«ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

Тақырып бойынша 24 материал табылды

«ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ой өрісін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ



Дүзелбаева Айсұлу Жексенбайқызы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Күйкен жалпы білім беретін мектебінің Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі


Тоғызқұмалаққа тосырқамай қараңыз!

Ата дәстүр салтыңызға санаңыз!

Өзіңді-өзің қазақпын деп санама

Бұл өнерді үйренбесе балаңыз!

Абай


Біреулеріңіз білерсіздер, біреулеріңіз білмессіздер, бірақ, бұл - қазақтың өте көнеден, сонау ғұн заманынан келе жатқан, озық ой мен ұшқырлықты қатты талап ететін интелектуалды ойын түрі. Бұл ойын негізінен тоғызқұмалақ тақтасы мен тоғызқұмалақ құмалақтарынан (домалақ тастарынан) құралған және қос қарсылас арасында өтетін тартыс. Мұнда негізінен 162 құмалақ және қай қарсылас өз еншісіне 81-ден көп құмалақ, яғни, жартысынан көбін жинай алса сол жеңіске жетеді. Бұл ойынның толық ережесін ғаламтордан немесе тоғызқұмалақ сайтынан, не болмаса, тоғызқұмалақ кітаптарынан оқып алуыңызға болады. Ал мен бұл блогта осы тоғызқұмалақ ойыны туралы қызық-қызық тарихи оқиғаларын және тоғызқұмалақ ойынының керемет сиқырлары туралы ашып айтып бергім келіп отыр.

Біздің халқымыз адамның санасын шынықтыратын ой спорты түрлерін ерте кезден өте жетік меңгерген. Мектеп оқушыларын тәрбиелеу, олардың ой-санасын шынықтыру, жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту құралдарының қатарына жататын, терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір тоймайтын қиын да, қызық ой спорты түрлерінің бірі – қазақтың математикалық «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны. Бұл да басқа спорт түрлері сияқты жұртшылық қолдауын тауып, қазіргі заман талабына сәйкес дамып, өріс алып келеді.

Бұл ойынды тіпті әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби де сүйіп ойнаған, терең зер салып, зерттеп, өз жазбаларында қалдырып кеткен. Ал,қазақтың ұлы ақыны, данагөй ойшылы Абай Құнанбаев та өте қатты сүйіп ойнаған және өзі сол заманның түрлі ойыншылармен сынға түсіп, ойын жарыстырған деседі. Ал, сол Абай атамыздың тастан ойылып жасалған тоғызқұмалақ тақтасын Жидебайдағы мұражайынан таба аласыз. Және әйгілі ойыншылар қатарына қазақтың ең алғашқы ғалымы - Шоқан Уәлихановты да қосуға болады. Қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Әуезов пен Ұлы Отан соғысы жылдарының атақты соғыс стратегі Бауыржан Момышұлының да сүйікті ойыны болған деседі.

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – оқушыларды білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.

Тоғызқұмалақ ойынын оқушыларға үйрету арқылы оқушылардың логикалық ұғымдарын кеңейтіп, есептеу дағдыларын шыңдай түсуге болады.

Тоғызқұмалақтың сиқырларын өз көзіңізбен көріп түсіну үшін сіз өте жоғарғы деңгейде ойнай алатын деңгейге жете алуыңыз кажет. Себебі, егер сіз тек енді ғана бастап ойнап жатқан ойыншы болсаңыз онда сіз бар сыр-құпияларын бірден көре алмайсыз! Өйткені, сіз ең алдымен құмалақтарды тез есептеуді және алдыға кем дегенде бес алты жүріске дейін қарастыра алуды үйренуіңіз керек. Одан кейін тұзақ құруды, шабуыл жасай отырып қорғана білуді, ірі байлықтардың пайдасы мен зиянын ажырата алуды, қарсыласыңыздың жүрісін қысқартып, тығырыққа тіреуді, екі жақты, үш жақты шабуылдар жасауды, және қарсыласыңыздың осындай шабуылдарынан қорғануды үйренесіз. Ал, бұл деңгейден кейін келесі деңгейде сіз қазіргі өзіңіздің қазіргі жағдайыңыз бен қарсыласыңыздың жағдайын тура және қателеспей анықтауды және сіз және қарсыласыңыздың қайда, қай жаққа бет алып бара жатқандарыңызды тура және нақты көре аласыз. Содан кейінгі жоғарғы деңгейде сіз ойында жоспар құру арқылы және соны жүзеге асыру арқылы және қарсыласыңыздың жоспарын бұзу арқылы ойнайтындай деңгейге жетесіз. Ал, ең жоғарғы деңгейде, яғни мен білетін, мен аша алған деңгейде, сіз толық ойынды басынан аяғына дейін басқара алуды, тіпті, болашақты нақты болжай алуды үйренесіз. Әдетте, бұндай жоғарғы деңгейде ойнауға көптеген ойыншылар бірнеше жылдарын сарп етеді. Осындай деңгейге дейін жетіп, және осындай деңгейде ойнай алатын болсаңыз және осындай деңгейдегі ойыншымен ой жарыстырсаңыз бұл ойынның теңдесі жоқ кереметтерін сезінер едіңіз!

Тоғызқұмалақ ойынының аса бір өзіндік ерекшелігі күрделі құрал – жабдықтарды қажет етпейді. Ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерді қазып, ойын тақтасын дайындаған. Барлық құмалақ салатын шұнқырды қазан, тоғыз – тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды отау деп атаған. Ертеректе тоғызқұмалақ ойнайтын адамдар қойдың 162 құмалағын дорбаға салып қанжығасына байлап алып жүрген.

Негізінен, бұл ойынның әдіс-тәсіл, тактика және ойлау барысы жағынан әлемге әйгілі шахмат ойынымен өте-мөте ұқсас.Егер осы екі ойынды қатар өте жақсы деңгейде ойнай білетін болсаңыз, бұны көру қиын емес. Былайша айтқанда, тоғызқұмалақ пен шахмат үнді және қазақ тілдері секілді екі түрлі тілдер деп те айтсақ болады. Тек олардың айырмашалағы олардың фигуралары мен ойналу өзгешеліктерінде ғана, бірақ, екеуі де бір "ғұмырды" немесе бір "шайқасты" бейнелейді. Әрине, бұл ойындардың да өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар. "Ғұмыр" деп бейнелеу себебім кейбір шахматтың да және тоғызқұмалақтың да атақты ойыншылары осы ойындарды "тақта үстіндегі ғұмырға, өмірге" теңеп жатады. 

Тоғызқұмалақтың бұдан да көп бұл жерде айтылмаған сырлары көп. Негізінен, бұл ойын сонау Кеңес үкіметі кезінде үлкен тоқырауға ұшарап, халық арасында беделі едәуір түсіп кетіп еді, бірақ, қазір қайтадан жанданып, дамып жатыр. Әлемдік деңгейдегі федерациясы (қауымдастығы) бар. Қазірде осы Қауымдастық екі бірдей Әлем және бірнеше Азия, Еуропа чемпинаттарын өткізіп үлгерді.

«Тоғызқұмалақ» ойынының арнаулы тақтасы болады, оны симметрия құрай, тең екіге бөліп, ағаштан ойып немесе пластмассадан құйып жасайды. Әр жағында тоғыз-тоғыздан отаулары, бір-бірден көлденең орналасқан құмалақ жинайтын қазаны бар. Әр жағының отаулары солдан оңға қарай бірден тоғызға дейінгі реттік сандармен белгіленіп, отаулар мен қазандардың көлбеу беттеріне жазылған. Әр ойыншының қазаны тақтаның өз бөлігінде емес, қарсыласы жағында орналасқан. «Тоғызқұмалақ» ойынына құмалақтар ретінде диаметрі мм-лік пластмассадан құйылған шариктер қолданылады. Ойын тақтасында әр отау екі өзекшеге бөлінгендіктен, құмалақтардың өзі екі қатар болып жатады да тақ (ашық), не жұп (жабық) екені анық көрініп тұрады. Әрбір отауға он құмалақ сиятындықтан, (кейбір тақталарда 1 отауға 20 құмалақ) құмалақтардың санын анықтау үшін санап жатпаймыз. Міне, тоғызқұмалақ ойынының бар құпиясы осы тақта мен құмалақтарды үйлестіріп ойнай білуде. «Тоғызқұмалақ» ойынының әліппесін және оны тереңдеп үйренуге арналған көптеген кітаптар, оқулықтар жарық көруде.

Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен спорт мектептерінде, жалпы білім беретін мектептерде тоғызқұмалақ үйірмелері ашылған.

Ұлттық дәстүрлерді өркендету, ұлттық ойынды қолдау және оны дамыту мақсатында оқушылар және мұғалімдер арасында аудандық, облыстық, республикалық жарыстар көптеп өткізілуде.

Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі. «Тоғызқұмалақ» ойынының басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Отаулардағы құмалақтарды санау арқылы оқушылар есептеуге, логикалық ойлауға жүрік болады. Тоғызқұмалақты үйренген балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Тез әрі нақты шешім қабылдауға үйренеді.

Егер де осы асыл қазынамызды бағалай біліп, жоғарғы деңгейде ұстап, болашақ өсіп келе жатқан ұрпақтар мен жастарды тәрбиелеуде, болашақ ғалымдар мен политик-экономистерді даярлауда, олардың ойлау деңгейлерін ұшқырлауда қолданар болсақ, бұл ойынның өте көп пайдасы тиер еді! Айта берсек айтылатын ой таусылмайды, сондықтан, егер де осы зияткерлік ойынымыздың осындай және бұдан да басқа сырларын білгіңіз келсе, өз көзіңізбен қөргіңіз келсе, онда тоғызқұмалақты қолыңызға алып, ойнап үйреніңіз, ұшқырланыңыз, зерттеңіз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2024
204
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі