Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ТЖБ 3-тоқсан қазақ тілі 9-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
9-сынып ІІІ тоқсан ТЖБ қазақ тілі пәні Код_________________
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша
«Отбасы және демографиялық өзгеріс. Синтаксис»,
«Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис»,
«Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис» бөлімдері бойынша
тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім |
Оқу мақсаттары |
Тапсырма түрлері |
Балл |
Тыңдалым және айтылым |
9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу; 9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау; 9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту. |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
10 |
Оқылым және әдеби тіл нормалары |
9.2.1.1 тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу; 9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу. 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану. |
Көп таңдауы бар сұрақтар |
10 |
Жазылым және əдеби тіл нормалары |
9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе); 9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану. |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
10 |
|
|
Барлығы |
30 |
ТЫҢДАЛЫМ, АЙТЫЛЫМ
Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тыңдалым мәтіні.
Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары
Жаңа Қазақ елі үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Қaзір кімде-кімнен oның отбaсында қaндай дәстүрлер бар және олар қаншалықты маңызды деп сұрасаңыз, әрбірі басын шайқап, иығын көтереді. Не жауап берелерін білмейді.
Білесіз бе, балалар отбасында ата-ана құрып берген әлемде өседі. Оны қызықсыз және тартымсыз етіп, сондай-ақ жарқын және толыққанды етіп жасауға болады. Болады! Жай ғана жұмыс істеп, мәңгі уақыт таппауға да болады. Шаршап келіп, теледидар алдында отыруға да болады. Бірақ, баланың болашағы маңызды емес пе?
Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі – әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулыйды.
Демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы.
Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Ал ұлттық құндылықтар дегеніміз не?
Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән, адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі: Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде отбасында атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды.
Тапсырма. "Маңызды пирамида" әдісімен мәтіндегі ақпараттың маңыздылығына қарай (төменнен жоғары қарай) орналастырыңыз.
Маңыздылығы жоғары:
[4]
[3]
Маңыздылығы орташа:
Маңыздылығы төмен:
[3]
ОҚЫЛЫМ
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
ГМО (гендік модификацияланған организмдер) – гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ, ГМО бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады. Мысалы, шетелдерден тасымалданатын шие мен қытай қиярына шошқаның гені қосылады екен.
Америка 1983 жылы биологиялық қару жасау барысында ең алғашқы гендік модификацияланған өсімдіктерді өндірген. Сосын гендік модификация 1986 жылы өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылған. Бұл сол кездері ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі болатын. 1994 жылы тасымалдау кезінде бұзылмай сақталатын қызанақтар өндірілді.
ГМО-ның пайда болуының себебін ғалымдар жер шарында адам санының жыл санап жедел қарқынмен өсіп келе жатқанымен байланыстырады. Статистикаға көз жүгіртетін болсақ, 1800 жылы жер бетіндегі адам саны 1 миллиард, 1929 жылы 2 миллиард болса, соңғы 50 жылдың ішінде 7 миллиардқа дейін өскен. Ал 2050 жылға дейін 9,5–11 миллиард адамға көбейеді деген болжам бар. Жер шары осыншама адамды
асырай алмауы мүмкін. Сондықтан да ғалымдар ГМО арқылы әлем тұрғындарын аштықтан аман алып қалудың жолын тапқан сыңайлы.
Шаруашылықта ГМО-ның пайдасы өте көп. Атап айтсақ, тағамның дәмділігі мен сапасы артады, тез пісіп, жетілуін жеделдетеді, құнарлылығы жоғарылайды, ұзақ уақыт сақтауға болады, құрт түсуден, зиянды ағзалардан сақтайды, ең бастысы, жаңаша өсіру технологиясы арқылы жаңа түр алуға болады. Дегенмен ГМО-ның зияны да көп деп ойлаймыз: аллергия ауруын туындатады, иммунитет әлсірейді, зат алмасу қызметі нашарлайды, қатерлі ісік ауруы пайда болуы мүмкін.
ГМО тағамдары адамды семіздікке ұрындырады. Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде 1,9 миллиард адам артық салмақтан арыла алмай келеді.
Қазіргі таңда көптеген елдер гендік модификацияланған өнімдерден бас тарту туралы заңдар қабылдаған. Аустрия, Грекия, Польша, Швейцария, Венесуэла ГМО өнімдерінен мүлдем бас тартты. Басқа батыс елдерінің тұрғындары ГМО-ны азық етуге мәжбүр, өйткені экологиялық жағынан таза өнімдерді қарапайым халықтың қалтасы көтермейтін көрінеді. Қазақстанда жағдай өзгеріссіз күйінде. 2000 жылы био қауіпсіздік туралы Картахен келісімі қабылданғаны мәлім. Бұл құжатта көптеген мемлекеттің ГМО өнімдеріне қатысты көзқарастары белгіленіп, 166 мемлекет қол қойған. Сол елдердің ішінде Қазақстан да бар. Құжатта көрсетілгендей өнімнің зияндылығы дәлелденген жағдайда кез келген гендік тұрғыда өзгертілген өнім зиян деп танылады.
https://egemen.kz/article/186678-gendik-indgeneriya-bugini-men-keleshegi
1.Мәтіндегі сандық деректерді анықтаңыз. /6 ұпай/
Мәліметтер |
Сандық деректер |
Американың гендік модификациялауды қолдану себептері |
|
ГМО-ның пайда болуының себебін ғалымдар жер шарында адам санының жыл санап жедел қарқынмен өсіп келе жатқанымен байланыстырады. |
|
ГМО тағамдары адамды семіздікке ұрындырады. |
|
Қазақстандағы гендік модификация |
|
2. Мәтіндегі асты сызылып, қарамен берілген сөйлемдерді салалас құрмаластың түріне ажыратыңыз. /4 ұпай/
Сөйлемдер |
Салаластың түрі |
Жасалу жолы |
ГМО-ның зияны да көп деп ойлаймыз: аллергия ауруын туындатады, иммунитет әлсірейді, зат алмасу қызметі нашарлайды, қатерлі ісік ауруы пайда болуы мүмкін. |
|
|
Басқа батыс елдерінің тұрғындары ГМО-ны азық етуге мәжбүр, өйткені экологиялық жағынан таза өнімдерді қарапайым халықтың қалтасы көтермейтін көрінеді. |
|
|
ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз. Орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. Аргументативті эссе жазыңыз.
/10 ұпай/
1.«Адамдардың биотехнология ғылымына деген сұранысы төмендеуі мүмкін бе?» тақырыбында аргументті эссе жазыңдар. Сөз са ны – 120–150.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының адам өмірінде атқаратын рөлі қандай?» тақырыбында аргументті эссе жазыңдар. Сөз саны – 120–150.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ТЫҢДАЛЫМ, АЙТЫЛЫМ |
|
|
1 |
Мәтінді мұқият тыңдайды. "Маңызды пирамида" әдісімен мәтіндегі ақпараттың маңыздылығына қарай орналастырады. |
1
|
|
Маңыздылығы жоғары ақпаратты анықтайды; |
1 1 1 |
|
Маңыздылығы орташа ақпаратты анықтайды; |
1 1 1 |
2 |
Маңыздылығы төмен ақпаратты анықтайды; |
1 1 1 |
|
Барлығы |
10 |
ОҚЫЛЫМ |
|
|
1 |
Мәтінді оқып, мәтіндегі сандық деректерді анықтайды; |
1 1 |
2 |
Сандық деректерге түсініктеме береді; |
1 1 |
3 |
Мәтіндік зерттеу жүргізеді; |
1 1 |
4 |
Мәтіндегі асты сызылып, қарамен берілген сөйлемдерді салалас құрмаластың түріне ажыратады; |
1 1 |
5 |
Жасалу жолын анықтайды. |
1 1 |
|
Барлығы |
10 |
ЖАЗЫЛЫМ |
450 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |