400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тоғызқумалақ ойынының тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақтарал ауданы

«Жаңа дала» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Қазақстан Республикасы білім беру жаңарту аясында дене шынықтыру пәні бойынша жалпы білім беру стандарт жасалған оқу бағдарламасының ұзақ және орта мерзімді жоспарлары негізінде жасалынған қысқа мерзімді жоспарладым.



Shape1



Қысқа мерзімді сабақ жоспар.



Тақырыбы: «Тоғызқұмалақ ойынының тарихы және ойын ережелері».











Пән мұғалімі: У.Ташкенбаев

Сыныбы: 5 «А»

Пәні: Дене шынықтыру

Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы: «Тоғызқұмалақ ойынының тарихы және ойын ережелері.

Мектеп: «Жаңа дала” жалпы орта мектебі


Күні: 15.03.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: У.Ташкенбаев


Сыныбы: 5 А сынып.

Қатысқаны: 15

Қатыспағаны: жоқ


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.2.4.2. Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау және ойын ережелерін меңгерту.


Оқу мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

-Тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық ойыны екенін біледі;

-Ойын ережелерін білуге дағдыланады;


Оқушылар көпшілігі орындай алады:

-Тоғызқұмалақ өлеңін біледі;

- Ойын ережелерін біледі;


Кейбір оқушылар орындай алады.

-Ойын барысында жазып ойнау тәсілдерін біледі.

-Ойын кезінде жүріс есептеу жолдарын біледі.

-Ойынның соңына қарай қарсыласын атсырауға ұшырату жолдарын анықтай алады.


Тілдік мақсат:

Айтылым,

Жазылым,

Тыңдалым,

Оқылым.



Құндылықтарды дамыту

Оқушылар орындай алады: Өз ойларын еркін жеткізе біледі, этидтар мен компазицияларды біледі


Пәнге байланысты сөздік пен терминдер: Тұздық, атсырау, отау, қазандық.


Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс, пікір алмасу.


Талқылауға арналған сұрақтар: Тоғызқұмалақ отауларының өзіне сай аттары.


Ишара: үйлестірушінің қол арқылы белгі беруі.


Алдыңғы оқу

Өткен сабақты қайталау.


жоспар

Жоспарланған уақыт.

Жоспарланған жаттығу түрлері.

Ресурстар.

Басы



















Ортасы

Оқушылармен сәлемдесу.

Түгелдеу. Сабаққа дайындау.

Тоғызқұмалақ ойынының қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және ережені сақтау керек екенін ескерту.

«Тоғызқұмалақ» ойыны көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол тірі тарих.

Тарихты білу тектілікке саналады. Зияткерлік ойындар тоғызқұмалақ ойынының сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай төрт мың жылдық тарихы бар. Осы түркі тілдес халықтардың ішінде: Қырғыз, Өзбек, Қазақ, Қарақалпақ, Түрік және Алтай елдерінде ойнайды.

Бабаларымыз ұрпағының біліктіде, жүректі болумен қатар, ақылды болуға да қатты алаң болған, сол себепті де осы өнерді дүниеге келтірген тоғызқұмалақ ойыны негізінен екі адамның арасында өтеді.

Ойынды кім бастайтынын жеребе арқылы анықтайды. Ойынды бастайтын ойыншыны бастаушы деп, ал қарсыласын қостаушы деп атайды. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма- кезек жүрістер жасап отырады. Ойынды бастаушы ойыншы өзінің кез-келген отауынан жүре алады. Ол үшін ойыншы жүріс жасайтын отаудың ішінде бір құмалақ қалдырады да, қалған құмалақтарды қолына алып келесі оң жағындағы отаудан бастап (сағат тіліне қарама-қарсы бағытта) қолындағы құмалақтар таусылғанша бір-бірден салып шығады. Егер соңғы құмалақ қарсыластардың отауларының біріне түсіп және сол отаудғы құмалақтар санын жұп жасаса онда бұл жүріс табысты болды деп есептелінеді де, ойыншы сол отаудағы құмалақтардың барлығын өзінің қазандығына салып алады. Тұздық алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар біріне (9 отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын үшке толтыру керек. Үшінші ерекшелік- «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса сол ойыншы атсыпауға ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын атсырауға ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтарының барлығын озінің қазандығына салып алады міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады.

Халық педагогикасының бір саласы тоғызқұмалақтың тәрбиелік мәні:

-Ақыл, ой-өрісін дамытады;

-Адамгершілікке тәрбиелейді;

-Мейірімділікке жетелейді;

-Төзімділікке шақырады;

-Еңбектенуге ынталандырады;

-Әсемдікке бейімдейді;

-Тез арада шешім қабылдауға жаттықтырады.

Тоғызқұмалақ тақтасы, сағат.
























Тоғызқұмалақ тақтасы, сағат.





Соңы.

Оқушылар сендер бүгін нені үйрендіңдер? Қандай қиындықтар болды?

Келесі сабақта не қалайсыңдар? Тоғызқұмалақ ойынының ерекшеліктері қандай?

Тоғызқұмалақ өлеңін жаттау.

Оқушылар осы өлеңді жатқа білсеңдер ойынды да тез меңгересіңдер.

Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға қалай түсіндіресіз?

Бағалау білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Жылдам шешім қабылдады.

Ойын ережелерін жақсы біледі.

Picture 4 Picture 4

Пәнаралық байланыс денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ- мен байланыс. Құндылықтарымен байланыс (тәрбиелеу элементтері)

Оқушыларды сапқа тұрғызып дарынды, талапты оқушыларға тапсырмалар беру. Деңгейлік тапсырмалар беремін.

Бас бармақ арқылы.

Барлығын түсіндім. Енді түсініп келемін. Ойын кезінде үйлесімділік пен түсіністік танытады.

Қазақстан тарихы, математика.

Рефлекция.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


Бүгін оқушылар не үйренді?


Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?


Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)


Уақытты қалай пайдаландым.


Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Сабақтың мақсаттары мен міндеттері өз дәрежесінде орындалды.



Оқушылар сабақ барысында берілген және жоспарланған тапсырмаларды орындай білді.


Сабақ айтылу, түсіну және практикалық тапсырмалар бойынша орындалды.



Межеленген саралау әдістемесі өз дәрежесінде іске асты (тапсырмалар сәйкес болды).



Уақытты тиімді пайдаландым.




Оқушылармен топтық жұмыс жасау.





Өз сабағын талдау.

Қорытынды бағалау.

Ең жақсы екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.Бас бармақ арқылы бағалау.

2. Екі топқа бөлу арқылы.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Оқушылардың ұйымшылдығы.

2. АКТ пайдаландым.

Осы сабақтың барысында барлық сынып не жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.Мақтау, мадақтау арқылы оқушыларды ынталандыру.

Селқос оқушыларға жеке тапсырма беру.

Тоғызқұмалақ ойынын үйрену.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі