Материалдар / тжб физика 7 сынып

тжб физика 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2024
239
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады























«Физика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

7-сынып

Мазмұны

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. Күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5

  6. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5

  7. Модерация және балл қою 5

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 18

4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 24

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.


  1. Күтілетін нәтижелер


Білу:

  • бастапқы физикалық ұғымдарды;

  • практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;

  • физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

  • механика (кинематика, динамика, сақталу заңдары), астрономия бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;

  • физикалық құбылыстарды;

Түсіну:

  • шамалардың физикалық мағынасын, механика, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын;

  • физикалық құбылыстардың маңыздылығын;

Қолдану:

  • процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

  • тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;

  • қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;

  • нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

  • өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

  • алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;

Талдау:

  • эксперимент нәтижесінде алынған деректерді;

  • графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;

  • заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;

Жинақтау:

  • кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;

  • гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми моделдерді және дәлелдемелерді;

  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;

Бағалау:

  • жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.

  1. Ойлау дағдыларының деңгейі


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Білу:

  • материялық нүкте, жол, жылдамдық, тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат, потенциалдық және кинетикалық энергия, күш моменті, геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйе ұғымдарын;

  • физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

  • жылдамдықты, тығыздықты, күшті, қысымды, жұмыс пен қуатты анықтау формулаларын, Гук, Архимед заңдарын,

«Механиканың алтын ережесін» және физикалық тұрақты шаманы(g);

Түсіну:

  • физикалық құбылыстарды;

  • жылдамдықтың, тығыздықтың, күштің, қысымның, жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын, механика заңдарын;

  • физикалық құбылыстардың маңыздылығын;

Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе

Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады

Қолдану

Қолдану:

  • процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

  • қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында Гук, Архимед заңдарын, «Механиканың алтын ережесін» және «Механика» бөлімінің формулаларын;

  • нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

  • өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

  • алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады

Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Талдау:

  • эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,

  • графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты,

  • заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;

Жинақтау:

  • кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды,

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады


  • гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді,

  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;

Бағалау:

  • жасалған эксперименттің нәтижелерін.



  1. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу


Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

50%

30%

20%

II

63%

25%

13%

III

25%

63%

13%

IV

25%

63%

13%

Барлығы

41%

45%

14%


  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.


  1. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны - 20


Тапсырма түрлері:

КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ – Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.



1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім


Тексерілетін мақсат

Ойлау

дағдыларын ың деңгейі

Тапсы рма

саны*

тапсыр ма*


Тапсырма түрі*

Орында у

уақыты, мин*


Балл*

Бөлім бойынша балл

Физика – табиғат туралы ғылым


Физикалық шамалар мен өлшеулер

7.1.1.1 - физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру

Білу және

түсіну


2

КТБ

1

1


7.1.2.1 - физикалық шамаларды олардың SI

(Халықаралық бірліктер жүйесі) жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру

Білу және түсіну


3

КТБ


1


1

7.1.2.2 - скаляр және векторлық шамаларды ажырату

және мысалдар келтіру;

Білу және

түсіну

1

КТБ

1

1


7.1.2.3 - үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және

қолдану, санды: стандартты түрде жазу


Қолдану

5


4


КТБ


2


1

9


        1. - дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу;

        2. - кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау;


Қолдану




7



ТЖ



5



5








Механикалық қозғалыс

7.2.1.1 - келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі,

қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру


Білу және түсіну







4


6


ҚЖ


900 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ