2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / ТЖБ 3-тоқсан қазақ тілі 8-сынып

ТЖБ 3-тоқсан қазақ тілі 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа арналған ТЖБ тапсырмалары 3-тоқсан
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

8-сынып ІІІ тоқсан ТЖБ қазақ тілі пәні Оқушының аты- жөні_________________________

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша

«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер «Синтаксис», «Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң Синтаксис» бөлімдері бойынша

тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлім

Оқу мақсаттары

Тапсырма түрлері

Тыңдалым және айтылым

8.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.

Толық

жауапты

қажет ететін

сұрақтар

Оқылым және әдеби тіл

нормалары

8.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу;

8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

8.4.4.3 - сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана білу.

Көп таңдауы

бар сұрақтар

Жазылым және əдеби

тіл нормалары

8.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу

8.4.4.4 - жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану.

Толық жауапты

қажет ететін

сұрақтар


ТЫҢДАЛЫМ, АЙТЫЛЫМ

ТShape1

[3]

апсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. "Маңызды пирамида" әдісімен мәтіндегі ақпараттың маңыздылығына қарай (төменнен жоғары қарай) орналастырыңыз.

Shape2

Маңыздылығы жоғары:



Shape3 Shape4

Маңыздылығы орташа:






[2]


Shape6 Shape5

[2]

Маңыздылығы төмен:









Тыңдалым мәтіні.

Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер кітабы - Қызыл кітап. Оның мұқабасының тысы қызыл. Бұл түстің таңдалып алынуы кездейсоқ емес. Қызыл түс үрейдің, қауіп-қатердің белгісі іспетті ғой. Аталмыш кітапты шығару туралы пікірді алғаш рет ұсынған ағылшын ғалымы Питер Скотт.


Кітап жер бетінен жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің жоғалып кету қаупі төнгенін алдын ала ескертеді. Мәселен, керіктер, орангутандар, қолтырауындар, жолбарыстар, қабыландар өте сирек ұшырасатын болды. Олар Қызыл кітапқа жазылып, қорғауға алынды.

Еліміздің Қызыл кітабына тау барысы мен қоқи қаз, құлан мен бүркіт, қарақұйрық пен ақ тырна, бұқар бұғысы мен аққулар, тағы басқа толып жатқан аңдар мен құстар енгізілген. Кезінде жабайы бұқалар - зубрларды қорғап қалғаны сияқты, бұл жануарларды да қорғауға тырысып жатыр және міндетті түрде қорғап қалады.

Зоолог мамандардың айтуынша, өзен кәмшаты, қара кірпі, ала жертесер, аққұйрық, үлкен мықи, тұрымтай, жұмбақ шыбыншы, әсем шымшық түр­лері популя­циялары мөлшерден тыс көбейгендіктен «Қызыл кітаптың» үшінші басылымына енгізілмей, тізімнен шығарылған.

1927 жылы бүкіл дүние жүзінде бар болғаны 48 ғана зубр сақталып қалған еді, олардың өзі де бостандықта емес, әр елдің хайуаннаттар паркінде жүрген. Ал қазір тек біздің елдің ормандарында ғана бұл жүндес алып хайуандардың мыңнан астамы жайылып жүр. Бұл - зубрларды көптен бері қорғауға алғанның пайдасы. Оларды аулауға тыйым салынған. Қорық қызметкерлері олардың әрқайсысының денсаулығын бақылайды, жұтаң қыстарда шөп беріп қоректендіреді.

Құндызды да біржола құрып кетуден сақтап қала алдық. Бейшара құндыздарды XX ғасырдың басына таман оның терісіне бола мүлдем қырып бітіруге таяп еді. Бірнеше жүз аң бұл апаттан кездейсоқ аман қалған. Адам қамқорлығының арқасында олар қазір мыңдап саналады.

Біз тек жануарлар мен өсімдіктерді ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоршаған ортаны - өзендерді, көлдерді, ормандарды да қорғаймыз. Судың таза болуының қамын жасаймыз - оны өзіміз ішеміз ғой. Ауаның таза болу қамын ойлаймыз - онымен өзіміз тыныстаймыз ғой. Бізде табиғатты қорғау туралы заң бар, оны бұзуға ешкімге рұқсат жоқ.

Құс ұясын алыстан бақылайсың ба - құп. Ал оларға тиюге, тіпті жақындауға - рұқсат жоқ!

Құмырсқаның илеуін бақылайсың ба - құп! Ал оны талқандауға - рұқсат жоқ! Құмырсқалардың орманға тигізетін пайдасы зор: олар ағаштар үшін зиянды жәндіктердің ұрықтарын жояды.



2. «Хайуанатқа жасаған қиянатың – бауырыңа жасаған опасыздық!» деген жолдарды қалай түсінесіңдер? Мәтіндегі негізгі ойды анықтай отырып, сұраққа жауап беріңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

/3 ұпай/


ОҚЫЛЫМ

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Өзіміз өмір сүріп, күнделікті тіршілік қажетімізге пайдаланып отырған табиғатты қорғау және оның сан алуан байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Табиғаттағы тіршілік атаулы бір - бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Оның бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екіншісіне әсер етеді. Бұл тіршілік тізбегі ұзақ дәуірлерде бірте - бірте қалыптасқан, оны ғылыми түрде табиғи тепе - теңдік деп атайды. Олай болса, табиғатта тіршілік тізбегі мен адамның іс - әрекетінің арасында белгілі бір үндестік пен үйлесімділіктің сақталуы тиіс. Олай болмағанда, адам өз іс - әрекетін болжауға болмайтын орасан зиянды зардап шегері сөзсіз.

Табиғат дегеніміз – құбылыстар туралы білімдер негізі. Табиғатпен егесу, оған зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды. Табиғатқа ұқыпты қарау және үлкен жауапкершілік сезім мен табиғат қорғауға дұрыс көзқарас әрбір адамның бала кезінен алған тәлім - тәрбиесіне, біліміне, көрген өнегесіне тікелей байланысты.

Табиғатты бақылау, зерттеу, оны қорғау, тексеру, оның сырын шешу, жалпы айтқанда, ғылымның көркі де сонда, ділі де, адамдардың өмірі де сонда. Сондықтан табиғат қорғау шаралары: өндіріс орындарында тазалаушы қондырғылар орнату, зияны аз деген отын пайдалану, қалдықсыз технологияға көшу, жерді биологиялық түрлерге пайдалану, флора мен фаунаның жойылып кетпеуін қадағалау және экологиялық білімді тереңдету қажет.

Қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау үшін адамның, менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасына жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтармен таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықты жою – үкіметіміздің халық арасында жүргізетін маңызды мәселелеріне айналуы тиіс. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми негіздері қазақ халқының табиғатпен қарым - қатынас үстінде туған тарихи көзқарасы мен салт - дәстүрінен бастау алады. Осыған орай өңірлік экологиялық проблемаларды әсіресе физика, химия, биология, география сабақтарында жастардың санасына сіңіре білу маңызды.

https://bilimdiler.kz/tarbie-sagaty/4356-tabigat-korshagan-orta-emes-tabigat-bizdin-ozimiz.html


1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. /2 ұпай/ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Мәтіндегі ақпаратты талдаңыз. /4 ұпай/

Мәтіндік зерттеу

Мәтіндегі көтерілген мәселе.



Белгісіз және белгілі мәліметтер.


Мәтіннен өмірлік қағида шығар.


Тәрбиелік мәні бар қорытынды жаса.



3. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңыз және сызба түрінде көрсетіңіз. /2 ұпай/

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Берілген сөйлемдерден сөйлемнің бірыңғай мүшелерін анықтаңыз, қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықтаңыз. /2 ұпай/

Табиғатты бақылау, зерттеу, оны қорғау, тексеру, оның сырын шешу, жалпы айтқанда, ғылымның көркі де сонда, ділі де, адамдардың өмірі де сонда. Осыған орай өңірлік экологиялық проблемаларды әсіресе физика, химия, биология, география сабақтарында жастардың санасына сіңіре білу маңызды. Табиғатқа ұқыпты қарау және үлкен жауапкершілік сезім мен табиғат қорғауға дұрыс көзқарас әрбір адамның бала кезінен алған тәлім-тәрбиесіне, біліміне, көрген өнегесіне тікелей байланысты.

Бірыңғай мүшелер

Атқаратын қызметі











ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. /10 ұпай/

Сұраққа жауап бере отырып, берілген суреттерге қатысты әңгіме құрастырыңдар. Әңгімелеріңде айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті , бұйрықты сөйлемдерді қолданыңдар (сөз саны – 90-100).

  • Бала құқығы туралы Конвенцияның балалар құқығын қорғауда қандай маңызы бар?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дұрыс жауаптар!

ТЫҢДАЛЫМ, АЙТЫЛЫМ

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. "Маңызды пирамида" әдісімен мәтіндегі ақпараттың маңыздылығына қарай (төменнен жоғары қарай) орналастырыңыз.

Shape7 Shape8

Маңыздылығы жоғары: Адам қамқорлығының арқасында олар қазір мыңдап саналады.

Біз тек жануарлар мен өсімдіктерді ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоршаған ортаны - өзендерді, көлдерді, ормандарды да қорғаймыз. Судың таза болуының қамын жасаймыз - оны өзіміз ішеміз ғой. Ауаның таза болу қамын ойлаймыз - онымен өзіміз тыныстаймыз ғой. Бізде табиғатты қорғау туралы заң бар, оны бұзуға ешкімге рұқсат жоқ.

Кітап жер бетінен жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің жоғалып кету қаупі төнгенін алдын ала ескертеді.


[3]





Shape9

Маңыздылығы орташа: Аталмыш кітапты шығару туралы пікірді алғаш рет ұсынған ағылшын ғалымы Питер Скотт.


Shape10

[2]



Shape11

Маңыздылығы төмен: Зоолог мамандардың айтуынша, өзен кәмшаты, қара кірпі, ала жертесер, аққұйрық, үлкен мықи, тұрымтай, жұмбақ шыбыншы, әсем шымшық түр­лері популя­циялары мөлшерден тыс көбейгендіктен «Қызыл кітаптың» үшінші басылымына енгізілмей, тізімнен шығарылған.


Shape12

[2]






2. «Хайуанатқа жасаған қиянатың – бауырыңа жасаған опасыздық!» деген жолдарды қалай түсінесіңдер? Мәтіндегі негізгі ойды анықтай отырып, сұраққа жауап беріңіз.

Табиғат пен адам арасындағы үндестікті, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы қаншама рет айтылса да, қоғамдағы кейбір адамдар түсінер емес. Қандай да болсын, табиғатқа жасалатын зорлық-зомбылықтан бас тарту қажет.

/3 ұпай/


1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. /2 ұпай/

Табиғатты қорғау, тіршілік тізбегі, үндестік пен үйлесімділік, табиғатқа ұқыпты қарау, экологиялық сауатсыздықты жою.


2. Мәтіндегі ақпаратты талдаңыз. /4 ұпай/

Мәтіндік зерттеу

Мәтіндегі көтерілген мәселе.

Табиғат пен адамның арасындағы байланыс.


Белгісіз және белгілі мәліметтер.

Белгілі: Табиғатта тіршілік тізбегі мен адамның іс - әрекетінің арасында белгілі бір үндестік пен үйлесімділіктің сақталуы тиіс.

Белгісіз: Флора мен фаунаның жойылып кетпеуін қадағалау және экологиялық білімді тереңдету қажет.

Мәтіннен өмірлік қағида шығар.

Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі.


Тәрбиелік мәні бар қорытынды жаса.

Табиғатта тіршілік тізбегі мен адамның іс - әрекетінің арасында белгілі бір үндестік пен үйлесімділіктің сақталуы тиіс. Олай болмағанда, адам өз іс - әрекетін болжауға болмайтын орасан зиянды зардап шегері сөзсіз.


3. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңыз және сызба түрінде көрсетіңіз. /анықтауыш/ /2 ұпай/

Табиғат дегеніміз – құбылыстар туралы білімдер негізі.


4. Берілген сөйлемдерден сөйлемнің бірыңғай мүшелерін анықтаңыз, қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықтаңыз. /2 ұпай/


Бірыңғай мүшелер

Атқаратын қызметі

Табиғатты бақылау, зерттеу, оны қорғау, тексеру, оның сырын шешу, жалпы айтқанда, ғылымның көркі де сонда, ділі де, адамдардың өмірі де сонда.

Біріңғай баяндауыш

Біріңғай бастауыш

Осыған орай өңірлік экологиялық проблемаларды әсіресе физика, химия, биология, география сабақтарында жастардың санасына сіңіре білу маңызды.


Біріңғай толықтауыш

Табиғатқа ұқыпты қарау және үлкен жауапкершілік сезім мен табиғат қорғауға дұрыс көзқарас әрбір адамның бала кезінен алған тәлім-тәрбиесіне, біліміне, көрген өнегесіне тікелей байланысты.


Біріңғай бастауыш



Біріңғай толықтауыш



ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. /10 ұпай/

Сұраққа жауап бере отырып, берілген суреттерге қатысты әңгіме құрастырыңдар. Әңгімелеріңде айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті , бұйрықты сөйлемдерді қолданыңдар (сөз саны – 90-100).

  • Бала құқығы туралы Конвенцияның балалар құқығын қорғауда қандай маңызы бар?

Кез — келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғалуда болуы керек. Мемлекеттің ең қымбат болашағы — балалар. Сондықтан да баланың өмірі қалай, қаншалықты қалыптасқандығына, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын қорғау сұрақтары кез-келген мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болуы қажет.

Әлем балаларының ең қасиетті құқығы — өмір сүру құқығы. «Мемлекет бала денсаулығын және максималды ықтимал дәрежеде өмірін сақтап қалуға міндетті»- бұл норма Бала құқығын қорғау туралы конвенцияның 6-ншы бабында көрсетілген. Әрбір өкіметтің, мемлекеттің қасиетті міндеті бала өмірін қорғау және көркейту болып табылады. Баланың өмір сүру құқығын жариялайтын нақ осы қасиетті нормадан, конвенцияның басқа нормалары бастау алады.

Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың барлығы да бірдей маңызды және де оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес.

Әрбір бала нәсіліне, терінің түсіне, жынысына, тіліне, дініне, әл-ауқаты мен әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, осы Конвенцияда көрсетілген барлық құқықтарға ие. Ешкімді кемсітуге болмайды. Әрбір баланың өмір сүруге құқығы бар, және үкімет баланың психикалық, эмоциялық, ақыл-ой, әлеуметтік және мәдени деңгейін қолдай отырып, оның аман-есен, сау болып дамуын қамтамасыз етуге міндетті.

Ата-аналар бала тәрбиесі мен дамуына бірдей жауапты. Үкімет ата-аналарға баланы тәрбиелеу мен дамытуда көмек көрсетіп, сондай-ақ балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етуі керек. Әрбір бала өз денсаулығың сақтау үшін дәрігерлік көмек алуға, таза су ішуге, таза және қауіпсіз ортада өмір сүруге және толыққанды тамақтануға құқығы бар. Барлық ересек адамдар мен балалар денсаулықты сақтау жайында толық ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Балалар өздерінің толыққанды дамуы үшін тамаққа, киімге және қауіпсіз тұрғын жайға құқығы бар. Үкімет бұл құқықты жүзеге асыруға мүмкіндіктері жоқ отбасылар мен балаларға көмектесуі тиіс.

Әрбір бала білім алуға, мектепке баруға құқылы. Бастапқы білім алу тегін болуы тиіс. Ал одан кейінгі берілетін білім әрбір бала үшін қолжетімді болуы керек. Мектепте бала құқықтары толық қорғалып, оның адами қадір-қасиеті құрметтелуі керек.





Жариялаған:
Нурбайқызы Жайна
17 Наурыз 2025
210
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі