жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тойтару қоспаларының түзілуі
Өндірістік сабақ жоспары №
Сабақтың тақырыбы: Тойтару қоспаларының түзілуі
Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларға металдарды тойтару әдістерін көрсету, тойтарма жұмысына керекті құрал- жабдықтармен таныстыру, құрылысын сипаттау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың іскерлік дағды-қабілеттерін қалыптастыру, мамандықтың қыр –сырын жетік игеруге ұмтылдыру, кәсіби шеберлікке баулу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды шеберханаларда техника және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу, еңбекке баулу.
Сабақтың материалдық- техникалық жабдықталуы: Техника қауіпсіздігі туралы плакаттар, «Слесарь құрал-саймандары» плакаты, технологиялық нұсқау карталары, металл дайындамалар,тойтарма аспабы (заклепочник),тойтарма шегелер жиынтықтары, әртүрлі детальдар, балғалар, тойтарма кермелер, «Құрал- жабдықтар атаулары» сөзжұмбағы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
2. Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру.
3. Құрал – жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі:
1.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2.Білім алушылардың білім деңгейлерін пысықтау:
- Металл дайындамалар қандай операциялардан өтеді?
- Бұранды тілу дегенді қалай түсінеміз?
- Бұрандының қандай түрлері бар?
- Метрикалық , Дюймдік, Цилиндрлік, Тіректік, Конусты бұрандыларға сипаттама беріңдер?
- Бұранды тілуді механикаландыру дегеніміз не?
3. Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру:
* Тойтарма процесінің мәні, мақсаты.
* Тойтарма түрлері, жіктері.
* Тойтарманың күнделікте өмірде , тіршілікте кездесетін тұстары.
* Тойтару жұмысына керекті аспаптар, құрылысын сипаттау.
* Тойтару процесін механикаландыру.
* Тойтару жұмысндағы ақаулар, ақаулардың алдын алу.
* Тойтару жұмысы кезінде сақталуға тиісті техника қауіпсіздігі ережелері.
Тойтару қоспаларының түзілуі
Техникада детальдарды қосудың екі түрі кездеседі: алмалы және алынбайтын қоспалар. Алынатын қоспалар ажыратылып жинала алады. Мысалы: бұрандылар көмегімен жиналатын қоспалар. Алынбайтындарға ажырату үшін детальдардың біреуін сындырп бұзуға тура келетін қоспаны айтады. Бұған тойтару процесінде түзілген тойтарма қоспалар кіреді. Сонымен тойтарудың көмегімен ажырамас қоспалардың пайда болуы жөніндегі операция т о й т а р м а деп аталады. Тойтарма қоспалар жылжымалы және жылжымайтын болып бөлінеді. Жылжымайтын қоспаларға (металл конструкциялар): көпірлер, рамалар, тойтарма біліктер жатады. Қазандар мен ыдыс-аяқтарда да кездеседі. Жылжымалы қоспаларға: есік-терезе топсалары, кемпірауыздар, қысқыштар, қайшы сияқты құралдарда кездеседі.
Т о й т а р м а дегеніміз - шоқпар басты, салма дейтін цилиндр стержень. Ұшы шағын конус тәрізді болады.Түрлері: жартылай жұмыр, далдалы, жартылай далдалы, тапал, жадағаай басты, т.б.. Тойтарманың стержень диаметрі жапсарланатын детальдың қалыңдығына қарай таңдалып алынады.
Детальдардың тойтарылып қосылған жерлері тойтарма жіктері деп аталады.
Тойтарма жіктерінің түрлері
![]()
Атқаратын қызметіне қарай
Тойтарманың орналасуына қарай
Детальдың орналасуына қарай
Көп қатарлы жік
Бір қатарлы жік
Мықты
Тығыз
Айқаспа жік
Қауыспалы жік
Тойтару процесі үшін кермелер, сықпалар, ұстағыштар, балғашалар керек. Тойтару жұмыстарының көлемі көп болғанда оларды механикаландырады. Ол үшін пневматикалық балғашалар, арнаулы престер, тойтару машинкалары қолданылады.
Тойтару жұмысы еңбекті көп қажет ететін, ауыр да қымбатқа түсетін операциялар санатына жатады. Мұның кемшілік жақтары мыналар:
А) операциялар санының көптігі (көптеген тесікті ойып тесу, оларды бұрандалау, листтерді созғылау, тойтармаларды ашу,бастарын қалыптау,т.б.);
Ә) тойтаруда жұмыс өнімділігі төмен, өйткені әрбір тойтарманы жеке жасауға тура келеді;
Б) негізгі металл тесіктер жасалап нашарланады да тігістердің беріктігі бүтін листтің берікутігінен нашар боп шығады;
В) қол жұмыстарының көп бөлігі тіпті тойтару механикаландырылған болсада кемшілікке жатады.
Сондықтан қазіргі кезде тойтару процесі ығыстырылған және ажырамас қоспалар пісіру және желімдеу сияқты жұмыс түрінің прогрессивті және өнімді тәсілдермен ауыстырылған. Жаңа технологиямен дамыған құралдарды пайдалану – өндірістің талабы. Сондықтан жаңа құралдардың пайда болуы заңды, ал ол құралдарды игеру – біздің міндетіміз.
Тойтару кезіндегі брак
|
Р.с. |
Ақаудың сипаттамасы |
Ақаудың себептері |
|
1 |
Тесіктегі стерженнің майысуы |
Тесік диаметрі үлкен |
|
2 |
Материалдың қайшы келуі |
Тесік диаметрі кіші |
|
3 |
Салма басының ауысуы |
Тесік қиғаш тесілген |
|
4 |
Түйін бастың майысуы |
Тойтарма стержені ұзын, тесік осі бойынша қойылмаған |
|
5 |
Листтер арасының ажырауы |
Листтер созбамен тығыздалмаған |
|
6 |
Листтің жиырылуы |
Сықпаның ойығы бас диаметрінен үлкен |
|
7 |
Керілмеген бас |
Тойтарғанда салма бас сырғып кеткен |
|
8 |
Бүкпе бас деталь үстіне шығып тұруы |
Бас аясты ұясының тареңдігі саяз |
|
9 |
Тойтарма басындағы жарықшалар |
Тойтарма материалы пластикалығы жеткіліксіз |
|
10 |
Түйіспе бас формасы дұрыс емес |
Тойтару балғасының қуаты шағын. Демек салмағы жеткіліксіз. |
Тойтару жұмысы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау керек: сапқа нашар отырғызылған балғалармен жұмыс істеуге жол берілмейді. Балғалардың сабында жарықшақтар болмауы тиіс, қолға ұстағанда қатты қысып ұстауға болмайды. Тойтару балғаларымен ұзақ уақыт жұмыс істеп, олардан шығатын шудан есту органдарын бүлдіріп алуға болады, сондықтан пневматикалық балғалармен тойтарғанда у-шуды азайтатын құлаққап киіп, жұмыс істеген жөн. Пневматикалық балғалармен жұмыс істегенде соққы сайын қолға түсетін күшті байқау керек. Қатты соққыдан қолды зақымдап алудан сақтанған жөн. Ережені сақтап жұмыс жүргізу жұмыс өнімділігінің басты негізі екенін есте сақтайық.
4. Кіріспе нұсқауды пысықтау:
-
Тойтару дегеніміз не?
-
Қандай тойтармалар болады?
-
Тойтару үшін қандай құрылғылар керек?
-
Ашық және жабық тойтарманың ерекшеліктері мен айырмашылықтары қандай?
-
Тойтарма жұмысы кезінде ақаулардың пайда болу себептері?
-
Қандай ТҚ ережелерін сақтауымыз қажет?
«Құрал- жабдықтар атаулары» сөзжұмбағын шешу:
1.Слесарьдың жұмыс орны
2. Металдан жоңқа шығарып кесу аспабы
3. Металды жоңқасыз кесетін сайман
4.Дайындама бетіне белгі салу құралы
5. Металды бөлу аспаптарының бірі
6. Металды тесуге арналған құрылғы
7. Ішкі бұранды тілу аспабы
8.Слесарьдың негізгі құралының бірі.
Жауабы: ТОЙТАРМА
ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмыстарын көрсету:
1. Құрал –жабдықтарды дайындау.
2. Айқара екі қатарлы, шахматтық ені 100 мм және қалыңдығы 0,5 мм екі
металл дайындаманы тойтару жұмысы.
3. Технологиялық нұсқау карталарын тарату.
ІҮ.Ағымдық нұсқау:
1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу.
2. Білім алушыларды тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.
3. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру.
1-аралау: Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын,тазалығын және жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.
2-аралау: Технологиялық жұмыс карталары бойынша жұмыс жүргізулерін бақылау.
3-аралау: Жұмыс процесінің жүруін, құралдарды дұрыс, ережеге сай ұстай білулерін, білім алушылардың іс –қимылдарын тексеру.
4-аралау: Жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау.
5-аралау: Қателіктер жіберген білім алушыларға ескертулер жасап, қосымша нұсқаулар беру.
6-аралау: Орындалған жұмыстарды тексеру, қабылдау, бағалау.
7-аралау: Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, құрал –саймандарды тазалап, орындарына салу. Шеберхана ішін тазалау, верстактарды сүрту.
Ү.Қорытынды нұсқау:
1.Сабақты қорытындылау: Білім алушылардың жаттығу орындауларын сараптау.
2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай білім алушылардың еңбектерін,білімдерін бағалау.
3. Үйге тапсырма беру: Тойтарма жасау кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін пысықтау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген