Толеранттылық бейбітшілікке алып баратын жол

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Толеранттылық бейбітшілікке алып баратын жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Толеранттылық бейбітшілікке алып баратын жол
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» 

Жатақхана меңгерушісі    

_________Джусипова Ю.К.  

«_04 » _02_ 2025 ж.




  













ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Толеранттылық – бейбітшілікке апаратын жол»







 






Жауапты: Дуйсебаева Д.А











Шымкент 2025



Тақырыбы: «Толеранттылық – бейбітшілікке апаратын жол»

Мектеп:  Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 04.02.2024 ж.

Тәрбиеші: Дуйсебаева Д.А.


«Өркен» тобы


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Мақсаты: 

Оқушыларды бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен сыйлас болуға үйрету, оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Адамдар арасындағы жеке қарым-қатынастарды көруге үйрету. Толеранттылықты қандай да бір кикілжің кезінде дұрыс пайдалануға үйрету.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, мақал-мәтел, плакат, маркерлер


Тәрбие сағатында қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Құрмет

  • Ашықтық

  • Отансүйгіштік және жауапкершілік

  • Адалдық

  • Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер

  • Жаһандық азаматтық

Құндылықтар

  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

  • Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы

  • «Skillfolio» курсынан  алынған тәжірибені қолдану

Ресурстар

Интернет ресурстары, слайдтар, бейнежазбалар,

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Тәрбие сағаты барысы

Басы

Тақырыпты ашу









Жаңа білім

















Ортасы

Психологиялық даярлық. «Мен тілектеспін!»

Оқушылар, әуелі бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық! Осылайша, бір-бірімізге тілектестік білдіріп, жақсы көңіл-күй сыйлайық!

Қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, толеранттылық деген сөзді кім қалай түсінетінін ортаға салайық. Сіздердің ойларыңызшы Толеранттылық деген не?

Толеранттылық латын тілінен аудармасы– шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту.

Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне қарамастан, төзімділік танытып, түсіністікпен қарап, оларды өзіндей қабылдау қасиеті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: « Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісінде қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ереже ұсынылған.

Бұл, біріншіден, 135 этностың басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы, екіншісі – толеранттылық болса, үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау.

«Толеранттылық» ұғымын әрі қарай терең ұғыну үшін, берілген мақал-мәтелдердің мәнін ашып көрейік.

Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі мықты ел озады.

«Алтау ала болса-ауыздағы кетеді Төртеу түгел болса – төбедегі келеді»

«Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»

Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді.


Ситуациялық жағдай. Берілген әртүрлі жағдайларда өзіңізді қалай ұстайтыныңызды айтыңыз.

«Отбасында»

Анасы терезеден қызының Динара есімді қызбен сөйлесіп жатқанын көрді, ол туралы басқалар жаман пікірде. Қызы үйге оралғанда анасы екеуінің арасында әңгіме өрбіді. Анасы қызының Динарамен сөйлескенін қаламайтынын айтты, өйткені олар ол (қызы) туралы жаман сөздер айтады деп қорқады. Қыз бала не істеу керек? Жауап ретінде не айту керек?

«Көшеде»

Қыз дүкенге келіп, кезекке тұрды. Біраз уақыттан кейін дүкенге егде жастағы әйел кіріп келді, көңіл-күйі жоқ екені анық және қатты ренжіді: «Қандай жастар барды, сен оларға сөз бер, ал олар саған жүз жауап береді. Дөрекі, әдепсіз жерлер ешқашан жол бермейді. Бірақ біз мүлде басқа едік». Қыз бала өзін қалай ұстау керек?

«Мектепте»

Екі баланың арасында төбелес басталып, біреуі абайсызда қасында жүрген сыныптасын қағып кеткен - соққы оған арналмаған. Ренжіген жағдайда қалай әрекет ету керек?

«Топтық жұмыста»

Сіз ойын ойнап жатырсыз және топ мүшелерінің бірі ережелерді сақтамайды.Сіз бұл жағдайда не істейсіз?

«Толеранттылар үйін» жасау.

1 кезең

Әрбір топ бұл плакатқа толерантты адамдар үйін саласыздар. Үйлеріңіз әр түрлі формада болуы мүмкін.. Тек ұстанатын нәрсе –үй іздеген хабарландыру өте көп болады, сондықтан сіздер өздеріңіздің үйлеріңіздің көркем безендіріліп, басқалардың назарын бірден аударатын жағын ойластырғаныңыз жөн. Қолдарыңызға қағаз, фломастер, түсті қағаздарды алыңыз да іске кірісіңіз. Бес минут уақыт беріледі.

2 кезең

Берілген уақыт біткеннен кейін салынған үйлер ортаға шығып, топ мүшелері өз үйлерінің толеранттыларға арналғанын қорғап шығады


Қорытынды

5 минут

Бүгінгі тәрбие сағатында біз толеранттылық ұғымының мәнін, маңызын және оның қоғамдағы рөлін жан-жақты талқыладық. Толеранттылық – бұл тек шыдамдылық емес, бұл өзгелердің көзқарасын, наным-сенімін, ұлтын, мәдениетін құрметтей білу. Әрбір адам – қайталанбас тұлға, сондықтан біз өзгелерді түсіне білуді, құрметтеуді және бейбіт өмір сүруді үйренуіміз қажет.Болашақта әрқайсымыз төзімді, мейірімді, сабырлы бола білсек, елімізде тыныштық пен келісім әрдайым сақталады.

Кері байланыс

Іс-шарадан алған әсерлірімен бөліседі.

















































Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасында өткізілген

«Толеранттылық – бейбітшілікке апаратын жол» тәрбие сағатының есебі





Өткізілген орны: Г108

Өткізілген уақыты: 04.02.2025 ж.

Қатысқан топ: «Өркен»

Жауапты тәрбиеші: Дуйсебаева Д.А

2025 жылдың 04 ақпан күні «Өркен» тобының оқушыларымен «Толеранттылық – бейбітшілікке апаратын жол» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты толеранттылық мәнін терең түсіндіру, әртүрлі көзқарастарға, ұлттар мен мәдениеттерге құрметпен қарау.Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау қажеттілігі. Тәрбие сағатының кіріспе бөлімінде толеранттылық туралы ақпарат,шығу тарихы туралы айтылды. «Толеранттылық- бейбіт өмірдің негізі» атты бейнеролик көрсетілді. Толерантты адам қандай болу керек? Деген сұраққа оқушылар өз ойларын айтты. Сонымен қатар топтық жұмыста орындалды. Оқушыларға толерантты адамдар үйін плакатқа салу тапсырылды, топ мүшелері қорғады. Тәрбие сағатының қорытынды кезеңінде толернаттылықтың қандай маңызды күш екені айтылып, оқушылардың ойлары,алған әсерлері сұралып рефлексия жасалды.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2025
54
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі