Материалдар / «Төлдің колибактериоз ауруы»

«Төлдің колибактериоз ауруы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ветеринария мамандығында оқитын колледж студенттері үшін, «Төлдің колибактериоз ауруы» тақырыбындағы ашық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2024
114
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эпизоотология микробиология пәнінен «Төлдің колибактериоз ауруы» атты ашық сабақ

Жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (25 мин)

Жануарлардан қан алу техникасы. Аллерген, бруцеллездік екпе салу

1. Жылқыдан қан алуды ұйымдастыру

2. Аллергендік сынама жүргізу

3. Бруцеллездік екпе салу

4. Оқушылар өздері ізденіп, жасаған тәжірибелік жұмыстарын бейнебаянға түсіру (қан алу, екпе салу, сынама жүргізу)

5. «Телетайп» әдісі

ІІІ. Жаңа сабақ (35 мин)

  1. Кроссенс әдісі

  2. Колибактериоз ауруы қоздырушысы, төзімділігі және патогенезі

  3. Аурудың індеттік ерекшеліктері

  4. Аурудың клиникалық және патолого-анатомиялық өзгерістер

  5. Ауруды дауалау және алдын алу шаралары ерекшеліктері

  6. Колибактериоз ауруына бейнеролик

ІV.Бекіту (20 мин)

  1. «Суретті тест» ойыны

2. «Домино» әдісі

3. «Нысан салу» рефлексиялық әдісі


V. Бағалау (5 мин)

VІ. Үй тапсырмасы (2 мин)


VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер















Пәні: Эпизоотология микробиологиясымен

Сабақтың тақырыбы: Төлдің колибактериоз ауруы

Сабақтың мақсаты: Шаруашылықта төлдің инфекциялық колибактериоз ауруын алдын алу және жою шараларын білу

1) Білімділік: Оқушыларды колибактериоз ауруының пайда болуы, дерттенуі, аурудың асқынуы туралы түсіндіру, меңгерту.

2) Дамытушылығы: Оқушылардың патолого-анатомиялық өзгерістері, емі,балауы туралы түсіндіру, алған білімдерін тәжірибеде қолданып, есте сақтауға қалыптастыру

3) Тәрбиелік: Оқушыларды колибактериозбен ауырған малды балауды, емдеуді және алдын алу маңыздылығын білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: бейнебаяндар, суреттер, ветеринариялық құрал-жабдықтар

Сабақ түрі: Теориялық

Сабақтың пәнаралық байланысы: Жануарлар физиологиясы, химия, анатомия, індеттану микробиологиясы

Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру, СТО

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

  2. Аудитория тазалығын бақылау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (30 мин)

Жануарлардан қан алу техникасы. Аллерген, бруцеллездік екпе салу

1. Жылқыдан қан алуды ұйымдастыру

2. Аллерген

3. Бруцеллездік екпе салу

4. Оқушылар өздері ізденіп, жасаған тәжірибелік жұмыстарын бейнебаянға түсіру (қан алу, екпе салу, сынама жүргізу)

5. «Телетайп» әдісі


1-тапсырма. Әр топтан бір оқушы шығып шаруашылықта, нысандарда қан алу, екпе салу, аллергиялық балау жұмыстары бойынша үй тақырыбын айтады және жүргізілген зертханалық жұмыстарын бейнебаянда көрсетеді.

Жоғары 50 ұпай алған оқушы, өз шаруашылық кірпішін қалайды.

2-тапсырма. «Телетайп» әдісі бойынша алдарындағы сандықшаның ішінен жасырылған оқушы есімін топ басшы таңдап, берілген кірпіштердегі бейне сұраққа жауап беру қажет. Жоғары 50 ұпай алған оқушы, өз шаруашылық кірпішін қалайды.

  1. Аллергенді қандай ауруларды балау барысында пайдалануға болады?

Жауабы: Туберкулез, бруцеллез

  1. Аллергиялық балаудың маңызы қандай?

Жауабы: Нақты әрі дәл диагноз алу үшін, жасырылған ауруларды табу мақсатында маңызы зор

  1. Аллергенді енгізу әдістері және қауіпсіздік шаралары?

Жауабы: тері астына және көз коньюктивасына енгізеді,

  1. Вакцинаны ең алғаш кім ойлап тапты және қандай ауруларға қарсы қолданады?

Жауабы: Бруцеллездің қоздырғыштары 1866 жылы ешкілер мен қойлардың мальта безгегі (Brucella melitensis) ауруына себеп болған ешкі сүтінде табылған бактерияларды анықтаған Д. Брюс атымен аталған Brucella тобы болып табылады.

  1. Жануарларды қолдан ұрықтандырмас бұрын бруцеллез вакцинасын қанша ай бұрын қолlанады?

Жауабы: 2 ай бұрын

  1. Жылқы денесінде қанша литр қан болады?

Жауабы: 9 литр

  1. Қандағы эритроциттер мен лейкоциттер қанша күн тіршілік етеді?

Жауабы: 125 тәуліктей

  1. Қан неше бөліктен тұрады?

Жауабы: екіге бөлінеді

  1. Бруцеллез вакцинасын жануарларға енгізу жолдары қандай?

Жауабы: тері астына және көз коньюктивасына


III. Жаңа сабақ (20 мин)

  1. Кроссенс әдісі

  2. Колибактериоз ауруы қоздырушысы, төзімділігі және патогенезі

3. Аурудың індеттік ерекшеліктері

4. Аурудың клиникалық және патолого-анатомиялық өзгерістер

  1. Ауруды дауалау және алдын алу шаралары ерекшеліктері, емі

1. Кроссенс әдісі бойынша бүгінгі жаңа тақырыптың атауын табу қажет. Ол үшін әр топтан бір оқушы шығып, берілген адасқан әріптерден жаңа сабақ тақырыбын шығару керек.

2. Колибактериоз (Colibacteriosis), немесе эшерихиоз (Escherichiosis) – тоқтаусыз іш өтіп, дененің суланып, сусыздануымен ерекшеленетін, төлдің жіті өтетін жұқпалы ауруы.

Тарихи деректер. Бұзаудың «ақ тышқақ» ауруының жұқпалы екенін 1865 ж. Обих, ал оны ішек таяқшасы бактерияларырының қоздыратындығын Иенсен (1891) дәлелдеді. Алғаш рет Эшерих (1891) дәлеледеді.Қазақстанда төлдің колибактериозын зерттеуді 1970-жылдары Э. А. Светоч жан-жақты жүргізді.

Жаңа туған бұзау, қозы, құлын және бота ауырады, жедел өтетін жұқпалы ауру. Қоздырғышы – эшерихи коли. Олар табиғатта кең тараған, сау малдың тоқ ішегін тұрақты мекендейді. Таяқша спора түзбейді, капсула құрамайды және суда, топырақта, мал қиында бірнеше айға дейін тіршілігін жоймайды. Ыстыққа өте төзімсіз келеді, 60С-та 15 минутта, ал 100С-та бірден қырылып қалады. Нәжісте 30 күнге дейін, топырақ пен суда 2 ай сақталады. Бұл қоздырғыштардың биологиялық ерекшелігі – олардың екі түрлі у шығаруы. Бірі – сыртқы у (экзотоксин), екіншісі – ішкі у (эндотоксин). Микробтың сыртқы уы микроб клеткасынан сыртқа шығарылып, ішкі у микроб клеткасының ішінде бөлініп, қан арқылы организмге тарап, төлді уландырады. Ауру кіндік немесе ас қорыту жолы, сүт (төлге сапасы төмен, лас сүт ішкізгенде), су, жемшөп арқылы жұғады. Колибактериоздың қоздырғышын жұқтырған төлдер бірнеше сағат енесін ембей қояды, селсоқ тартып, күні бойы жатып қалады. Денесінің қызуы 40 – 40,5С-қа көтеріліп, тыныс алуы, қан тамырларының соғуы жиілейді. Төлдің асқазан-ішек жүйесінің қызметі бұзылып, тоқтамай іші өтеді, нәжісі су сияқты сұп-сұйық, көпіршіп тұрады. Кілегейлі қабықтары қызарып, көзін жұмып, жүні ұйпаланады, танауынан жылбысқы, аузынан сілекей ағады. Аурудың септикалық түрі жедел түрде өршиді, мал тез өледі. Улы түрінде төлдің іші судай өтіп, қатты уланады, мезгіл-мезгіл есінен танып, ем қолданбаса өліп қалады. Ішек қабынуы түрінде жеңілдеу өтеді, төл өлім-жітімге аз ұшырайды. Ауру малды сойғанда ұлтабарынан, ішектің ісінген ішкі кілегейлі қабығынан іріген сүттің ұйыған түйіртпектері, қан, ірің араласқан сарысу шығады. Бауыры мен көкбауыры, шажырқай бездері ісінеді.



3. Індеттік ерекшеліктері. Колибактериозбен барлық түліктің жас төлдері ауырады. Бұзау 2-7 күндігінде, қозы туа салысымен 5-7 айға дейін ауырады, құлын туа салысымен, торай туған соң бірер апта бойы, енесінен айырарда және енесінен айырған соң, құс 1 күннен 90 күнге дейін және жұмыртқалаған кезінде, терісі бағалы аңдар өмірінің бірінші аптасында ауырады.

Колибактериоз өлкелерде кең тараған. Оның басты ерекшелігі - жаңа туған төл жаппай ауырады. Жылдың кез келген маусымында байқалғанымен негізінен мал жаппай төлдеген кезде, қора жайда қоздырушы микробтың шектен тыс шоғырлануына және бейім жануарлардың көбеюіне байланысты туындайды. Қозының жаздың соңында, күздің басында шалдығуы оларды енесінен бөліп, қатаң азыққа көшіруге байланысты.

Ауру қоздырушысының бастауы – клоибактериозбен ауырған және ауырып жазылған төл, сонымен қатар олардың микроб алып жүретін енелері. Мұндай жануарлар зардапты эшерихияларды көп мөлшерде нәжісімен, кей жағдайда несебімен бөліп шығарады. Жұқтыру факторы нәжіспен және несеппен ластанған әртүрлі заттар бөліп шығарады.

Аурудың таралуына себеп болатын жағдайлар буаз малдың күтімінің нашар болуына байланысты уыздың құнарсыз болып, соның нәтижесінде төлдің ауруға төзімділігінің төмендеуі. Аурудың шығуына төлдің күтімінің нашарлығы, гигиеналық-санитариялық реттіліктің дұрыс сақталмауы көп жағдайда ерекше әсер етеді. Бұзау, лақ, қозы, торай, құлын туған кезінде қанында иммуноглобулиндер болмайды, олар алғашында тек қана енесінің уызынан төлдің қанында өтеді. Уызды жеткілікті мөлшерде жас төл ала алмаса немесе уыздың сапасы талапқа сай болмаса, онда денеге енген микробтарға, олардың ішінде эшерихияларға, ешқандай тежеу болмай жануар ауруға шалдығады.

Дерттенуі. Алиментарлық жолмен денеге енген эшерихиялар адгезиялық қасиеті арқасында ішектің эпителийіне жабысады. Жабысқан микробтар тез өсіп-өніп, әртүрлі улы заттар бөліп шығарады. Сұйық нәжіс массасы төл оргнаизміндегі су мен миреналды тұздар азаяды. Микробтар мен олардың токсиндері қанға өтіп, организмде септицемия, токсикоз процестерін тудырады.

Shape1



4. Патологиялық анатомиялық өзгерістер. Өлген төлдің өлексесі өте арық, көзі ішіне кіріп, кілегейлі қабықтары бозарыңқы. Денесінің арт жағы нәжіспен былғанған. Құрсақ қуысында сұйық экссудат іркіледі. Қарында, бұзау мен қозының ұлтабарында ұйыған сүт пен уыз болады. Қарынның ішіндегі ақшыл-сұрғылт сұйықтың иісі жағымсыз. Кілегей қабықтары домбығып, қанға кернеліп, жалқақтанады, кей жерлері қанталайды. Шажырқай сөл түйіндері ісініп, тіліп көргенде суланып, жаппай қанталайды. Бауыр ісініп, сарғыш тартады. Өттің қабы кернеліп, өтке толып тұрады. Көк бауыр көбінесе ұлғаймайды, ұлпасы болбырап, қызыл қоңыр түске енеді. Эпикардтың астында эндокардта ұсақ-ұсақ жолақтанған қанталаулар кездеседі. Мидың қан тамырлары білеуленіп, мидың өзі домбығады. Кейде өкпенің домбығуы катарлы қабынуы ұшырасады.

Shape2

Балау. Ауруды балау індеттанулық деректерді клиникалық белгілерін патологиялық анатомиялық өзгерістерді талдаумен қатар міндетті түрде бактериологиялық зерттеу жүргізу арқылы іске асырылады. Бактериологиялық тексеру үшін жаңадан өлген малдың 2-3 өлексесін немесе арнайы сойылған малды жөнелтеді. Бұл жануарлар антибактериялық дәрілермен емделмеуі қажет. Өлексені тұтас апаруға жағдай болмаса, басын жілігін, жүрегін (кесілетін тамырларын байлау қажет), көк бауырын, бауырдың кесіндісін өтімен қоса, қабынған ішектің маңындағы сөл түйіндерін, қабынған аш ішекті екі жағынан байлап, зертханаға жібереді. Тірі малдан тік ішектен катетермен сұйық нәжіс алынады.

5. Емі. Ауру төлді оқшаулап, диета қойылады. Сүт орнына тұзды ерітінділер, ацидофильді-сорпалы шоғыр (АСК), зығыр дәнінің қоспасы, мал колибактериозына (эшерихиоз) қарсы поливалентті гипериммунды қан сарысуы қолданылады. Буаз малдарға, саулықтарға егу жүргізіледі, қора-жайлар мен аулалар тазартылып, зарарсыздандырылады.Іштің өтуін тиятын дәрілер және улы заттарды сіңіріп алынған адсорбенттер, витаминдер пайдаланылады.

Алғашқы күні уыздың кезекті кесімді үлесі берілмейді, оның орнына жылы физиологиялық немесе Рингер тұзды ертіндісі беріледі. Төлді ашқарында 8-12 сағат ұстайды, бұл мерзім 24-36 сағаттан асып кетсе өміріне қауіпті болады. Колибактериозбен ауырып жазылған төлде иммунитет қалыптасып, қайтадан ауырмайды. Жас төлді бұл ауруға қарсы егу нәтиже бермейді, оларды антимикробтық препараттармен қоса пайдаланылады. Диеталық дәрмектердің ішінде сүт қышқылы бактерияларының өнімі, олардың таза өнімі, олардың таза өскіні, ашытылған сүт, айран ішектің қызметін дұрыстауға, ондағы микрофлораны қалыптастыруға жақсы әсер етеді. Колибактериозға қарсы формолтиомерсал вакцинасымен қатар буаз малға егіледі. Сиырды туарынан 6 апта және 2 апта бұрын екі рет егеді, мегежіндерді туарынан 1,5 ай және 7-10 күн бұрын екі рет егеді.

Аурумен күрес шаралары. Фермада колибактериоз байқалған кезде туған бұзауларды бөлектеп ұстап, емдейді. Бұзауға туа салысымен уызға қосып, колибактериозға қарсы 80-100 мл гипериммунды қан сарысуын және колипротектан береді. Оны уызбен 10 мл дозада екі күн қатарынан күніне 3-4 рет береді. Фермада санитариялық реттілікті күшейтіп, мал төлдейтін жас төл тұратын қораларды 4 пайыз күйдіргіш натрийдің ыстық 70 С-та ертіндісімен, 3 пайыз белсенді хлорлы әкпен немесе формалин аэрозолімен дезинфекциялап тұрады.


ІV.Бекіту (20 мин)

1-тапсырма: «Суретті тест» ойыны

Ойын шарты: Жаңа сабаққа қатысты тақтада 4 сурет беріледі, сол суретке қарап оқушылар жаңа тақырып бойынша 1 сөйлем құрастырады.

Shape3



2- тапсырма: «Домино» ойыны

Ойын шарты: Барабанды айналдырғанда әр топтан, есімі көрсетілген оқушы тақтаға шығып, өз тобына алдында берілген Колибактериоз ауруының сипаттамасын, дыбыссыз, іс-қимылмен көрсетеді.

  1. Денесінің қызуы 40 – 40,5С-қа көтеріліп, тыныс алуы, қан тамырларының соғуы жиілейді. Тоқтаусыз іш өтіп, дененің суланып, сусыздануымен ерекшеленеді.

Жауабы: Клиникалық белгілері

  1. Төлдің асқазан-ішек жүйесінің қызметі бұзылып, тоқтамай іші өтеді, нәжісі су сияқты сұп-сұйық, көпіршіп тұрады. Кілегейлі қабықтары қызарып, көзін жұмып, жүні ұйпаланады, танауынан жылбысқы, аузынан сілекей ағады.

Жауабы: Клиникалық белгілері

  1. Фермада колибактериоз байқалған кезде туған бұзауларды бөлектеп ұстап, емдейді. Бұзауға туа салысымен уызға қосып, колибактериозға қарсы 80-100 мл гипериммунды қан сарысуын және колипротектан береді.

Жауабы: Аурумен күрес шаралары

  1. Өлген төлдің өлексесі өте арық, көзі ішіне кіріп, кілегейлі қабықтары бозарыңқы. Бауыр ісініп, сарғыш тартады. Өттің қабы кернеліп, өтке толып тұрады. Көк бауыр көбініесе ұлғаймайды, ұлпасы болбырап, қызыл қоңыр түске енеді.

Жауабы: Патологиялық анатомиялық өзгерістер

  1. Колибактериозға қарсы формолтиомерсал вакцинасымен қатар буаз малға егіледі. Сиырды туарынан 6 апта және 2 апта бұрын екі рет егеді, мегежіндерді туарынан 1,5 ай және 7-10 күн бұрын екі рет егеді.

Жауабы: Емі, алдын алу шаралары

  1. Бұзаудың «ақ тышқақ» ауруының жұқпалы екенін 1865 ж. Обих, ал оны ішек таяқшасы бактерияларырының қоздыратындығын Иенсен (1891) дәлелдеді. Алғаш рет Эшерих (1891) дәлеледеді.Қазақстанда төлдің колибактериозын зерттеуді 1970-жылдары Э. А. Светоч жан-жақты жүргізді.

Жауабы: Тарихи деректер

V. Бағалау (5 мин)


Оқушылардың аты-жөні

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ бекіту

Қорытынды бағалау

Зертханалық жұмысты айту

«Телетайп» ойыны

«Суретті тест» ойыны

«Домино» ойыны

«Нысан салу» рефлексиялық әдісі


1

Амангелді Мирас







2

Амирхан Айдос







3

Әділ Асылжан










VІ. Үйге тапсырма: (3 мин)

Төлдің колибактериоз ауруының таралу жолдары

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (2 мин)

  1. Т.С. Сайдулдин «Жануарлардың аса жұқпалы және қауіпті аурулары» оқу құралы / Алматы-2015.

  2. Ө. Ығылманұлы Ветеринариялық патологиялық анатомия.1 том. Оқулық. / Алматы-2018

  3. Ж.Б.Ахметов «Патологиялық анатомия».Оқу құралы / Алматы:

«Ана тілі»-1993

  1. Интернет мәліметтері

Тапсырма!

Денесінің қызуы 40 – 40,5С-қа көтеріліп, тыныс алуы, қан тамырларының соғуы жиілейді. Тоқтаусыз іш өтіп, дененің суланып, сусыздануымен ерекшеленеді.

Жауабы: Клиникалық белгілері



Төлдің асқазан-ішек жүйесінің қызметі бұзылып, тоқтамай іші өтеді, нәжісі су сияқты сұп-сұйық, көпіршіп тұрады. Кілегейлі қабықтары қызарып, көзін жұмып, жүні ұйпаланады, танауынан жылбысқы, аузынан сілекей ағады.

Жауабы: Клиникалық белгілері



Фермада колибактериоз байқалған кезде туған бұзауларды бөлектеп ұстап, емдейді. Бұзауға туа салысымен уызға қосып, колибактериозға қарсы 80-100 мл гипериммунды қан сарысуын және колипротектан береді. Гигиеналық шаралар, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Жауабы: Аурумен күрес шаралары


Өлген төлдің өлексесі өте арық, көзі ішіне кіріп, кілегейлі қабықтары бозарыңқы. Бауыр ісініп, сарғыш тартады. Өттің қабы кернеліп, өтке толып тұрады. Көк бауыр көбініесе ұлғаймайды, ұлпасы болбырап, қызыл қоңыр түске енеді.

Жауабы: Патологиялық анатомиялық өзгерістер


Колибактериозға қарсы формолтиомерсал вакцинасымен қатар буаз малға егіледі. Сиырды туарынан 6 апта және 2 апта бұрын екі рет егеді, мегежіндерді туарынан 1,5 ай және 7-10 күн бұрын екі рет егеді.

Жауабы: алдын алу шаралары



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ