Сабақтың
басы
|
Оқушылармен амандасып,
түгелдеу.
Ынтмақтастық
атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен
таныстырылады.
|
Оқушылар
амандасып,
сабаққа назар аударады
|
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының
ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі. Бұл ойынды
қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнайды.
Тоғызқұмалақ ойынын қойшылар ойлап шығарған және бұл есеп ойыны.
Ертеде қатар қонған ауыл қойшылары жайлауда қойды қаптата барып
жусатқан соң, бір төбенің басына жиналып, жақ-жақ болып
тоғызқұмалақ ойнайтын болған. Сондықтан да бұл ойынды « Көшпенділер
алгебрасы» деп те атайтын болған.
Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда
Қазақстан мен Орта Азиядағы ең кең тараған ойын болатын. Бұл ойынды
ойы ұшқыр, есепке жүйрік тұлғалар, өрісте қойларын жусатып жүрген
қойшылар ойнайтын болған. Ол үшін арнайы ағаш және тас тақталар
жасап, сүйектен жасалған шарларды немесе жерден ұя-шұңқырлар қазып,
шар орнына қой құмалағын пайдаланған.Талай ғасыр түркі
халықтарының сүйікті ойыны болған тоғызқұмалақ еліміз тәуелсіздік
алғалы қайта түледі. Тоғызқұмалақ Қауымдастығы құрылып, еліміздің
түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, республикалық және халықаралық
жарыстар жиі өткізіліп келеді. Осының арқасында зияткерлік ойынға
әуес жастар қатары жыл сайын артуда. Жалпы қазіргі кезде әлемнің
көптеген мемлекетінде зияткерлік мұрамыз кеңінен
насихатталып жатыр.Мәселен, Қырғыз
Республикасы,
Моңғолия мен Чехияда мектептерде тоғызқұмалақтан үйірме
сабақтары жүргізіледі. Англия, Германия, Түркия,
Ресей, және Швейцарияда дәстүрлі халықаралық жарыстар өтуде.
Чехияда жыл сайын зияткерлік ойындар фестивалінің бағдарламасына
енгізілген. Интернет кеңістігінде Алтайдан Америкаға дейінгі
аралықтағы 100-ден астам елдерде тоғызқұмалақ ойналып, қызғушылар
саны артқан. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін әр алуан халықтың
өз ұлттық ойындары бар. Міне, осы ойындардың шығу тарихын дөп басып
айта алатындар сирек. Дәл осы тоғызқұмалаққа ұқсас «Калах» атты
ойын бар, бұл ойынның тақтасы Шотландияның Абердин атты
қалашығындағы бір музейде сақтаулы тұр. «Калах» ойынының тасқа
қашалған түрлері де Африканың көптеген жерлерінен қазба жұмыстары
кезінде табылған.
«Тоғызқұмалақтың» да,
«Калахтың» да тақталарындағы отаулардың екі қатар болып
орналасулары, екі ойында да ұтқан құмалақтарды жинайтын
қазандықтарының болуы және жүріс жасағанда сол жақтан оң жаққа
қарай бір бағытта жүріс жасаулары бір-біріне мүлтіксіз қатты
ұқсайды ерекшелігі «Калахта» алты отау, ал «Тоғызқұмалақта» отау
саны тоғыз.

«Тоғызқұмалақ» - бұл ақыл ойды
дамытатын нағыз математикалық зияткерлік есеп ойыны, бұл ойын
арнаулы тақтада ойналады. Келесі сабақтарда тоғызқұмалақ ойынын
үйреніп жүру, құмалақ ұту тәсілдері бойынша сабақтар өтетін
боламыз.
|
|
ҚБ «Инспектор»
әдісі
ҚБ Үш «М»
әдісі
Оқушылар тапсырманы орындау
барысында жақсы болған үш сәтті атап және келесі сабақта олардың
жұмысын жақсартатын бір әрекетті ұсыну
ұсынылады
|
Тоғызқұмалақ
тақтасы
|
Сабақтың
соңы
|
Кері
байланыс:
Бүгінгі
сабақ
несімен ерекшеленді?
Не
білдім?
Не
ұнады?
Сабақтан алған
әсерім
|
|
Сабақтан
алған әсерім
|
|
Пікір жазылған
парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс
береді
|
|
Стикер
қағаздары
Стикерге өз ойларын жазып,
плакатқа іледі
|