"Төлдермен тілдесу" ашық оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Төлдермен тілдесу" ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммункация

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Төлдермен тілдесу

Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыта отырып,ата-бабамыздан келе жатқан кәсіпке мағлұмат беру,төрт түлік малдың пірлері мен оның пайдасына тоқталу,төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Төрт түлік малдың және төлдерінің суреттері,төрт түлік пірлері,жайлау суреттері,сүт,қымыз,жүннен тоқылған киімдер.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,ойын,жұмбақтар шешу

Билингвальды компонент: үй жануарлары-домашние животные

Сөздік жұмыс: пірі,төлі,енесі



Оқу қызметінің

кезеңдері

Педагогтың қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қане біздер қол ұстасып,

Күлімдесіп қарайық.

Бір-бірімізге «сәлем» айтып

Шүбірлесіп тарайық.

Шаттық шеңберіне тұрады

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын ,сол жұмбақтарды шешсеңдер,бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы шығады.

Басында таяғы бар

Төрт аяғы бар

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар

Бұл қай жануар?

Жарайсыңдар,балалар!

Ешкінің пайдасы-ең бірінші жүні.Жүніне қарай «ангор» деген ерекше түрі бар.Оның жүнінен биялай,күртеше,орамал тоқылады.Сүті өте пайдалы,кішкентай балаларға береді.

Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар

Бұл қай жануар?

Қойдың пайдасына келсек,терісі пайдалы,еті тәтті,қойдың жүнінен көрпе,күртеше,қолғап,байпақ тоқиды,киіз басады.

Екі айнасы бар

Төрт тармағы бар

Бір шыбыртқысы бар,

Қай жануар?

Балалар,сиырдың ерекшелігі көп сүт береді.Сүтінен тәтті айран,құрт,ірімшік,май жасайды.Сонымен ,біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай болды?

Ал, енді балалар,төрт түліктің төлдерін қалай атайтынын көрейік.

Сиыр төлі-бұзау

Жылқы төлі-құлын

Ешкі төлі-лақ

Қой төлі-қозы

Түйе төлі-бота.

Сахналық көрініс:«Төлдер айтысы»

(Төлдер айтысып болған соң Шопан










ешкі











қой







сиыр






Төрт түлік мал


ата келеді)

Шопан ата:Сендер бостан-босқа таласпаңдар,мен сендердің барлығыңды жақсы көремін.Адам үшін барлығың да керексіңдер.Сендерсіз адам қалай өмір сүреді?Одан да жүріңдер.Сендер жайлы балалардың не білетінін көріп қайталық.

Тәрбиеші:Әрине,Шопан ата жақсы келдіңіз.Енді біздің балалар төрт түліктің пірлерінің аталуын және қалай шақыратынын айтып береді.

Сергіту сәті:

Құлағы кішкентай

Тұяғы кішкентай

Көзі жұлдыздай

Жүні құндыздай

Ақ емес,шұбар лақ

Ойынға құмар лақ

Шақырсаң келеді

Би билеп береді.

Ойын:«Мынау ненің дауысы?» Мен сендерге үй жануарларының дыбысын қоямын,сендер соны тауып айтасыңдар.












Балалар өз білгендерін айтады.


Тәрбиешіге қарап қимылдарды жасайды.








Шыққан дауыстарды қайсысы қай жануардікі екенін айтады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар,жануарларды ұруға,тебуге бола ма?

Ал ,енді балалар,Шопан атаға қорытынды ретінде «Жайлау » көрінісін жапсырып,сыйлық жасаймыз.

Жоқ.

Тәрбиешіге қарап жапсырады

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: Төрт түлік түрлерін,қайда жүретінін,пайдасын.

Түсінеді: Төрт түліктің төлдерін және қалай дыбыстайтындарын

Қолданады: Жануарларды күтуді,бағуды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.08.2018
655
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі