Төлен Әбдіков. «Қонақтар».Төл және автор сөзі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Төлен Әбдіков. «Қонақтар».Төл және автор сөзі.

Материал туралы қысқаша түсінік
1)Білімділік: Қонақтар әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық – көркемдік мазмұнын ашу.Төл сөз бен автор сөзін анықтай алу. 2) Тәрбиелік: қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата - ананы сыйлауға, ата - ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу; 3) Дамытушылық: өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдіс - тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков. «Қонақтар».Төл және автор сөзі.
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Қонақтар әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық – көркемдік мазмұнын ашу.Төл сөз бен автор сөзін анықтай алу.
2) Тәрбиелік: қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу,
үлкенді, ата - ананы сыйлауға, ата - ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу;
3) Дамытушылық: өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдіс - тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.

Сабақтың типі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен кіріктірілген
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, бекіту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, Оқиға тауы, Сана сая жолы, топтық жұмыс, проблемалық ситуация туғызу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті,тарих
Көрнекілігі:Bilim Land дискісі, интербелсенді тақта, плакат, маркер.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: (үш тілде амандасу, оқушыларды түгендеу, кезекшімен сұхбат).Балалардың назарын сабаққа аудару.Шаттық шеңбері. (жүрекшелер сыйлау арқылы жылы лебіздерін білдіру)Сабақ мақсаты мен ерекшелігі, тақырыбы түсіндірілген соң оқушылар топқа бөлінеді.
ІІ. Жаңа сабақ. Тақырып тақтаға жазылады, Видеоролик көрсету арқылы жаңа сабаққа ену.

Әр топқа тапсырма беріледі.

1- тапсырма.
І топ. Әңгімені оқиға тауына талдау.


1.Әңгіменің басталуы - Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі.
2. Дамуы - Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы.
3. Байланысуы - Қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары
4. Шиеленісуі - Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні.
5. Шарықтау шегі - Мазасы кеткен қарт
6. Шешімі - Соңғы үміті орындалмаған қария
7. Қорытынды - Құлазыған көңіл
ІІ топ. Шығарманың ішінен төл сөз бен автор сөзді табу. (топтар бір-бірін смайлик арқылы бағалау)

2-тапсырма.

І топ. Шығарманың ішінен тұрақты тіркестерді табу.

ІІ топ. Кейіпкерлерге мінездеме беру. (бағдаршам арқылы бағалау)

Кейіпкерлері:
Ерғабыл қарт
Кемпірі
Сапабек (ұлы)
Тома(келіні)
Жеңіс (немересі)
Ауыл адамдары
Аспандияр (әнші жігіт)

Сапабек. Ат жақты, қапсағай сары жігіт.
Тома. Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ - толық ақ сары, ажарлы келіншек.
Жеңіс. Аяқ - қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала.
3-тапсырма.

Берілген абзацтан кейіпкердің көңіл- күйін смайлик арқылы көрсету. Сөйлемдерден төл сөз бен автор сөзідерін табу. («Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау)

1. Түстен кейін жалдап алған мәшинелерінің кабинасына Жеңіс мпен Томаны отырғызып, сыртқа Сапабектің өзі отырып, әке-шешелерімен тура өткен жылғыдай қоштасып: «Ренжімеңдер» деп ақыл айтып, ауылдан шығып кетті. Мәшине қарасы үзілген кезде ғана кемпір үн-түнсіз жаулығының шетімен көзінің жасын сүртті.

- Көзің ағарсын сенің,-деді шал ақырып,-жылама!

2.Түстен кейін жалдап алған мәшинелерінің кабинасына Жеңіс мпен Томаны отырғызып, сыртқа Сапабектің өзі отырып, әке-шешелерімен тура өткен жылғыдай қоштасып: «Ренжемеңдер» деп ақыл айтып, ауылдан шығып кетті. Мәшине қарасы үзілген кезде ғана кемпір үн-түнсіз жаулығының шетімен көзінің жасын сүртті.

- Көзің ағарсын сенің,-деді шал ақырып,-жылама!

4-тапсырма. Сөйлемді толықтыру.

1.«Повесть»-орыстың көне (дәуірінен келе жатқан) сөзі. Бұл өмірде болған оқиғаларды жылнама, (шежіре беттеріне тізіп жазу) дегенді білдіреді.

2. Повестің жанрлық ерекшелігі туралы ұғымды (әңгімемен салыстыра отырып беруге болады). Повесте бірнеше эпизоттық әрекеттер суреттеледі, (сюжет желісі күрделі, кейіпкерлер саны көп болады).
ІІІ.Бекіту.Балалар, сабағымыздың келесі кезеңі - . Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс - әрекеті, ата - анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па? Сол туралы пікір таластырамыз. жақтаушы топ, даттаушы топқа бөлініп ойымызды білдіреміз.
ІV.Сабақты қорыту.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Мұқағали Мақатаевтың «
Қариялар азайып бара жатыр» өлеңін орындау.


Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…

Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.

Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.

Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір қария болмаса бір алуыда.

Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.


VІ. Бағалау. Кері байланыс. Тақтадағы БЛОБ ағашы арқылы өздерін бағалау. Белсенділіктеріне қарай баға қойылады.

VІІ.Үйге тапсырма: «Ата – ана алдындағы перзент парызы » тақырыбына эссе жазу.










«Тексердім»

____________

ОІЖО


Рубежин жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы










Ашық сабақ тақырыбы:




Төл және автор сөзі.

Төлен Әбдіков. «Қонақтар» повесі.

(Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен кіріктірілген сабақ)

8 «а» сыныбы










Пән мұғалімдері:. Кужабаева А.М

Ғарапша Г.Е









2016-2017 оқу жылы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
647
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі