Бекітемін:
Күні:
Тәрбие сағаттың
тақырыбы: Рухани келісім күні–
бірлік пен тұрақтылық кепілі.
(http://www.youtube.com/watch?v=BTGhTLZP8d8 )
Қазақстан
Республикасының президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың сөзін талқылау, оқушылар өз ойын
айтады.
«Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп
өтті, сондықтан бізге діни фанатизм мен шыдамсыздық тән емес. Бұл
рухани дәстүр, бұл кез келген құдай сөзіне жақындыққа жол ашу –
Қазақстандағы дінаралық келісімнің басты
негізі.»
Тәрбие сағаттың тақырыбын
ашу.
Қазақстанның ішкі-сыртқы
саясатының басты мәселесінің бірі
Діндердің бейбіт қатар өмір
сүруі дінаралық диалог дінаралық қатынастағы
толеранттылық
Қазіргі толеранттылық түсінігі
1789 жылы Францияда өткен құрылтайшылар жиналысындағы «Азаматтар
мен адам құқығы декларациясында» көтерілген идея негізінде ағарту
дәуірінің ойшылдарының көмегімен мақұлданған
болатын. Бұл құжат сөз және ой бостандығын жария еткен
алғашқы құжат саналды. 1995 жылы БҰҰ-ның Білім,Ғылым және Мәдениет
Ұйымы толеранттылық жалпы құндылықтар мен сыйластық негізін қалаушы
және әлемдегі түрлі діндер,мәдениеттерді дұрыс қабылдай білу
ретінде танылған «Төзімділік ұстанымдарының декларациясын»
қабылдады. «Философиялық сөздікте»: «Толеранттылық – өзге
көзқарас,әдет,өнеге,ғұрыптарға төзімділік таныту.Толеранттылық
түрлі халықтар мен ұлттар және діндер арасындағы қатынаста өте
қажет.ол өз-өзіне сенімділік белгісі және өз ұстанымының сенімді
түсінігі,басқа пікірлермен салыстыруға қорықпайтын және рухани
бәсекелестіктен қашпайтын барлық идеялар үшін ашықтық белгісі»
«Толеранттылық» термині ұстамдылық,сыйластық және әдептілік,түсіне
және кешіре білуді өз бойына сіңіре алғандықтан кең мағынаға ие.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Діні күшті
елдің іргесі берік», «Дін достыққа, бірлікке, болашаққа
бағыттайды», «Ислам ізгілік ұрығын себеді», «Ел мен дін мұраты –
ынтымақ пен бірлік» деп аталатын мақалаларының, атының өзі айтып
тұрғандай, елдің бірлігі, діндер мен конфессияаралық татулық,
халықтар достығы жайлы болып келеді. Солардың бірін- де:
«Діндераралық түсіністік, сыйластық – уақыт
талабы».
Ұлтаралық және дінаралық
келісімнің Қазақстандық моделі
Мемлекет азаматтық қоғам
діни бірлестіктер
Тәуелсіздік алған жылдардан
бері біздің мемлекет бейбітшілікті нығайту және аймақта тұрақтылық
орнатуға қатысты бірнеше бастамаларды
ұсынды. 2002 жылдың қараша айында президент Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясындағы сөзінде барлық
конфессияларды Еуразиялық дінаралық бейбітшілік пен келісім
хартиясын қабылдауға шақырды.2003 жылдың ақпанында елбасының
бастамасымен Алматыда мемлекеттің ресми және мұсылман,христиан,
иудей,басқа конфессия өкілдері қатысқан бейбітшілік пен келісім
халықаралық конференциясы болып өтті. Онда бейбітшілік пен
тұрақтылық декларациясы қабылданды.Бұл құжатта «дін өркениеттер
диалогын байланыстырушы болуы керек»,«бейбітшілік пен халықтың
гүлденуі барлық діндер мен әлем мәдениетінің ақырғы мақсаты болып
табылады» делінген.Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әрбір үш
жылда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтті.
2003 жылы I Съезд, 2006 жылы II съезд, 2009 жылы III съезд, 2012
жылы ІV съезд өтіп, оған буддизм, индуизм, ислам, проваслав,
католик, протестант, конфуцийлік және басқа да дін өкілдері үн
қатты.Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары
съездерін өткізу – ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қолда
механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогін дамытуға
Қазақстанның қосқан нақты үлесі.18 қазан — Рухани келісім күні.
Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда
өткізілді. Содан бері бұлкүн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды
күндердің бірі.
«Еркін жауап»
стратегиясы.
— Бүгінде облысымызда қанша діни ұйым бар екендігін
білесіңдер ме?
—Қанша ғибадат нысандары бар?..
— Облысымызда шетелдік миссионерлер бар ма?
«Қазақстан – дінаралық келісім аймағы» деген сөз
орамын қалай түсінесіңдер?
«Бір айналым
сөйлесім»
Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық
кепілі.
-
Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылған ТМД
елдері арасындағы алғашқы мемлекет.
-
Қазақстан Ассамблеясының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен алғаш рет
бұрынғы Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлері съезі өтті.
-
Ислам,христиан,буддизм,иудизм діндерінің атақты
жетекшілері Нұрсұлтан (Астана) қаласын әлемдік діндер съезін
жүргізуге болатын қала ретінде мойындады. Бұл елімізде ұлттық және
конфессия аралық саясаттың халықаралық қауымдастықты қызықтыратын
ерекше маңызды ұсыныстарды жасауына себеп болғанын
дәлелдетеді.
-
1992 жылы біздің республикамызда рухани
келісімнің бірінші бүкіләлемдік дін конгресі өтті. Сол кезден
бастап жыл сайын 18–қазан Қазақстанда рухани келісім күні ретінде
аталып өтуде.
«Қонақтар» айдары. Балалар,
қане назарымызды қонақтарымызға
аударайық.
Қорытынды: Балалар,
«Татулық-достық кепілі» деп бекер айтылмаған. Еліміз тыныш,
жұртымыз аман болсын! Белсене қатысқандарыңызға
рақмет!
«Сарысай негізгі орта
мектебі»КММ
«ТОЛЕРАНТТЫҚ ӘЛЕМГЕ
ЖОЛ»
(тәрбие
сағаты)
Өткізген: Қойшықараева
А.Е.
2-сынып
2021-2022 оқу
жылы