Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі. Сағыныш

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 17.04.2019ж

Мұғалім: Садуакасова Айжан Магазовна

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы:

Бөлім: Отбасы құндылықтары

Тақырыбы: Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі. Сағыныш

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының ( теңеу,эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер,) мағынасын анықтау.



Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді бір-бірінен ажырата алу.

Оқушылардың басым бөлігі: Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Кейбір оқушылар: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Тілдік мақсат

Оқушылар шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеттері арқылы образдарды ашып, тілдік бейнелеу суреттеу құралдарының мағыналарын анықтап, кейіпкерлердің өзіндік құндылығы тұрғысынан талдай алады.

Құндылықтарды игеру

Анаға деген құрмет.Үлкенді сыйлау.Бала махаббаты.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет теориясы, музыка

Бағалау критерийлері

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашып, тілдік бейнелеуіш құралдардың мағынасын анықтайды.

Шығармадан алған әсерін жеткізу

Алдыңғы оқу.

Тынымбай Нұрмағанбетов « Анасын сағынған бала» әңгімесін толық оқып келу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

10 минут




1. Сыныппен сәлемдесу.

2. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы топтар бір-біріне нақыл сөздермен тілектер айтады.

  1. Топқа бөліну. «Қима қағаздар» әдісі.

Оқушылар топтың атауы жазылған қағаздарды алу арқылы топтарға бөлініп отырады. Топ құрамы 6 оқушыдан тұрады..


І топ: Уәде

ІІ топ: Сағыныш

ІІІ топ: Арман


Үй тапсырмасын тексеру:

 «Серпілген сауал» әдісі

1.Шығарманың өн бойынан қандай Сержанды кездестіреміз?

2.Әңгіме неліктен «Анасын сағынған бала» деп аталады?

3.Шығармада қандай мәселе көтерілген?

4.Жазушы ауыл тіршілігін қалай суреттеген?

5.Есмағамбет Сержанның бойына қандай сенім ұялатты?

6.Есмағамбеттің уәдесін орындамауына не себеп болды?







қима қағаздар










интербелсенді тақта

интербелсенді тақта


Ортасы

25 минут
































Топтық тапсырмалар

І топ. Уәде «Ашық микрафон» әдісі

Оқулықты ашып әңгіме желісі бойынша топтасып, жұптасып сұрақтар дайындап, оған жауап беруге әзірленіп отырыңдар


Дескриптор:

1. Мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды

2. Проблемалық сұрақтар құрастырады

3. Өмірмен байланыстырады


ІІ топ. Сағыныш «Сканер» әдісі


Жазушы баланың анасына деген сағынышын қалай суреттейді?


Дескриптор:

1. Баланың анасына деген сағынышын жеткізеді

2. Өз ойын дәлелді түрде келтіре алады.

3. Сағыныш туралы ойларын жинақтайды


ІІІ топ. Арман Тұжырым кестесі

Кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады


Дескриптор:

1. Мәтінен кейіпкерлердің іс-әрекетін табады

2. Кейіпкердің мінезін аша біледі

3. Кейіпкерлерге өз көзқарастарын білдіреді


Бағалау:  «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сергіту сәті:

Топтар бір-біріне ана туралы нақыл сөздер немесе мақал-мәтелдер айтады

Көкейде жатқан көрікті ой

Шығармадағы іс-әрекетпен байланыстыра отырып, кейіпкердің атынан хат не өлең жазу


Дескриптор:

1. Басынан өткен оқиғаларды сипаттайды

2. Кейіпкердің көңіл күйін жеткізеді

3. Хаттың, өлеңнің құрылымын сақтайды


Бағалау: «Бағдаршам» әдісі

Оқушылар, енді топтың аттарына назар аударайықшы?! Уәде, Сағыныш, Арман. Ал енді осы топ атауларын әңгіме мазмұнымен байланыстыра отырып түйін жасайықшы.

флипчарт, маркер, микрафон










































«Бағдаршам» әдісі

AutoShape 1 - өте жақсы

AutoShape 2 - жақсы

AutoShape 3 - орташа

Соңы

5 мин.










Кері байланыc «Білім қоржыны» әдісі



Маған құнды болған екі нәрсе

не қызық болған екі нәрсе

Маған қиын болған екі нәрсе





Д Прямоугольник 1 Прямоугольник 2 Прямоугольник 3 аналық сөзден дән ізде

...Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес? Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.

Ғ. Мүсірепов

Үйге тапсырма:  «Анасын сағынған бала» әңгімесін композициялық құрылысына талдау



стикерлер,

қоржын







































1.Сыныпен сәлемдесу

2.Топтар бір-біріне нақыл сөздермен тілектер айтайық

3.Мына жерден қағаз қиындыларын алуларыңды сұраймын

4.Кімге уәде сөзі түсті мына топқа отырамыз. Кімге сағыныш сөзі түсті мына топқа отырамыз. Кімге арман сөзі түсті мына топқа отырамыз. Әр топ өз тобына спикер сайлаймыз. «Уәде» тобының спикері, «Сағыныш» тобының спикері, «Арман» тобының спикері.

5.Сонымен оқушылар үйге қандай тапсырма берілді (Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесін толық оқып келу)

Ендеше мына сұрақтарға назар аударайық

1.Шығарманың өн бойынан қандай Сержанды кездестіреміз?

2.Әңгіме неліктен «Анасын сағынған бала» деп аталады?

3.Шығармада қандай мәселе көтерілген?

4.Жазушы ауыл тіршілігін қалай суреттеген?(Әлия)

5.Есмағамбет Сержанның бойына қандай сенім ұялатты?

6.Есмағамбеттің уәдесін орындамауына не себеп болды

Бағалау: смайлик арқылы

6.Кәне , оқушылар, Бейнетаспаға назар аударып, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжап көрейік. (Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі. Сағыныш

Ал енді сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

7. Енді топтық жұмыс жасаймыз

1–ші «Уәде» тобына тапсырма

Оқулықты ашып әңгіме желісі бойынша, басқа топтарды қорытындылау мақсатында топтасып, жұптасып сұрақтар дайындап, оған жауап беруге әзірленіп отырыңдар

2–ші «Сағыныш» тобына тапсырма

«Сканер» әдісі бойынша жазушы баланың анасына деген сағынышын қалай суреттейді? Соны оқулықтан теріп жазасыңдар

3–ші «Арман» тобына тапсырма

Тұжырым кестесі. Кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашып, тұжырым кестесін толтырасыңдар.

8.Топтарға дескриптор таратамын. Дескрипторға сүйене отырып жұмыс жасаймыз. 5минут уақыт беремін. Қай топ дайын болсақ (қол шапалақ)

«Уәде» тобы .Ашық микрафон берейік өзара топтас, жұптасып, ақылдасып жасаған жұмыстарын ортаға салсын

9.Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы «Уәде» тобын «Арман» тобы бағалайық.

«Сағыныш»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
746
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12