Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Төле би шығармашылығына арналған кеш
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін: Дуйсегалиева С.
Уақыты: 28.09.2023
Тақырыбы: Ұлы жүздің ұлы биі (Төле бидің туғанына 360 жыл)
Мақсаты:
Төле бидің өнегелі өмірі, қазақ қоғамындағы алатын орны ,әділ билікке негізделген аталы сөздері туралы ақпарат бере отырып, шешендікке баулу, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Шара түрі: әдеби кеш
Өтілу барысы
Кіріспе сөз
Жүргізуші.
-Балалар,Төле би кім? деген сұраққа жауап беріп көрейікші.
( Оқушылар жауабы тыңдалады)
Слайд. «Төле бидің шығармашылық өмірбаяны»
Төле би (1663–1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында туған. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан. Әкесі Әлібек момындығы үшін ағайындары арасында «қарашоғыр» атанғанымен, өзіндік беделі бар би болған. Бала күннен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, жұрт танған, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған.
Бағытталған оқу әдісі негізінде әңгімені оқыту. Төленің жас кезі. Жотада мал бағып жүрсе, анадай жерде бес-алты аттылы кетіп бара жатады. Бала олардың алдынан шығып сәлем береді. Орталарындағы ақсақалды Қоңқа би деген жасы жетпістерге келген кісі екен.
-
Балам, бұл қай ауылдың малы?
- Әлібек бидің.
- Анау үйездеп жатқан жылқылар кімдікі?
- Ол Жыланкөз байдікі.
- Е, е, іздеп келе жатқанымыз сол Жыланкөз бай еді.
- Менің де сол ауылға барар шаруам бар еді, сіздерге ілесе барайын,
- дейді Төле бала.
Олар жүріп келе жатып сәске түс кезінде көп жылқыны көреді.
Жылқының көптігі соншалық, кіші бесінге дейін шетіне шыға алмайды.
Сонда жолсерік бала:
- Ата, мынау жылқы қандай байдың жылқысы болды екен? Білесіз бе? -
деп сұрайды. Оған Қоңқа би:
- Қарағым, бұл нысапсыз деген байдың жылқысы, - дейді.
- Нысапсыз деген
қандай бай? (Оқушы болжамы
тыңдалады)
- Балам, айтайын: нысапсыз деген, осы малды жия берген, жия берген.
Бұл нашарға, кедейге қайырымы жоқ, ат майын бермейтін байдың
малы.
Олар одан әрі жүріп келе жатады. Кенет кең далада жайқалып өсіп
тұрған қалың егіннің үстінен түседі.
- Ойпырым-ой, ата, мынау қандай адамның егіні болды екен? Көз жауын
алып, жайқала өсіп тұр ғой, - дейді бала.
- Ә, шырағым, бұл егін қайырсыз деген байдың егіні.
- Қайырсыз деген бай
ма? Қай ел болады, ата? (Оқушы болжамы
тыңдалады)
- О, шырағым, айтайын. Бай бір өзі пәлен адам жалдап, осынша жерді айдатты. Арзанға жұмыс істетіп, еңбегін бір жеді. Енді егінді біреудің еңбегімен орғызып, қырманға салды. Бастыртып, қамбаға құйды. Мұның бәрін өзі істемеді, біреуге істетті. Сонан соң елде астық болмай калған жылы қымбатқа сатты. Өзі жан қинамай үйде май шайнап жатты. Келесі жылы тағы егін ектірді. Енді екі есе адам жалдады. Жылдан-жылға осылай кете берді. Одан жұртқа пайда жоқ. Ел ашыққанда, қымбатқа сатты. Мұның қайырсыз болатын себебі осы. Түсініп ал, балам.
-
Түсіндім, ата.
Екеуі келе жатса, бір жерде көп адам жиналып, көр қазып жатады.
- О, балам, - дейді Қоңқа би, - анау жиналған топ адам кімдер?
Көзің жетік қой, қарашы? - дейді.
Бала қарайды:
- Ата, өлген адамды қойғалы жер қазып жатқан
көрінеді.
- Ендеше, сен барып біліп қайт. Көметіндері өлген адам ба, тірі адам ба екен? Соны сұрағын.
Бала шабады да
кетеді. Барып көр қазып жатқандарға сәлем береді.
- Сіздердің жерлейтіндеріңіз өлген адам ба, тірі адам
ба?
-Адамдардың әрекеті қандай болады? (Оқушы болжамы
тыңдалады)
Жақыны өліп, жаны күйіп тұрғандардың біреуі:
- Не деп былшылдайды мынау? - Екінші бірі келіп, баланы қамшымен
басына салып жібереді.
- Иттің баласы, не оттап тұрсың?
Бозбалалардың екеу-үшеуі оған жабыла кетіп
еді, араларындағы бір қария кісі:
- Тоқтаңдар, - дейді айқайлап: - Әуелі жөн сұрайық. Қайдан келе
жатқан бала екен, білелік. Кәне, балам, сен не дедің? - дейді.
- Көміп жатқандарыңыз өлі адам ба, тірі адам ба? - дедім.
- Қарағым, осы сөзді өзің айтып тұрсың ба, жоқ басқа біреу айтқызды
ма саған?
- Қасымда үлкен кісі бар еді. Сол кісінің атқосшысы едім. Ол
кісі:
- Аналардың жерлейін деп жатқаны өлген адам ба екен, тірі адам ба
екен, барып біліп келші? - деп жұмсады.
- Апырым-ай, мұны сұраған қария тегін адам емес екен-ау. Қой,
баланы ұрмаңдар, жігіттер. Мұнда бір мән бар. Сол қарияны біреуің
барып шақырып келіңдер.
Екі жігіт қарияға барып сәлем береді.
- Ақсақал, бір қадірлі адамымыз қайтыс болып, соны қойып жатыр
едік, ілгерінің жолы, өлікке құран оқып аттаныңыз. Қоңқа би:
- Ә, ондай болса жарайды, - деп атының басын бұрып, әлгілерге
барады. Өлікті қойып болған соң көпшілік:
- Ақсақал, алыстан келе жатыр екенсіз. Өзіңіз де бір қадірлі кісі
көрінесіз. Бұл кісі де қадірлі адамымыздың бірі еді. Мына баланы
бізге жіберген екенсіз. Бала шауып келді де бізден:
- Қойып жатқан өліктеріңіз өлген адам ба, болмаса тірі адам ба? -
деді. Соны көңілімізге ауыр алып, осында бозбалаларымыз қол
көтерді. Баладан мұны қалай сұрадың, өзің бе, жоқ саған біреу
үйретті ме? - деп едік, "ақсақалым бар еді, сол кісі осылай сұра
деп жұмсады" - деп шынын айтты. Тағы бір қария былай деп
сұрады.
- Сізден сұрайтынымыз, мұны қалай айттыңыз? Бұл өлі адам ба, жоқ
тірі адам ба дегеніңіздің мәнісі қалай, түсіндіріңіз?
- Ә, оны дұрыс сұрайсыңдар. Тірі адам ба дегенім, артында өзіндей
болатын бала-шағасы бар ма, ас-су беретін мал-жаны бар ма дегенім.
Ал өлі адам ба дегенім, өзіндей болып өсетін артында бала-шағасы
жоқ болса, ас-суын беретін мал-жаны жоқ болса, мұның аты шын өлік,
шырақтарым. Осының қайсысы білгім келіп еді. Бұл өлік осының
қайсысы?
- Уа, ата, артында баласы бар, ас-суына жарайтын мал-жаны бар
дәулетті кісі. Қоңқа ақсақал құран оқып, бата қылады. Көпшілік:
- Ауылға жүріңіз, мейман болыңыздар, - деп өтінеді.
- Шырақтарым, маған ауылға қонуға болмайды. Мен түздің адамымын, -
деп Қоңқа би атының басын бұрып жүріп кетеді. Жолда келе жатып бала
тағы да:
- Ата, түздің адамымын? - дегеніңіз қалай? - деп сұрайды.
- Қарағым, өзің аңғарымпаз бала екенсің. Сенің атың кім?
- Атым - Төле.
- Төле қарағым,
түздің адамымын дегенім - көпшіліктің халықтың адамымын
дегенім...
- Бата берейін, сені түзде кездестіріп, серік болдым. Мен секілді
сенің де өмірің түзде өтсін, түздің адамы бол, балам, - деп бетін
сипайды қарт. Төле би есейгенше сол жол үстінде жолыққан Қоңқа
қартты үнемі құрметтеп еске алып, өзіне ұстаз тұтқан
екен
ІІ. Видеоролик.Шешендік сөздер «Төле би» туралы әңгімелер Бала Төленің билігі
ІІІ. «Тізбекті әңгіме» әдісі /Оқушылар мәтінмен танысып, әңгімелейді.
Жоңғар басқыншылары өрттей қаптап, қазақ жерін таптап, келе жатады. Қамсыз малын бағып отырған ел тым-тырақай босып үдере көшеді. Сонда жалғыз-ақ бір үй түтінін түтетіп отыра береді. Жоңғар қоңтайшысы батырларын жұмсап: - Анау жалғыз үй неғып көшпей отыр, - барып біліп келіңдер! - дейді. Келсе, ол Төле бидің үйі екен. Жоңғар жігіттері өкіреңдеп: - Жұрттың бәрі көшіп кеткенде, сен кімсің, неғып отырсың?! Төле би олардың алдынан шығады:
- Жігіттер, сабыр етіндер! Алдымен үлкен кісіге сәлем қайда?
- Әдет- дәстүрден бір сүрінген олар сәлем беріседі. - Енді тыңдаңдар, - деп сөз бастайды Төле би - шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс қашан сарыауыз балапандарын қанаттандырып өргізіп кеткенше мен еш жаққа көшпеймін. Қарлығаш - қасиетті құс, адам баласының досы. Сендер білесіңдер ме. Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардын кемесін суға батудан аман алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ болған жыланнан да корғап қалған осы қарлығаш! Мен жау келді деп үйімді жығып, оның ұясын бұзып балапандарын шырылдатар жайым жоқ! Сендердің де бала-шағаларыңды улатып-шулатып қырып, қырғын-сүргін қылып жатса, жақсы көресіңдер ме! Бар, хандарыңа осы сөзімді айтып барыңдар! Жоңғар жігіттері барып Төле бидің осы сөзін айтса, Қоңтайшысы: - Ол әулие адам екен, оған тимеңдер, оның төңірегіндегі елін де қозғамаңдар! - депті. Содан былай қарай Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кетіпті.
Аққоян жылы кар калың түсіп, көктем созылыңқырап шығыпты. Алшын аулы қыстан жұтап, ашаршылыққа ұшырапты. Күйзелген ел тоқшылық жаққа ауа көшпек болғанда, Әйтеке би оларға токтам салыпты. - Қоныс аударып, бекерге боспаңдар, одандағы Төле би еліне оншақты кісіні астық әкелуге жіберейік, - деп, өзінің баласын бас етіп ауыл адамдарын аттандырыпты. Төле би бұл кезде Ташкентті билеп тұр екен. Келген ағайындарды қарсы алып, тойындырыпты. Көлігі көтергенше астық жинап, өзін сыйлас биіне селемдемеге алты кап бидай, бір жылқы сойыс беріпті. Төле би алшын жігіттеріне біраз әңгіме, аталы сөз айтыпты. "Ал, жолдарың болсын, елдеріңе, Әйтекеңе сәлем айтыңдар" десе, Әйтекенің баласы отырған орнынан қозғала қоймапты. Төле би: - Е, е, балам, жайша тоқталдың ба? - деп сұрапты. Сонда ол: - Әлгінде айтқан аталы өсиетіңіздің аяғын біліп кетсем деп, соған қарап отырмын, - депті. - Пәлі, балам, сөздің қадірін білетін есті бала екенсің, енді ол әңгіменің мәнісін таратып берейін. Жігіт адамға басты кесір - еріншектік, ортаншы кесір - ұйқышылдық, кенже кесір - кежірлік, тілазарлық. Осы үш кесір, әдет бір адамда болса, ол адам өмір бойы оңбайды, - депті
Кеш соңын Төле бидің батасымен аяқтау.