Тоғызқұмалақ ойыны және адамға тигізер пайдасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тоғызқұмалақ ойыны және адамға тигізер пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоғымқұмалақ ойыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

  «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасы

 

















РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Тоғызқұмалақ ойыны және адамға тигізер пайдасы»













Орындаған: «Дене шынықтыру және спорт»         білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Санақбай Х. Д

                           

 Тексерген: PhD, қауымдастырылған профессоры Мендигалиева А.С







Орал 2024 жыл







Жоспар

Кіріспе .....................................................................................................................3

1 Тоғызқұмалақ ойынының даму тарихы...................................................................4

2.Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері...........................................................5

2.1 Тоғызқұмалақ ойыны ................................................................................................6

2.2Маңғыстау облысының тоғызқұмалақ ойыны дамуы……………………………7

2.3 Тоғызқұмалақ ойынының пайдасы .................................…………………………8

Қорытынды...........................................................................................................…..9

Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………………..[7]













































.Кіріспе

Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі-- тоғызқұмалақ. Көненің көзіндей болған бұл ойынның 4 мың жылдық тарихы бар дейді зерттеушілер. 
Тоғыз құмалақ қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойыны болғанымен, оны қырғыздар да, қарақалпақтар да, алтайлықтар да ойнайды. Алайда қазақтың тоғыз құмалақ ойыны тіпті кемелденген және дамыған. 
Тоғызқұмалақ ойыны қазақ таласында кең таралған. Өйткені Қазақстанның бірнеше облыстарынан табылған археологиялық қазбалар осы ойға жетелейді. Тым әріге бармай, ХІХ ғасырдан бері қарай айтар болсақ, бұл ойынды қазақтың кемеңгері, ұлы ақыны Абай Құнанбаев сүйіп ойнаған. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы ақынның мұражайында Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы сақтаулы тұр. Кезінде бұл ойынға Ш.Уәлиханов, Қ.Қуанышбаев, С.Аманжолов, М.Әуезов және Б.Момышұлы сынды Алаштың ардақты азаматтары қызығушылық танытып, қолдау білдірген. Қазақ спорт журналистикасының атасы әрі ұстазы Сейдахмет Бердіқұлов та кезінде ұлттық өнерді насихаттап, мақтан тұтқан. 
Ұлттық ойынымыздың атауы «тоғызқұмалақ» - біріккен сөз. Алғашқы сыңары – сан есім де, кейінгісі зат есім. Құмалақ неге жеті, сегіз, он бір, он үш емес? Рас, тоғыз саны ежелгі түркілерде көптік мағынаға ие әрі қасиетті сан. «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық», «Тоғыз інген боталап, тоғыз інген құлындап» деген сөз тіркестердің бәрінде тоғыз саны көптік мағынаны білдіріп тұр тоғыз-шексіздікті бейнелейтін сан. 
Тоғызқұмалақ арнайы тақта арқалы ойналады. Әрі ақыл-ойды дамытатын, адамның қабілетін арттырып ми қызметін жетілдіретін зияткерлік ойын. Алғашқы кезде үш отау, бес отаулық шағын үлгілері болған болса, бүгіндері жетілген тоғыз отаулық классикалық ережелі спорттық ойын қатарына енгізілді. Тек ойын ғана емес оның танымдық әрі тағылымдық тұрғыда да, сондай-ақ спорт, өнер, ғылым ретінде де маңызы зор.
Тоғызқұмалақ--әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын интеллектуалдық ойын, логикалық ойлау өнері. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.
Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия сынды елдерде, Ресейде, әсіресе Алтай мен Қарашай-Черкес республикаларында ойналып келеді. Ал Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашыр азаматтар бар. Бүгінде АҚШ-тың Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ұлттық ойындардың біріне айналды.[1]





3



1. Тоғызқұмалақ ойынынң даму тарихы


Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.

Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қаратай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.

Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ ойыныннан жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық, жастар мен жасөспірімдер арасында, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.

1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді. 8 жыл ішінде бұл жарысқа Моңғолия, Ресей, Қырғыз, Өзбек елдерінің спортшылары қатысып үлгерді.

Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.

Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.

2001 жылы 1 сәуір айынан бастап Астана қаласында Шахмат клубы жанынан Тоғызқұмалақ бөлімі ашылды. Оған «4» жаттықтырушы 170-ке жуық оқушылар дайындалады. «1» халықаралық спорт шебері, «3» спорт шебері , «8» спорт шеберлігіне үміткер, «11» I-деңгейлі тоғызқұмалақшылары бар.[2]























4

2.Тоғызқұмалақ ережесі.


Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Т
ақтаның жалпы құрылысы төмендегідей:

 

Тоғызқұмалақ 1-сурет:


Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 - отаулар

Берілген диаграммада  бастаушының отаулары төменгіжағында,  ал қазандағы құмалақтар  саны жоғарғыжағында орналасқан.

Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесеқарсыластардың келісімімен анықталады.

1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

С
ол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

 Тоғызқұмалақ 2-сурет. 5


2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Тұздық алу ережесі

Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.

Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.

Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.

Т
ұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады.
Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді.

 


Тоғызқұмалақ 3-сурет


Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты

үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.


Тоғызқұмалақ. 4-сурет





6

 Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.

Атсырау” ережесі

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.



8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы: 



Тоғызқұмалақ 5-сурет


Осы тақтадағы жағдайда жүріс қостаушыдан. Ол №9 отаудағы 3 құмалағын таратады. 

 

Өз кезегінде бастаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Қостаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.


Тоғызқұмалақ 6-сурет

 

Бастаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 6 отаудағы 2 құмалақтың бірін орнына қалдырып екіншісін 7 отауға көшіреді. Сонда төмендегіше жағдай туындайды: 

 

7

 

Тоғызқұмалақ 7-сурет



Осы жағдайда бастаушы отауларындағы барлық құмалақтарды(23құмалақты) қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.

Есеп 88-74, бастаушы ұтты.

 

9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.

 

Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.[3]









2.1 Тоғызқұмалақ ойыны


Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойыны.

Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.[4]





8

2.2 Маңғыстау облысының Тоғызқұмалақ ойыны дамуы


Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан 20 жасқа дейінгілер арасында командалық ел чемпионаты мәреге жетті.

Тоғызқұмалақтан БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімовтің мәлім еткеніндей, 7-12 желтоқсан аралығында өткен командалық чемпионатқа еліміздің тоғыз облысынан 60-қа жуық спортшы қатысты. 

Олардың ішінде үшеуі – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 41-і спорт шебері болса, 10-ы – бірінші дәрежелі спортшы. Жарыс қорытындысында БҚО құрамасы жеңімпаз атанды. Павлодарлықтар екінші, қызылордалық тоғызқұмалақ шеберлері үшінші орынға ие болды. [5]



Shape1

8-сурет: Ақтау қаласындағы тоғызқұмалақ чемпионаты мәресі.





9


Shape2

9-сурет Тоғызқұмалақ ойыны


2.3 Тоғызқұмалақ ойынының пайдасы

Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді.  

Қазақстан ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-молдығын, білек-күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принцптеріне негізделген. 

 Ұлттық ойындардың тәрбиесі барысында қимыл – қозғалыс пен жаттығулар – жас жеткіншекті батылдыққа баптап, сымбатты етіп сомдау, ептілікке баулу, сонымен қатар, тазалыққа үйрету, сергек демалу, бой жазу, ой еңбегі барысындағы шаршағанын басу, сарп еткен күш – қайратты толықтыра білу. Жан жақты үйлесімді дамыған азамат

тәрбиелеудің бір негізі – мектеп қабырғасында ұлттық ойындарды жақсарту, оны халықтық тәрбиемен ұштастыру. Ақыл – ой немесе дене күшін дамытуға бет бұрылды.[6]

10

Қорытынды


Жинақтап келгенде, тоғызқұмалақты тек ойын деп қабылдау қате. Оның адамдардың ойлау жүйесін есейтуге арналған, тіршілік дүниесіндегі ашылмай жатқан жаратылыс сырын білуге, ашуға талпынған мақсатының биіктігін байқауымыз қиын емес. Тоғызқұмалақ – халқымыздың этнографиясының шоқтығы. Осы ойын арқылы ұлтымыздың тарихын, дәстүрін, жалпы ойлау жүйесін әспеттеп, басқаларға танытуға болады. Сондықтан, тоғызқұмалақты тек ұтысу, айналдырып құмалақты жүру қағидасымен шектелетін немесе бір қалыпты ойын түрі емес, бірнеше түрлі қалыппен ойналатын, әр қалыптағы ойынның өзіндік дәрежесі бар екенін, осы дәреже арқылы ойнаушының мәртебесі анықталатынын, ата-бабаларымыз армандаған әлемнің құпия сырын ашудағы озық өнер құралына айналдыруымыз керек. Тоғызкұмалақ ойынының тарихын, маңыз-мақсатын жоғарыда шама-шарқымыз жеткенше түсіндірдік. Тіпті ойынның бірнеше түрі бар екенін дәлелдегендей болдық. Ендеше, біз осындай ойынымыз тұрғанда «түркітектес ұлттардың тоғызқұмалақ ойындарын ортақтастырып, заман талабына үйлестіріп, халықаралық деңгейде ойналатын ойын түрін жасадық» деп, ойын мәртебесін керісінше төмендетіп алған жоқпыз па деген ой туады. Себебі әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. «Түркітектес ұлттар тұтастығы» дегенімізбен, олардың кейбірі көшпелі тірліктен ерте қол үзген, тағы бір шоғырының өмір сүру бағыты, географиялық ортасы басқа болғандықтан, олардағы тоғызқұмалақ ойындары уақыттың жылжуымен өзгеріске ұшырағандығы, тіпті мінезіне, қоғамына қарай өзгеше болуы ғажап емес. Ал біздің халқымыздың тоғызқұмалақ ойынын жоғарыда айтқанымыздай, әлі зерттей алмай отырып, халықаралық деңгейдегі ойынға қосу асығыстық сияқты. Себебі әлі зерттелмеген ойынымызға өзге халықтың ережелерін енгізіп, оларға жығыла кетуімізден ендігі ұрпақтың менталитетіне нұқсан келтіріп алмаймыз ба? Шынын айтқанда, өзіміздегі құндылықтың деңгейін танып, басқалардың қабылдауына таңа білсек қана, ұлт мәдениеті мен тарихын әйгілей түсуге болады.[7]



















11


Пайдаланылған әдебиеттер


1.     Ә. Ақшораев «Тоғызқұмалақ» Тараз, 2000.[1]

2.     С. Тілеубаев   «Тоғызқұмалақ - өнері»  1999 ж.[2]

3.     Д.Қамысбаева., Н. Байзақова «Тоғызқұмалақ ойынын оқып үйрену әдістері»  1998 ж[3] 4.. «Қазақ энциклопедиясы» (87 бет)[4]

5. «Дене шынықтыру» кітабы 4 сынып, Алматы «Атамұра» 2000ж[5]

6. Жадыра Нармаханованың сұхбаты, Оңтүстік Қазақтан облысы[6]

7. Жадыра Шамұратованың сұхбаты, Батыс Қазақстан облысы[7]





































12

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2024
192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі