7-8 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. |
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
5-6 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. |
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. |
3-4 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. |
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды. |
1-2 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. |
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады. |
|
|
|
Оқылым
№ |
Жауап |
Балл |
1 |
А) 1 |
1 |
2 |
С) 3 |
1 |
3 |
Аймақ, мекен Мүсін, жәдігер, ескерткіштер мерт болу, апат болу, марқұм болады |
2 |
4 |
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат 1. 1. 2. 2. 3 3. |
3 |
5 |
/Оқушы жауабы ескеріледі./ /Оқушы жауабы ескеріледі./ /Оқушы жауабы ескеріледі./ |
1 1 1 |
Жазылым
№ |
Балл |
Сипаттамасы |
1 |
9-10 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді. |
2 |
7-8 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды. |
5-6 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады. |
|
3-4 |
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді. |
|
1-2 |
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма |
Қамтылатын мақсаттар |
Тапсырмалар сипаттамасы |
Балл |
1 |
6.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру 6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу 6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау |
Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізеді. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. |
10 |
2-4 |
6. 2.3.1 - ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату 6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру |
Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады. Ауызекі және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. |
10 |
5-6 |
6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу 6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі) 6.4.3.1 -көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу |
Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Бірінші жұмыста жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, берілген жазба жұмысын жазады. Екінші жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазуы бағаланады. |
10 |
Барлығы |
|
|
30 |

