"Толағай" спорттық сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Толағай" спорттық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс Мақсаты: Балаларға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Сабақ түрі: Эстефеталық ойын Көрнекілік: шеңбер,қап,доп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс

Мақсаты: Балаларға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Эстефеталық ойын

Көрнекілік: шеңбер,қап,доп


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.


Жарысымыздың әділ бағасын беретін әділ – қазылар алқасымен таныс болайық.


Әділ-қазылар: Балабақша директоры Ж.М.Тулегожаева

Балабақша әдіскері А.А.Ізберген

Балабақша медбикесі Б.Клаубаева


Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

«Тұлпар» және «Сұнқар» тобын шақырамыз.

(әр топ орындарына келіп, ұрандарын айтады)

«Тұлпар» тобы

Жеңілмейміз озамыз,

Тұлпар тобы боламыз.

«Сұңқар» тобы

Қайратты, батыл баламыз,

Шындарға биік шығамыз.


Видеороликты тамашалайық «Толағай туралы аңыз»


Видеороликтен кейінгі сұрақтар:

1.Толағай деген кім?

2.Неге аты Толағай деп ойлайсыз?

3.Толағай секілді мықты болғыларыңыз келеме балалар?

Ендеше Толағай атты эстафеталық сайысымызды бастайық


Спорттық сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.

  1. кезең «Поровоз» ойыны

  2. кезең. «Су жинау» ойыны

  3. кезең. «Кенгру» ойыны.

  4. кезең. «Кім шапшаң?» ойыны

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар тілеймін!

Сайысымызды бастаймыз.


1- кезең «Паравоз» ойыны.

Мақсаты: Топ басшысы шеңберді алып кедергілерден айналып келіп, келесі адамын шеңберге кіргізіп қайтадан жүгіру. Сөйтіп барлық адамдарын шеңберге жинау керек.

-Балалар, түсіндікпе?

- Олай болса ойнымызды бастаймыз.



2 - кезең. «Су жинау» ойыны

Мақсаты: 1 жерден 2 жерге ағаш қасықтың көмегімен су жинау.


3 – кезең. «Кенгру» ойыны

Мақсаты: Қапты аяққа кие отырып, кедергілерден өтіп тапсырманы орындау керек. Тапсырманы орындап болғасын, кедергіден қайта өтіп келесі адамға беруіміз керек.


4 – кезең. «Кім жылдам?» ойыны

Мақсаты: Балалар бір қатарда тұрып, қолдарын жоғары көтеріп допты алып алдыңғы баладан соңғы балаға дейін жалғастырып шығады қай топ бірінші аяқтайды сол жеңеді

Қорытынды:

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол –

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады.

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлыАбай данамызда.


Құрметті апайлар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет.



 







«Айназ» жекеменшік балабақшасы

















«Толағай» спорттық сайысы

«Ақбота» ортаңғы тобы















Тәрбиешісі: Шамун А.











2021 – 2022 ж.ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2022
383
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі