2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / ТЖБ . 7-сынып. Қазақ тілі.Арман Пв жаңа баспа 2025ж ІІІ-тоқсан

ТЖБ . 7-сынып. Қазақ тілі.Арман Пв жаңа баспа 2025ж ІІІ-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ. ІІІ-тоқсан. Қазақ тілі. 7-сынып
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

7-сынып ІІІ тоқсан ТЖБ қазақ тілі пәні Код_________________

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша

«Ғаламтор ғаламаты », «Қазақстандағы ұлттар достастығы»,

«Дұрыс тамақтану»

бөлімдері бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлім

Оқу мақсаттары

Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым және айтылым

7.1.1.1 Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

7.4.4.1.Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Толық

жауапты

қажет ететін

сұрақтар

10

Оқылым және әдеби тіл

нормалары

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.4.4.2 Еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну.

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану

Көп таңдауы

бар сұрақтар

10

Жазылым және əдеби

тіл нормалары

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану;

7.4.4.4 Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану.

Толық жауапты

қажет ететін

сұрақтар

10



Барлығы

30


ТЫҢДАЛЫМ, АЙТЫЛЫМ

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытып, өз нұсқаңызбен салыстырыңыз, әңгімені аяқтаңыз.


1. Әлеуметтік желі қажеттілік пе, әлде тәуелділік пе?Сұраққа жауап беріп, өз ойыңызды білдіріңіз.

/3 ұпай/ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Бүгінгі таңдағы балалар арасындағы талма, ашушаңдық, жүйке жүйесінің әлсіздігі осы компьютерлік ойынға тәуелділіктің салдарынан деуге болады. Сондықтан баланы барынша телефоннан алшақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға баулыған жөн. Әрине технологияның дамыған заманында компьютер және ұялы телефонды мүлдем қолданбау мүмкін емес. Десе де, баланы белгіленген уақытқа үйрету қажет. Яғни мектеп жасындағы балаға 10-15 минуттан, күндігіне 30 минут қолдану жеткілікті


Ойды аяқтаңыз. /3ұпай/

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3. Мәтіндегі етістіктерді анықтап, астын сызыңдар. Етістіктерді осы шақ, өткен шақ, келер шақ формаларына ажыратып, кестеге жазыңдар. /4 балл/

Жеделхат – телеграф арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Ақпаратты жедел жеткізудің факс, ғаламтор сияқты түрлері болғанымен, жеделхаттар әлі де өз маңызын жойған жоқ. Себебі хат ұзақ жүреді, ғаламтор мен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз чертеж я сурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Телефон арқылы жүргізілетін әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылмақ.

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ












ОҚЫЛЫМ

1-тапсырма. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.

/6 ұпай/

1-мәтін

Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,

Парыз екен бəріне айту алғыс.

Өмір берген, жан берген, қуат берген,

Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!


Күндіз-түні еркелеткен күнім деп,

Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп.

Ақ жаулығы желбіреген апатай,

1000 алғысын айтады күнің кеп!


Немере ыстық екен баласынан,

Аташым, артықсың сен бар асылдан.

Алғысты бір өзіңе жаудырамын,

Көзіңнің санадың артық қарасынан!


Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,

Өзіңдей асыл жанды кім көрген.

Алғысым шексіз саған, жаным анам,

Əрқашан тілеуімді тілеп жүрген!


Қашанда қарыздармын, əке, саған,

Əрқашан мейіріміңді төктің маған.

Жүректің арнап ыстық махаббатын,

Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!


Ағайын тату болса, ас көп” деген,

Жақсылықта əрқашан бірге жүрген.

Ағайын, бауырларға 1000 рахмет,

Қиналғанда бір-бірін демеп жүрген!


Ұстазым, сөзің асыл баға жетпес,

Əр сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.

Шəкіртін баласындай қадірлеген,

Ұстазым, 1000 алғыс та саған жетпес!


Дос дегенің- бауырың, ол сырласың,

Қиналғанда сырыңды айтар мұңдасың.

Шын достыққа тең келмейді ештеңе,

Алғыс айтып, достық жыры жырлансын!

2-мәтін.

Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Екі мәтіннің ұқсастығы


Екі мәтіннің айырмашылығы

1-мәтін.

2-мәтін.



Түрі

Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі:

1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді.

2) Тірек сөздері – етістіктерден болады.

3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады.

Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады.

Сипаттау мәтінінің ерекшелігі:

1) Сөйлемдер заттың түр – түсін, қасиетін суреттейді.

2) Сипаттау мәтіні « Қандай?» деген сұраққа жауап береді.

3) Тірек сөздер – сын есімдерден болады.

Пайымдау мәтінінің ерекшелігі:

1) Пайымдау мәтіні « Неліктен?» деген сұраққа жауап береді.

2) Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.

3) Тірек сөздері – “өйткені”, “себебі”, “біріншіден “, “екіншіден,”— деген сөздер

1-мәтін.

2-мәтін.


Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)

1-мәтін.

2-мәтін.


Стилі

1-мәтін.

2-мәтін.


Тілі

Антоним:




Тұрақты тіркестер:




Мақал:



Эпитет:



Теңеу:



Қаратпа сөздер:




Перифразалар:




Эпитет:




Тұрақты тіркес:





Бірыңғай мүшелер:






2-тапсырма. Көп нүктенің орнына еліктеу сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар. /2 ұпай/

Ит ... ... үрді. Асан ... қарады. Машина ... тоқтады. Жүрегім ... ете қалды. Далада бірнәрсе ... етіп құлады. Көзі ... ете қалды. Ол орнына ... етіп отыра кетті. Қардың беті ... ... етеді. Олар ... ... күлді.


Керекті сөздер: Зу, дүрс, арс-арс, қарқ-қарқ, кілт, сылқ, жарқ, жалт, жалт-жұлт.

3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, ой түйіндеңдер. Мәтіндегі шылауларды анықтап, астын сызыңдар. /2 ұпай/

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Дұрыс тамақтану ережелері:

Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;

Тамақты асықпай әрі мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;

Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.



ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

Төменде берілген жағдаятқа шылаулар мен одағайларды қатыстырып, диалог құрыңдар.


Айдос пен қарындасы Жазира азық-түлік дүкеніне нан алуға кірді. Жазира қалған ақшаға чипс алуын өтініп тұр. Айдостың жауабы...



ТЫҢДАЛЫМ, АЙТЫЛЫМ



1

Мәтінді мұқият тыңдайды. Әрі қарай оқиғаны өз сөзімен дамытып айтады, өз нұсқасымен салыстырады,

1


Өз ойымен мәтіннің жалғасын жазады;

1

1


Мәтіндегі ойды аяқтайды;

1

1

1

2

Мәтіндегі етістіктерді анықтап, астын сызады;

1

1


Етістіктерді осы шақ, өткен шақ, келер шақ формаларына ажыратып, кестеге жазады.

1

1


Барлығы

10

ОҚЫЛЫМ



1

Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығын және айырмашылығын сараптайды;

1

1

2

Мәтіндердің түрін анықтайды;

1

3

Мәтіндердің көзделген аудиториясын анықтайды;

1

4

Мәтіндердің стиліне тән ерекшеліктерін анықтайды;

1

5

Мәтіндерді тілдік ерекшелігіне талдайды.

1


Көп нүктенің орнына еліктеу сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

1

1


Мәтінді мұқият оқып, ой түйіндеңдер. Мәтіндегі шылауларды анықтап, астын сызыңдар.

1

1


Барлығы

10

ЖАЗЫЛЫМ




-тақырыптың мазмұнын ашады;

1


-өмірден мысалдар келтіреді;

1


- диалог құрастырады;

1


- диалог құрылымын сақтайды;

1


- жағдаяттан шығады;

1

1


- дұрыс тамақтанудың қағидасын біледі;

1


- шылауларды қатыстырады;

1


- одағайларды қатыстырады;;

1


- өз ойын жүйелі жеткізе алады;

1


Барлығы

10


Дұрыс жауаптар!

7-сынып ІІІ тоқсан ТЖБ қазақ тілі пәні Код_________________

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша

«Ғаламтор және әлеуметтік желілер», «Қазақстандағы ұлттар достастығы»,

«Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар»

бөлімдері бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлім

Оқу мақсаттары

Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым және айтылым

7.1.1.1 Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

7.4.4.1.Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Толық

жауапты

қажет ететін

сұрақтар

10

Оқылым және әдеби тіл

нормалары

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.4.4.2 Еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну.

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану

Көп таңдауы

бар сұрақтар

10

Жазылым және əдеби

тіл нормалары

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану;

7.4.4.4 Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану.

Толық жауапты

қажет ететін

сұрақтар

10



Барлығы

30


ТЫҢДАЛЫМ, АЙТЫЛЫМ

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Әрі қарай оқиғаны өз сөзіңізбен дамытып, өз нұсқаңызбен салыстырыңыз, әңгімені аяқтаңыз.


1. Әлеуметтік желі қажеттілік пе, әлде тәуелділік пе?Сұраққа жауап беріп, өз ойыңызды білдіріңіз.

/3 ұпай/

Расында, қазір балардың әлеуметтік желіге тәуелділігі сонша - баланың бойында мейірімділік, бауырмалдық сынды қасиеттер жоғалып, орнын өшпенділік қатыгездік жаулап бала қоғамнан алшақтай бастайды.Бұл баланың психологиясын уласа, екіншіден физикалық дамуы жағынан тежеледі. Бұл көріністі смартфонға жақын әрбір отбасынан көруге болады.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Бүгінгі таңдағы балалар арасындағы талма, ашушаңдық, жүйке жүйесінің әлсіздігі осы компьютерлік ойынға тәуелділіктің салдарынан деуге болады. Сондықтан баланы барынша телефоннан алшақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстануға баулыған жөн. Әрине технологияның дамыған заманында компьютер және ұялы телефонды мүлдем қолданбау мүмкін емес. Десе де, баланы белгіленген уақытқа үйрету қажет. Яғни мектеп жасындағы балаға 10-15 минуттан, күндігіне 30 минут қолдану жеткілікті


Ойды аяқтаңыз. /3ұпай/


Біз - еліміздің болашағымыз. Сондықтан да өз болашағымызға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.. Қалай болғанда да әлеуметтік желінің пайдасы да, зияны да бар. Біз тек пайдалысын алып, зиянынан алыстап отырғанымыз абзал.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Мәтіндегі етістіктерді анықтап, астын сызыңдар. Етістіктерді осы шақ, өткен шақ, келер шақ формаларына ажыратып, кестеге жазыңдар. /4 балл/

Жеделхат – телеграф арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Ақпаратты жедел жеткізудің факс, ғаламтор сияқты түрлері болғанымен, жеделхаттар әлі де өз маңызын жойған жоқ. Себебі хат ұзақ жүреді, ғаламтор мен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз чертеж я сурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Телефон арқылы жүргізілетін әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылмақ.

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Жүреді (ауыспалы осы шақ)

қоя алмайсың(ауыспалы осы шақ)


Берілетін(ауыспалы өткен шақ)

Болғанымен (бұрынғы өткен шақ)

жойған жоқ (бұрынғы өткен шақ)

жібермейтін (ауыспалы өткен шақ)

жүргізілетін (ауыспалы өткен шақ)

Табылмақ (мақсатты келер шақ)


ОҚЫЛЫМ

1-тапсырма. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз.

/6 ұпай/

1-мәтін

Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,

Парыз екен бəріне айту алғыс.

Өмір берген, жан берген, қуат берген,

Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!


Күндіз-түні еркелеткен күнім деп,

Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп.

Ақ жаулығы желбіреген апатай,

1000 алғысын айтады күнің кеп!


Немере ыстық екен баласынан,

Аташым, артықсың сен бар асылдан.

Алғысты бір өзіңе жаудырамын,

Көзіңнің санадың артық қарасынан!


Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,

Өзіңдей асыл жанды кім көрген.

Алғысым шексіз саған, жаным анам,

Əрқашан тілеуімді тілеп жүрген!


Қашанда қарыздармын, əке, саған,

Əрқашан мейіріміңді төктің маған.

Жүректің арнап ыстық махаббатын,

Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!


Ағайын тату болса, ас көп” деген,

Жақсылықта əрқашан бірге жүрген.

Ағайын, бауырларға 1000 рахмет,

Қиналғанда бір-бірін демеп жүрген!


Ұстазым, сөзің асыл баға жетпес,

Əр сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.

Шəкіртін баласындай қадірлеген,

Ұстазым, 1000 алғыс та саған жетпес!


Дос дегенің- бауырың, ол сырласың,

Қиналғанда сырыңды айтар мұңдасың.

Шын достыққа тең келмейді ештеңе,

Алғыс айтып, достық жыры жырлансын!

2-мәтін.

Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Екі мәтін де 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған. Екі мәтінде де Алғыс айту күнінің ерекшелігі, ол күннің тағайындалу себебі. Бұл күн Қазақстан халқын мейірімділікке, сыйластыққа шақыратындығы айтылған.

Екі мәтіннің айырмашылығы

1-мәтін. Поэзия үлгісінде берілген

2-мәтін. 1 наурыз - «Алғыс айту күнінің» жариялану себебі айтылған


Түрі

Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі:

1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді.

2) Тірек сөздері – етістіктерден болады.

3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады.

Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады.

Сипаттау мәтінінің ерекшелігі:

1) Сөйлемдер заттың түр – түсін, қасиетін суреттейді.

2) Сипаттау мәтіні « Қандай?» деген сұраққа жауап береді.

3) Тірек сөздер – сын есімдерден болады.

Пайымдау мәтінінің ерекшелігі:

1) Пайымдау мәтіні « Неліктен?» деген сұраққа жауап береді.

2) Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.

3) Тірек сөздері – “өйткені”, “себебі”, “біріншіден “, “екіншіден,”— деген сөздер

1-мәтін. Әңгімелеу мәтіні

2-мәтін. Әңгімелеу мәтіні

Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)

1-мәтін. Жалпы халыққа

2-мәтін. Жалпы халыққа

Стилі

1-мәтін. Көркем әдебиет стилі. Поэзия жанры

2-мәтін. Публицистикалық стиль. Арнайы тілші репортажы.

Тілі

Антоним: күндіз-түні

Тұрақты тіркестер: түн ұйқысын төрт бөлген.

Мақал: “Ағайын тату болса, ас көп”

Эпитет: ақ жаулық, ыстық махаббат, сөзің асыл.

Теңеу: Шəкіртін баласындай қадірлеген

Қаратпа сөздер: Аташым, артықсың сен бар асылдан.

Қашанда қарыздармын, əке, саған...

Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!

Ұстазым, сөзің асыл баға жетпес.

Перифразалар: Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Эпитет: қасиетті қазақ жері, қонақжай қазақ

Тұрақты тіркес: иық тіресе бірге еңсеріп, тер төккен.

Бірыңғай мүшелер: тыныштық пен үндестік, сенімділік пен құрмет, бейбітшілік пен келісім.


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына еліктеу сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар. /2 ұпай/

Ит ... ... үрді. Асан ... қарады. Машина ... тоқтады. Жүрегім ... ете қалды. Далада бірнәрсе ... етіп құлады. Көзі ... ете қалды. Ол орнына ... етіп отыра кетті. Қардың беті ... ... етеді. Олар ... ... күлді.


Керекті сөздер: Зу, дүрс, арс-арс, қарқ-қарқ, кілт, сылқ, жарқ, жалт, жалт-жұлт.

3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, ой түйіндеңдер. Мәтіндегі шылауларды анықтап, астын сызыңдар. /2 ұпай/

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Дұрыс тамақтану ережелері:

Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;

Тамақты асықпай әрі мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;

Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.



ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

Төменде берілген жағдаятқа шылаулар мен одағайларды қатыстырып, диалог құрыңдар.


Айдос пен қарындасы Жазира азық-түлік дүкеніне нан алуға кірді. Жазира қалған ақшаға чипс алуын өтініп тұр. Айдостың жауабы...



ТЫҢДАЛЫМ, АЙТЫЛЫМ



1

Мәтінді мұқият тыңдайды. Әрі қарай оқиғаны өз сөзімен дамытып айтады, өз нұсқасымен салыстырады,

1


Өз ойымен мәтіннің жалғасын жазады;

1

1


Мәтіндегі ойды аяқтайды;

1

1

1

2

Мәтіндегі етістіктерді анықтап, астын сызады;

1

1


Етістіктерді осы шақ, өткен шақ, келер шақ формаларына ажыратып, кестеге жазады.

1

1


Барлығы

10

ОҚЫЛЫМ



1

Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығын және айырмашылығын сараптайды;

1

1

2

Мәтіндердің түрін анықтайды;

1

3

Мәтіндердің көзделген аудиториясын анықтайды;

1

4

Мәтіндердің стиліне тән ерекшеліктерін анықтайды;

1

5

Мәтіндерді тілдік ерекшелігіне талдайды.

1


Көп нүктенің орнына еліктеу сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

1

1


Мәтінді мұқият оқып, ой түйіндеңдер. Мәтіндегі шылауларды анықтап, астын сызыңдар.

1

1


Барлығы

10

ЖАЗЫЛЫМ




-тақырыптың мазмұнын ашады;

1


-өмірден мысалдар келтіреді;

1


- диалог құрастырады;

1


- диалог құрылымын сақтайды;

1


- жағдаяттан шығады;

1

1


- дұрыс тамақтанудың қағидасын біледі;

1


- шылауларды қатыстырады;

1


- одағайларды қатыстырады;;

1


- өз ойын жүйелі жеткізе алады;

1


Барлығы

10





12 Наурыз 2025
142
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі