Материалдар / "Толағай" отбасылар сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Толағай" отбасылар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тәлімгерлеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені» КММ











Shape1

































2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, спортты серік етуге шақыру, ата аналармен байланыс орнату.

Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

9 қыркүйек Халықаралық отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған
«Біз отбасымызбен біргеміз» атты «толағай» сайысына қош келдіңіздер!
- ( Толағай әні ойнап тұрады )
2 Жүргізуші:
:

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысын ұйымдастырып отырмыз.

1 Жүргізуші:

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз)

Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «Қыран»тобын шақырамыз 2 сынып атынан Бекмағанбетовтер отбасын қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын 3 сынып атынан Өтешовтер отбасын қошеметтеп қарсы алайық.

Спорт көркі өмірдің,

Спорт досың серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың,

Шынығып өсіп толарсың,-

деген ұранмен 4 сынып атынан «Болашақ» тобы Айтқожақовтар отбасын қошеметтеп қарсы алайық.

Парасатты айбынды,

Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы, дей келе 5 сынып атынан «Достық» тобы Қарақұловтар отбасын қошеметтеп шақырайық.

1 Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса , дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана - шаңырықтың іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға әке мен ананың рөлі орасан зор. «Толағай» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің балалар қауымы мен сүйікті де белсенді ата –аналарының арасында өткізілгелі отыр.

2 Жүргізуші: Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

1 Жүргізуші:

Спорт сенің серігің,

Жанға дауа, қолға күш.

Сергітетін адамды,

Қимыл менен қозғалыс,-дей отырып спорт биімен 6 сынып оқушыларын шақырамыз.

2 Жүргізуші: Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар

алқасымен таныстырып өтейік.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Жұматов Азамат Көшкінбайұлы

Хабиев Жаулыбай Иман Мәлікұлы

Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

1. Таныстыру (Әр топ өз атын, ұранын таныстырып өтеді.)

2. «Пингвиндер» сайысы . Ойыншы аяқтың арасына допты қыстырып, белгіленген межеге дейін секіріп барып, доппен секіріп қайтады. Ойын осылай жалғаса береді.

3. Кенгуру (қапшықпен секіру сайысы) (ата-аналарға)

4. Мақал- сөздің мәйегі (кедергілердің арасымен жүгіріп барып, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазу ) Аналар сайысады

5. Асық ату (Әкелер сайысы)

5. Эстафеталық ойындар (әкесі допты теуіп,кедергілердің арасымен өту, анасы скакалка,баласы машина)

6. Кім шапшаң? (Әкелердің көздері байланады. Балаларын иығына мінгізіп алып, жерде жатқан жеміс жидектерді жинау керек.)

7 «Тапқырлар» сайысы (Отбасының әкелеріне жасырын сөздер көрсетіледі, сол сөздерді отбасы мүшелеріне ыммен, мимикамен көрсетулері керек. Ал отбасы мүшелері жасырылған сөзді табулары керек)

8. «Суретшілер» сайысы Әкелер допты жерге соғып барып сурет салып кетеді. Отбасының қалған мүшелері сол суретті аяқтауы керек. Отбасы мүшелерінің ойы бір жерден шығуы керек.

9. «Паравоз» сайысы. Отбасы мүшелері паравоз болып жүріп, кедергілерден өтіп, жолдағы кедергілерді бұзбай орнына қайта келулері керек.

Дайын болсақ, бүгінгі сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп ойынымызды бастаймыз!

Әр кезең сайын әділқазылар алқасынан ұпай санын сұрап отыру.

Азамат сайыс қалай өтіп жатыр деп ойлайсың?

Білмеймін, оны көрермендерден сұрап көрсек қайтеді?

Әрине, ендеше көрермендерге ашық микрофон жолдайық.

  • Сайыс қалай өтуде?

  • Сіздің ойыңызша қай отбасының қимылы шапшаңырақ?

  • Спортты серік етесіз бе?

  • Бүгінгі сайыста қай отбасы жеңіске жетеді деп ойлайсыз?

  • Сайысқа қатысушы отбасыларға тілегіңіз


Осымен «Толағай» отбасылар сайысы өз мәресіне таяп қалды. Әділқазылар алқасы қорытындылап болғанша, барлығымыз толағай әнін бірге шырқайық.

Сөз кезегі әділқазылар алқасында.





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!