«Октябрь мектеп –
балбақша кешені» КММ
Тәлімгердің қызметін,
тұлғалық қасиеттерін және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсететін
тиімділігі
Аға
тәлімгер:
Озанов Фархат
Жомарткалиевич
Белое ауылы, 2016
жыл
Тәлімгердің қызметін,
тұлғалық қасиеттерін және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсететін
тиімділігі
Сәлеметсіздер құрметті
тәлімгерлер, әділқазы алқалары! Менің аты жөнім Озанов Фархат
Жомартқалиұлы 8 қазан 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бастаушы
ауылында дүние келдім. 2008 жылы Белое ауылы «Октябрь мектеп –
балабақша кешені» КММ – ні тамамдап, 2009 жылы Өскемен қаласы ШҚМУ
колледжін бітірдім. 2012 жылы өзім бітірген мектепке келім тәлімгер
болып жұмыс атқарам. Еңбек өтілім 4 жыл.
Менің
мақсатым:
Өскелең жас ұрпақтың бойында
патриоттық сезімді, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген
құштарлығын, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен
болашағына деген жауапкершілікті, рухани-адамгершілігін
қалыптастыру.
2012 жылы мамыр айында өзімнің
білімімді көтеру мақсатында Өскемен қаласыдағы
«Өрлеу БАҰО
АҚ» филиалы
«Особенности педагогической
работы в детском оздоровительном лагере в современных
условиях» 72 сағаттық курстан өттім. Ал
2015 жылы сәуір айында Алматы қаласында «Өрлеу БАҰО АҚ»
филиалы «Әлеуметтік серіктестік
мектептің тәрбие үрдісін жетілдіру факторы
ретінде» деген 72 сағаттық курсқа барып
келдім.
Тәлімгер болған соң
жетістіксіз болмайды:
2014 жылы Білім бөлімінің
мақтау қағазымен мараппаталдым. Кәсіподақ ұйымының мақтау
қағазы, «Елім
менің» атты Тұңғыш Президент күніне
ұйымдастырылған патриоттық ән байқауынан жүлделі ІІІ
орын.
Өзім мектепте өткізген
мерекелерді аудандық «Жұлдыз» газетіне статья жазамын. Әр
түрлі сайттарға салып отырамын. «Инфоурок», «Копилка
уроков»,
«Ұстаз», «Білімділер» интернет сайтына әзірлемелерді
жүктеймін. «Инфоурок» сайтында өзімнің кабинетім
бар.
Тәлімгер деп кімді айтамыз?
Әрине ол –қиялы ұшқыр, тың ойлар айта білетін тапқыр, тәрбиеге
қатысты жұмыс түрлерін дер кезінде ұйымдастырушы, балалардың оңы
мен солына дұрыс бағыт сілтеп нұсқаушы, жас достарымен тіл табыса
алатын жақсы мен жаманды саралап тәлім тәрбие берер
тәрбиеші.
Тәлімгер мектептің тәрбие
жұмысына үнемі ат салысып, тәрбие мен өнерді үйретуші үйлестіруші
жан. Өйткені тәлімгер балалардың ортасында жүріп, олардың ұжымдық
жұмысқа араласуына , жан-жақты болып өсуіне бірден бір септігін
тигізеді. Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін , әрине тәлімгердің
жеке басы соған сай болуы тиіс.
« Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне
негізделген.Ешқандай жарғы да бағдарлама да оның орнын баса
алмайды» Шындығына келгенде тәлімгердің өзі өзгеге үлгі болуы қажет
деген сөз. Яғни оның бойынан адамгершілік қасиеттер: мейірімділік,
қарапайымдылық, әділдік т.б қасиеттер табылуы
қажет.
Бүгінгі таңда мұғалім болу,
тәрбиеші болу, тәлімгер болу оңай жұмыс емес.
Алдымызда отырған әрбір мектептің аға тәлімгерлері мектеп
әкімшілігімен , ұстаздар мен бірлесіп « Жас Ұлан» ұйымдарының қиын
да қызықты жұмысын атқаруда деп ойлаймын. Бүгінгі бас қосуды
пайдаланып,өз жұмысымның кейбір элементтерін сіздерге көрсеткім
келеді. (музыка баяу ойналып тұрады)
Ал, қане,тәлімгерлер
бәріміз орнымыздан тұрайық;
Жас Ұланды ел танысын,
Көтерейік оң қолды!
Мың алғысқа лайықсың
сен,
Көтерейік сол қолды!
Көрсін әлем, естісін әлем,
Өскелең елдің ұланын
Қол шапалақтаймыз
Кемелді елдің тәлімгері
жас ұландардың келешегі өз
қолыңда
2011 жылы 6 шілдеде Елбасы
бастамасымен құрылған « Жас Ұлан» ұйымы балаларға жаңа ойлар
әкеліп, өзекті мәселелерді қозғап, жаңа серпін берді. Осы уақытқа
дейін балалар әлемінде талай игілікті істер атқарған жасұландықтар
талай жетістіктерге жетті десек сол жетістіктердің басында біздің
тәлімгерлер болды. Үлкен жетістіктеріміздің
бірі
« Жас
Ұлан» бірыңғай балалар мен
жасөспірімдер ұйымы.
Ауыз толтырып айтар болсақ: жыл сайынғы балалар ұйымдарының жұмысы
мектепішілік мерекелер, аудандық және облыстық сайыстар мен
акциялар жас ұландықтарды патриоттыққа, елжандылыққа , мейірімділік
адамгершілік асыл қасиеттерге және ұйымға қызығушылыққа
үйретті.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!