Материалдар / Толеранттылық эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Толеранттылық эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
толеранттылық деген термин 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Декларация қабылдауынан басталды. Бұған сәйкес, толеранттылық деген әлемдегі әрбір халықтың мәдениетінің алуан түрлілігін қабылдай және құрметтей білудің бір белсенді ұстанымын білдіреді. Толеранттық деген тек қана мәдениеттердің, ұлттардың өзіндік келбетін мойындау ғана емес, сонымен бірге адамдардың да пікірлерінің әр алуандығын, плюрализмін мойындауды білдіретін ұғым деп түсіндірілді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
3647
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Курс: І

Топ: ДОВ 20-114-10

Студент: Қабжалел Жаңагүл Бақытбекқызы

Тақырыбы:Толеранттылық ұғым және мен үшін маңызы қандай?

Эссе

Жалпы толеранттылық деген термин 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Декларация қабылдауынан басталды. Бұған сәйкес, толеранттылық деген әлемдегі әрбір халықтың мәдениетінің алуан түрлілігін қабылдай және құрметтей білудің бір белсенді ұстанымын білдіреді. Толеранттық деген тек қана мәдениеттердің, ұлттардың өзіндік келбетін мойындау ғана емес, сонымен бірге адамдардың да пікірлерінің әр алуандығын, плюрализмін мойындауды білдіретін ұғым деп түсіндірілді. Толеранттық - [ лат. tolerencia - төзімділік] - айырмашылықтарды мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс-тұрыс ережесі. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі. Толеранттық жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым-қатынасынан көрініс табатынпсихологиялық немесе әлеуметтік- психологиялық мінез-құлқы ретінде; қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде; тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде; адам еркіндігін шынжырлайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдарды жоққа шығарушы ретінде қарастырылады .

Осылайша 1995 жылы ЮНЕСКО осы ұйымның құрылуының 50-жыл толуына байланысты өткізілген жиынында 16-қарашаны Халықаралық толеранттылық күні деп жариялады. Ал 1996 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы БҰҰ-на мүше елдерге әр жыл сайын  16-қарашаны Халықаралық тағаттылық күні ретінде атап өтуді ұсынды. Сөйтіп, халықаралық қауымдастық толеранттылықты қазіргі заманғы адамзат болмысының іргелі тұғырнамасы ретінде мойындады. Толеранттылық әр заманда адамзат үшін маңызды ұстаным болып табылды. Дегенмен, жаһанданған қазіргі әлем үшін оның маңызы еселеп артып отыр. Егер осыдан 50-100 жыл бұрын түрлі этностар өз мемлекеттерінің аймағында немесе федерациялар мен одақтардың құрамында тіршілік етіп келсе, қазіргі мегаполистер жүздеген ұлттар мен ұлыстардың ортақ мекеніне айналған. Бұл ұлттар мен ұлыстар түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің, діндер мен конфессиялардың өкілі болып табылады. Сондықтан олардың қалыпты өмір сүруі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету - мемлекеттің де, азаматтық қоғамның да негізгі міндеттерінің бірі. Толеранттылық жеке тұлғаның ішкі рухани күйі. Қоғамда осындай толерантты тұлғалар неғұрлым көп болса, оның тұрақтылығы да жоғары болады. Жеке тұлғалық толеранттылық өмірлік тәжірибе мен әлеуметтік қарым-қатынастың, үздіксіз рухани ізденістің жемісі. Бұл үдерісте отбасынан басталатын тұлғалық әлеуметтенудің маңызы зор. Діни дүниетаным аясында қалыптасқан осы түсінік адамдардың санасында ұялап, олардың іс-әрекеттері мен жүріс-тұрысына ықпалып ететін бағдарлық ұстанымға айналды. Мәселе бұл түсініктердің ақиқаттылығында немесе жалғандығында емес, олардың әлеуметтік перменділігінде. Сөйтіп, діни толеранттылық дүниетанымы адамның бойында өз өмірі мен әлеуметтік болмысты бағалаудың өлшемдерін қалыптастырды . Қазіргі жаһандасу кезеңінде түрлі қоғамдар арасындағы толеранттылықтың белең алып келе жатқанын көріп отырмыз. Дегенменде, бұл ұмтылыстың әліде толық жоғарыда айтылған анықтымаға сай толеранттылыққа айналуына біраз еңбек сіңіруіміз керек. Толеранттылық мәселесін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында ерекше атап өтті: «Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруымыз»,-деді. Және осы бағытта Қазақстан халықтарының ассамблеясыда біршама игі істер атқару үстінде. Бұл істердің негізінде елбасымыздың ұлтаралық мәселелер жөніндегі ішкі және сыртқы саяси бағдарламалары негіз болып отыр. Бұл бағдарламалар біздің болашақ ғылыми зерттеулерімізде негізгі ұстанымы болмақ. Алайда осы жоғарыда айтылған мәселелерді қарастырып , әр-түрлі анықтамалар беріп жатқанымызбенен толерантылықтың (төзімділік) қазіргі жастардың бойында бұл қаншалықты бар?,- деген сұрақтыда қараструымыз қажет. Әрине, кез келген қоғамда, кез келген елде толерантылықтың (толерантты емес) белгілері бар. Төзімсіздіктің көріністерін түрлі жағдайда БАҚ беттерінен, кино туындылардан, әдебиет пен өнердің әр түрлі жанрларынан көптеп кездестіруге болады.

Жастардың бойында қазіргі кезде төзімсіздіктің кейбір көріністері дінмен байланысты болып отыр. Шеттен келген діни ағымдардың жастарға ықпалын тигізіп отырғанын көріп отырмыз. Бұл құбылыс, әсіресе, діни ағымға жаңа кірген неофиттердің бойынан айқын аңғарылады. Олар ағымдардың ақ-қарасын тексермей, бірден мойынұсынады дағы, осыған дейінгі араласып келген дос-жарандарымен, ақыр соңында отбасымен, қоғаммен қарым-қатынасын үзе бастайды. Төзімсіздік танытудың нәтижесінде. Басқа діндерді айтпағанда, исламның өзінде заңмен тиым салынған, экстремистік деп танылған бірнеше бағыттарды білеміз, хизб-ут-тахрир, таблиғи-жамағат сияқты. Экстремизм деп отырғанымыз толеранттылықтың шектен шыққан көрінісі. Бұл бағыттардың қатарына сәләфилерді қосуға болады. Олардың джихадшылар, тәкфіршілер сияқты топтары төзімсіздігімен көзге түсіп отыр. Олар халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрін мойындамайды, кейде қалыптасқан қоғамдық тәртіптерді де теріске шығарады. «Сәләф» – деген  сөздің өзі «бұрынғы» – деген сөз, бұл сөздің астарында исламның тұнық кезеңіне меңзейтін дұрыс мағына жатыр. Алайда, қазіргі неохариджиттік сипаттағы бұл ағымдар діннің рухын тұтастай қабылдамай, қарпімен қабылдап, тар литерализм, буквализмге, догматизмге ұрынады. Ақыр соңында, біздің дәстүрлі дінімізге, ұлттық бірегейлігімізге, мәдени бірегейлігімізге теріс ықпалын тигізеді. Бұл жағдай, өкінішке орай,  қазіргі жастарымыздың арасына таралып отыр. Жастарымыз сонымен қатар ақпарат алмасуда ғаламторды жиі пайдаланады. Қазргі қоғамды, әдетте, виртуалды ақпараттық қоғам, қазіргі мәдениетті экрандық мәдениет деп атайды. Жастар ғаламтор арқылы көп нәрсені қабылдап алады. Елдің ертеңі жастар екенін ескерсек, мұны қатты қадағалау қажет.  Бұл тұрғыда ҚР Дін істер агенттігі біршама шаралар атқарып отыр. Зиянды деген, әсіресе, теріс пиғылды діни сайттарды жабу мәселесін алға қоюда. Жат идеологияғы дәстүрлі діннің идеологиясын насихаттау арқылы қарсы тұруға болады. Бұл тұрғыдан алғанда  ҚМДБ, Алматы мен Астана Орталық мешіттерінің, облыс орталықтары мешіттерінің өз сайттары бар. Бұлар, әрине, дәстүрлі исламның құндылықтарын насихаттайды, имамдар діни дүниетанымға қатысты сұрақтарға жауап береді. Тіпті таяуда сәләфи ағымының серкелерімен пікірталас-диспут өткізіп, бұл жұмысты да қолға алып жатыр. Бірақ не көп сайт көп, солар жастардың ішкі рухани мұқтаждықтары мен сұраныстарын өтемек болып, олардың дүниетанымдық бағдарын басқа жаққа қарай бұрып алып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселеге де көп ден қою керек. Интернет тұтынушылардың күн санап өсіп келе жатқандығын ескеріп, зиянды сайттарды виртуалды кеңістіктен ығыстырып шығара алатындай ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүддені көздеп әрі азаматтардың рухани қажеттілігін қанағаттандыра алатындай сайттар ашып, олардың санын ұлғайту керек. Қазіргі кезде қазақ тіліндегі сайттар көп ашылып жатыр, оның ішінде ұлттық құндылықтарды насихаттайтын өздеріңіздің «Адырна» ұлттық-этнографиялық порталы сияқты жастарды рухани байытатын, рухани азық беретін, салт-дәстүрді насихаттайтын сайттардың көп болғаны дұрыс. Олардың бәсекеге қабілетті әрі салауатты бағытта жұмыс істегені жақсы. Әсіресе толеранттылықты қалыптастыру бағытында көп жұмыс істегені дұрыс. Көптеген сайттарда берілген материалдың соңындағы пікірлерден толеранттылық мәдениеттің әлі де болса, төмендігін байқауға болады. БАҚ бұқаралық сананы қалыптастыратын бірден-бір құрал болғандықтан жастарымызға түрлі насихаттау шараларын жүргүзуіміз қажет. Егер қажет жағдайына қарай бұрсаңыз, идеологияны да қалыптастыра алады. Сондықтан бұл мәселеге көп көңіл бөлу керек. Әсіресе толеранттылықтың насихаттауын БАҚ-да көбірек жүргізу керек. Қазір электронды БАҚ-да, теледидар мен радиода қазақ тілінде әртүрлі бағдарламалар, ток-шоулар пайда болып келеді. Олар аудиторияны өзіне баурап, тартып ала алады. Бұл жағынан жетістіктер біршама баршылық. Мәселен, діни мәселелерді көтеретін «Иман аясында» деген бағдарлама бар. Салмақты да салиқалы бағдарлама. Дегенмен, осы тұста тағы бір мәселе туындайды. Барлық ақпарат БАҚ арқылы таралғаннан кейін журналистің жауапкершілігі мен кәсіби көтеретін жүгі ауыр. Дін тәрізді нәзік те күрделі мәселені қозғағанда өте сақ, абай болу қажет. Бұл тақырыпты қозғайтын журналистің зайырлы теориялық білімімен қатар, теология саласынан терең мағлұматы болуы керек. Дінаралық, дінішілік ахуалды ушықтырып алмауы үшін әр діннің негізгі канондары мен догматтарынан хабары болуы қажет. Сондықтан, салалық журналистиканы дамытуға көп көңіл бөліп ақпарат құралдары арқылы түрлі насихаттаулар жүргүзүміз керек, меніңше. Жастарды жазғыра алмаймыз. Жат ағымға кетіп жатқан қаланың орыстілді жастарын алатын болсақ, бұлар да сол өзінің тамырын, дәстүрді білуге ұмтылған ізгі ізденіс бастапқы ниеті болуы мүмкін. Қаланың асфальті оларды ғасырлар бойғы тарихтың тезінен өткен дәстүрден сусындатып, нәр беріп тұратын құнарлы топрақтан ажыратып жіберді. Бұл отаршылдықтың, жетпіс жылғы тоталитаризмнің салдарынан, сондай объективті себептердің салдарынан болған ажырау. Қазақылық пен ислам бір деп ұғынылды. Шындығында қазақы салт-сана ислам құндылықтарын бойына сіңіріп алғанын мойындау керек. Бірақ қазіргі аумалы-төкпелі заманда шынайы дінмен қатар жалған дін де бар. Екінші жағынан тоталитарлық, атеистік кезең жастар қарап бой түзейтін ағалардың буынаралық тәжіри тасымалдаушы негізін шайқалтты. Олардың өзі дәстүрдің көптеген жағымды тұстарынан айрылып қалды. Шала қазақтардың тұтас бір буыны қалыптасты. Соның салдарынан жастар дәстүрді жат ағымдардан іздеді. Ал, жат ағымдар ақпараттық насихатты, аудио, визуалды техниканы өте жақсы қолданды. Олар қолжетімді болды. Ұялы телефонға жазып алып құлағында үнемі тыңдап жүргеннен кейін жат ағымдардың жетегінде кетіп отыр. Сондықтан бұл бағытта көптеген жұмыстар күтіп тұр. «Мәдени мұра» деген мемлекеттік бағдарлама болды. Менің ойымша, осына одан ары жалғастырып, жергілікті жердегі жөн білетін ақсақалдардан, дәстүрді жақсы білетін адамдардан бүкіл дәстүрлі білімді жинап алып қалу керек. Қарапайым  мысал, алдыға бір табақ ет тартылғанда жас бала не істерін білмей абдырап қалады. Қай жілікті кімге бару керек, ет қалай туралу керек деген ең қарапайым деңгейдегі дәстүрлі білім жоқ. Ал кез келген қазақы дәстүрдің астарында үлкен адамгершілікке баулитын мән-мағына жатады.

Осы дәстүрлі білімді кеңейту керек! Қоғамға таралуын,  әсіресе жастар үйреніп кете алатындай қазіргі заманға сай етіп, жалықтырмайтындай, бәсекеге қабілетті формада қамтамасыз ету керек. Қарапайым мысал, қазақтың тұрмыста қолданатын дәстүрлі бұйымдарын, күнделікті киімі мен тағамын кең қолдана алмайды. Қарапайым өзіміздің Ақтөбе қаласында қаптаған түріктің немесе ұйғырдың асханасы, ондағы сервис пен сыпайылық мәдениеті таңқаларлық. Біздің ұлттық тағамдар мен оларға қатысты дәстүр олардан кем бе? Қазақ асханасы дегенді бешбармақ пен қуырдақ деп, келген қонақтың алдына қайта-қайта соны жайамыз. Дәстүрді жастардың бойына сіңіру үшін оны қайта бағалай білуіміз керек. Бұл жағынан алғанда, толеранттылық керек. Өзімшілдікпен өзгеге сыйлы бола алмайсың.  Жастар ақпаратты игеруде, технологияны игеруде талғамдылық танытып, ақпарат алумен шектеліп қалмай, оның астарындағы дүниетанымдық негізді игеруі қажет. Әрине, бұл бір сілкігеннен жасалар нәрсе емес, бірақ қазір бастамасақ кейінгі болашақ «Қазақ халқының дәстүрі» дегенде не айтарын білмей тұрмасына кім кепіл?! Сол кезде жастарда мәдениеттілік те болады, толеранттылық та болады,  сонда дүниедегі алдыңғы қатарлы озық елдердің қатарынан көрінетін боламыз деп сенемін.



 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!