Материалдар / Толағай, отбасылық сайыс, 2 сынып

Толағай, отбасылық сайыс, 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасылық сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
518
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Толағай»

отбасылық сайыс


2 «Г» сынып жетекшісі: Зейнуллақызы Қ.


























Жаркент қаласы

2020 – 2021 оқу жылы






Тәрбие сағатының тақырыбы: «Толағай»


Мақсаты: Денсаулықты сақтай отырып, спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру. Ата - аналар мен балалары арасындағы қарым – қатынасты нығайту.

Салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықты күтуге, бағалауға, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.


Түрі: отбасылық сайыс.

Әдісі: ойын, жарыс.

Көрнекіліктер: спортқа байланысты нақыл сөздер, шарлар, т.б.

Керек құралдар: шарлар, доптар, шеңберлер, кедергілер, секіртпелер, т.б.

Өтілетін орны: спорт кешені.

Өтілетін күні: 30.09.2015ж

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.


1 – жүргізуші:

Құрметті ата – аналар мен оқушылар және ұстаздар! Денсаулық құпияларының бірі – «спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!


2 – жүргізуші:

«Толағай» отбасылар сайысы еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгін біздің мектебіміздің 3 «В» сынып оқушылары мен және олардың ата - аналары арасында өткелі отыр. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш.


1 – жүргізуші:

Бүгінгі біздің сайсымызға 4 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топ құрайды.Әр топ жеңіс мәресіне жету бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата – аналарымыздың қолынан келеді. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар тілейміз!



2 – жүргізуші:

Жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға,

Болмасаңда ұқсап бақ

Жарысқа түсіп қалайда.


(«Толағай» әуенімен) сайысқа қатысушылармызды ортаға шақырамыз.


1 – жүргізуші:

Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер,

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.






2 – жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділ қазы алқаларымен таныстырып өтейін.


1.

2.

3.



Бірге: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

(«Толағай» әуені ойналады)

Біздің кезеңдерімізбен таныс болыңыздар.

  1. «Таныстыру, топтың ұраны»

(Әр команда өз тобын таныстырып, топтың ұранын айтады)

Әділ қазы алқаларының бағасын тыңдайық!


  1. «Желаяқтар»

(Шарты: сайысты желаяқтар жүрісімен жылдам жүріп барады да, келесі ойыншының алақанынан ұрып, эстафетаны береді. Қайтар жолда отырып жылдам жүріспен келеді. Алдымен әкелері бастайды. Нәтижесі: ойын шартын бұзбау және уақыттан аспау)

Әділ қазы алқаларының бағасын тыңдайық!


  1. «Қосаяқ»

(Шарты: Әр команда мүшесі секіртпемен қосаяқпен кедергілер арасынан өтіп секіру. Нәтижесі: ойын шартын бұзбау және уақыттан аспау)

Әділ қазы алқаларының бағасын тыңдайық!


  1. «Тәтті жұп»

(Шарты: Әр командадан шеңбер ішіне екі адамнан кедергілер арасынан жүгіру. Осылай ойын жалғасады. Нәтижесі: шеңбермен кедергілерден өту және уақыт )

Әділ қазы алқаларының бағасын тыңдайық!


  1. «Кім жүйрік?»

(Шарты: Қапты киіп кедергілерден жүгіру арқылы өту. Қайтар жолда қаппен секіріп қайтады. Алдымен ұлдары бастайды. Нәтижесі: ойын шартын бұзбау және уақыттан аспау)

Әділ қазы алқаларының бағасын тыңдайық!


  1. «Пингвиндер»

(Шарты: Допты екі аяқтың ортасына қысып алып, жерге құлатпай пингвин жүрісімен жүріп, мәре сызығына келіп, алақанын қабырғаға ұрып, қайтар жолда жүгіріп қайтады. Нәтижесі: ойын шартын бұзбау және уақыттан аспау)

Әділ қазы алқаларының бағасын тыңдайық!


  1. «Егін егу, егін жинау»

(Шарты: Барлық команда картопты бір уақытта ата - анасы егіп кетеді, балалары жинап кетеді. Нәтижесі: ойын шартын бұзбау және уақыттан аспау)

Әділ қазы алқаларының бағасын тыңдайық!




  1. «Арба»

(Шарты: әр команда мүшесі шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі: допты дұрыс бағыттау және уақыт)

Әділ қазы алқаларының бағасын тыңдайық!


  1. «Тасымал»

(Шарты: Команданың барлық мүшесі бірге қатысады. Анасымен әкесі қолдарын баланы отыратындай етіп ыңғайлап ұстап, баланы көтеріп, кедергілерден өту арқылы жүгіру. Жарыс осылай жалғасады. Нәтижесі: мәреге бірінші жету)

Әділ қазы алқаларының бағасын тыңдайық!


  1. «Арқан тарту»

(Шарты: екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұстап, бір – біріне қарама – қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Қай топ сызықтан бірінші болып шықса, сол топ жеңімпаз. )

Әділ қазы алқаларының бағасын тыңдайық!


1 – жүргізуші:

Спорт біздің досымыз,

Күш қайратын сынға алған.

Спорт біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған.


2 – жүргізуші:

Басты байлық – денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек.


Әділқазы алқаларының әділ бағалары дайын болғанша сыныбымыздың өнерпаздарына кезек берейік.

Ән: Орындайтын

Би: Орындайтын

Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.

Мұғалім: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата – ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. «Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Бүгінгі жетістіктеріңізбен құттықтаймын!

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ