|
1
|
I. Кіріспе
бөлімі:
1.Оқушылармен
сәлемдесу.
2. Оқушыларды
түгендеу.
Тоғызқұмалақ
ойынының тарихы
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы
4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның
пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін.
Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған
ойын болатын. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде
тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр.
Мәселен, Қырғызстанда мектептерде
тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді
екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда.
Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер
ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып
жатыр деген дерек
бар.
|
10мин
|
Ережеге сай
орындау
|
|
|
II. Негізгі
бөлім:
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ойнау
ЕРЕЖЕСІ
-
Тоғызқұмалақ ойыны
арнайы тақтада екі адам арасында
ойналады.
-
Ойын тақтасы – 2
қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір
қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ
тиесілі.
-
Алғашқы жүріс
жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны –
қостаушы деп атайды.
-
Кейде бастаушы
үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де
қолданамыз.
Тақтаның жалпы құрылысы
төмендегідей:

Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9
- отаулар
Берілген диаграммада бастаушының отаулары төменгіжағында,
ал қазандағы құмалақтар саны жоғарғы
жағында орналасқан.
Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі.Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесеқарсыластардың келісімімен анықталады.
1.Жүріс жасау үшін
өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған
құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп
таратамыз.
-
Тарату сәтінде
құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың
отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды
құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6,
10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға
салынады.
2.Отаудағы жалғыз
құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос
қалады.
3.Жүріс жасаған кезде
отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге
болмайды.
|
Отау
нөмірлері
|
Қазақша
атауы
|
|
№ 9
отау
|
маңдай
|
|
№ 8
отау
|
көкмойын
|
|
№ 7
отау
|
қандықақпан
|
|
№ 6
отау
|
белбасар
|
|
№ 5
отау
|
бел
|
|
№ 4
отау
|
атсыратар
|
|
№ 3
отау
|
атөтпес
|
|
№ 2
отау
|
тектұрмас
|
|
№ 1
отау
|
арт
|
|
25минут
|
Дұрыс тыңдап
отыруларын
қадағалау.
|