Материалдар / Толеранттылық өзара сыйласымдылықтың құралы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Толеранттылық өзара сыйласымдылықтың құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Толеранттылық (лат. tolerencia – төзімділік) - айырмашылықтарды мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарасты, мінез – құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс – тұрыс ережесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2023
329
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Толеранттылық - өзара сыйласымдықты қалыптастыру құралы.


Толеранттылық жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым – қатынасынан көрініс табатын психологиялық немесе әлеуметтік – психологиялық мінез – құлқы ретінде, қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде, тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде, адам еркіндігін бұғаулайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдарды жоққа шығарушы ретінде қарастырылады.

Толеранттылық (лат. tolerencia – төзімділік) - айырмашылықтарды мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарасты, мінез – құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс – тұрыс ережесі.

Жалпы алғанда толеранттылықтың негізі өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау, бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым – қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады.

Екінші жағынан, толеранттылық, төзушілік жай ғана төзбеушіліктің қарсы мәні, құр оны терістеу болып табылмайды, қайта ынтымақтастыққа, ізгілікке т.б., яғни ұлтаралық, дінаралық қарым – қатынас мәдениетіне жетелейтін жаңа, қарсылықсыз шынайы өмірді қалыптастырудың жасампаз күш – қарымды бойына тұтады.

Толеранттық сананың қалыптасуына дүние жүзіндегі әр түрлі халықтардың мәдениеті де әсер етеді және тұлғаның дамуындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Ол тұлғаның тіршілік әрекетінің мынадай маңызды салаларын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады: басқа адамдардың ұлтына, діни сеніміне, жасына қарамастан жағымды қарым – қатынас жасау; әрбір адам өмірінің сөзсіз құндылықтырын мойындай отырып әр түрлі этностардың және мәдениет уәкілдерімен сенімді араласу және т.б.

Бұған қоса қазақстандық қоғамда диалог пен толеранттық ұстанымына құрылған саяси - әлеуметтік қатынастардың жаңа типіне зәрулік барған сайын өткір сезіледі.Елдің білім беру жүйесі әуелетін белсенді түрде іске қоспай бұл міндетті шешу мүмкін емес. Толеранттық ұстанымы негізге алынуы тиіс, өйткені тек осы ұстаным негізінде ғана этномәдени және әлеуметтік айырмашылықтар тұрғысындағы ықтимал қайшылықтар, дау – жанжалдарды жою мүмкін болмақ. Толеранттық негіздерді тәрбиелеу көпжоспарлы сипатқа ие және Қазақстан халқының полиэтникалығы, көптілділігі, көпмәдениеттілігі және көпділділігі жағдайында көпмәдени құрылым сипатын иеленбей қоймайды.

Сол себепті егемендікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенті бірден этносаралық келісімді сақтауды мемлекет саясатының негізгі ұстанымы, жүргізіліп жатқан қайта құрулардың басты өзегі ретінде жариялады, ал бұндай келісімсіз реформалар жүргізу мүмкін емес еді, өйткені ұлтаралық келісім – ел қауіпсіздігінің кепілі.

Толеранттылықтың дамуындағы қажеттілік пен түсінушілік біздің қоғамымыздың өзекті мәселелерін қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар адами қатынастар мәдениетін қалыптастыру механизмін орнықтырады.

Диалог - өзара түсіністікке негізделген, оған қатысушы екі жақтың мүмкіндігі бар әлеуметтік құбылыс. Диалог – бұл адамадрдың бір – бірімен пікір алмасуы, басқаларды түсінудің оңтайлы тәсілі. Мәдениеттер мен діндердің диалогі шиеленістерді шешу үшін ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді. Этникалық және діни төзімділікке тәрбиелеп, этностардың дәстүрлі мәдениетін сақтау мен өрістету үшін, қоғамда түсіністік пен сыйластықты арттыру үшін игі шаралар атқарылуда. Құрбан айт пен Рождествоның ресми тойлануын осының жарқын мысалы ретінде айтуға болады.

Ұлтаралық қарым – қатынас мәдениеті әрбір қазақстандықтың өнегелік деңгейінің, биік мәдениетінің, оның барлық ұлттардың, ұлыстардың, ұлттық және этникалық топтардың мүдделеріне қатыстылығының көрсеткіші болып табылады. Ұлтаралық қарым – қатынас мәдениеті – бұл тұлғаның қарым – қатынас үдерісіндегі моральдық этикалық мінез – құлық нормаларына айналған озық ұлттық, жалпыадамзаттық ұстанымдар жүйесі, ол ұлттардың дамуы мен өзара байытылуы негізінде туындап, барлық халықтардың іс жүзіндегі, Қазақстанның да, сол сияқты әлемнің де халықтары арасындағы ұлттық мүдделерді, ерекшеліктерді, тілдерді, дәстүрлерді құрметтеушілікті діттейтін жалпыұлттық келісім және толеранттықпен сипатталады.Халықтардың ұлтаралық қарым – қатынас мәдениеті жалпыұлттық мінез – құлық этикасын, ұлттық мәдениет, тұрмыс, психология ерекшеліктеріне қатысты әдептілікті, тарихи тағдырлардың ортақтығын т.б. саналы түрде ұғынушылықты бойына тұтуы тиіс.

Өркениетті мәдениетте ұлтаралық қарым – қатынас мәдениеті мемлекеттік саясат санатына көтерілген. Ұлтаралық қарым – қатынас мәдениеті саяси құбылыс және әлеуметтік қарым – қатынас түрі ретінде әр түрлі ұлттық қауымдастық мүшелерінің бірлігін нығайтуға ғана емес, сонымен бірге сол қауымдастықтардың өздерінің ішкі бірлігін бірнеше есе күшейтуге де септігін тигізеді.

В.М.Золотухин «Две концепции толерантности» еңбегінде толеранттылықтың философиялық аспектісіне сүйене отырып оған мынадай анықтама береді: «Толеранттылық бір жағынан адамның іс - әрекетін реттейтін, дүниетанымының ерекше типін қалыптастыратын адамгершілік ұстанымы болса, екінші жағынан қайшылықтар мен кикілжіңдерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады».

В.А.Тишковтың анықтамасы жоғарыда айтылғаннан өзгеше, ол «толеранттылық» түсінігін «тұлғаны немесе нәрсені қарсылықсыз қабылдау қабілеті немесе оған даярлық, яғни әлеуметтік ортаны көпқырлы деп түсінуден туатын адамның ашықтығы мен ойлау қабілетінің қасиеті» ретінде анықтайды. Бұл – көзқарастарының түрлілігін, оларды бір жерге тоғыстырудың мүмкін еместігін көрсетеді.

Толеранттылық мәнін зерттеуде бірнеше көзқарастар қалыптасқан, өйткені толеранттылықтың мәні осы уақытқа дейін дискуссиялық сипатта болып қалып отыр. Толеранттылық өзінің жан – жақты сипатына байланысты көптеген ғылымдардың (философияның, этиканың, психологияның, педагогиканың) зерттеу нысаны болып табылады. Толеранттылықтың мәнін зерттеудің бірнеше жолын бөліп көрсетуге болады. Ғалымдар осы мәселені, біріншіден, «Мен және Сен» антропологиялық мәселесі мәнмәтінінде, екінші, құндылықтар мәселесінің аксиологиялық мәнмәтінінде және үшіншіден, қарым – қатынас іс- әрекетінде қарастыру қажет деп есептейді.

Толеранттылық мәнін ең алғаш Л.Фейербах мәннің туғаннан берілмейтінін, оның басқалармен қарым – қатынаста жасалатынын, қалыптасатынын айтты. Оның ойынша «Адам мәні Мен және Сен арасындағы айырмашылыққа сүйенеді». Сондықтан қарым – қатынас адамның интегративті мәнді белгісі болып табылады. Осы жерде қарым – қатынасқа мән беру арқылы Фейербах философиясында адамдардың бір – біріне деген қатынасы көрінеді, бұл белгілі бір деңгейде толеранттылық арқылы жүреді.

М. Бубер адам өмірінің үш сферасын бөліп көрсетеді: табиғатпен өмір сүру, адамдармен өмір сүру және рухани мәндермен қарым – қатынас жасау. Оның пікірі бойынша осы сферада қатынастардың екі типі бар: Мен – Ол; Мен – Сен, Мен – Ол қатынас типіне интолеранттылық тән болса, Мен – Сен қатынасына толеранттылық тән.

М.Бубер зерттеуінде сонымен қатар толеранттылық маңызды қасиеттерін жіктеуі, толеранттылықтың адамдар өмірімен байланыстылығын көрсетуі және жалпылама түрде толерантты және интолерантты тұлғаны модельдеуі өте маңызды болып табылады. Оның ойынша толерантты тұлға Мен және Сен қатынасын меңгеру, басқалармен диалог ретінде өзінің қайталанбауын қамтамасыз етеді, ал интолерантты тұлға өзін басқалардан аулақ ұстайды.

Сонымен қатар М.Бубер алғашқылардың бірі болып педагогикалық толеранттылық туралы мәселе көтерді. Бубердің айтуынша ол қарама – қайшылықты мәнге ие. Бір жағынан тәрбиеленуші мен тәрбиешінің қатынасы өзара әсер етеді. Екінші жағынан нормативтік сипаттағы себептерге байланысты олар өзара қарым – қатынаста шектелуге ұшырайды. «Адам мен адамның бір – бірімен араласу, өзара қарым – қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады» дейді философ М.М.Бахтин. Оның пікірінше диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да көрсетеді. Тұлғаның белсенділігі, өзін -өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бірлескен қарым – қатынас негізінде оқушы - оқушы, оқытушы – оқытушы, оқушы – мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде толеранттық тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

Мемлекеттегі ел бірлігін қамтамсыз етудің маңызды факторының бірі білім беру және қазақстандықтардың жас ұрпағын төзімділік пен келісім құндылықтарына тәрбиелеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу отандық білім беру жүйесінің негізгі міндеттері ретінде көрсетіледі. Білім беру мазмұны адамдардаң нәсілі мен ұлтынан, мәдени және конфессиональдық белгілерінен тәуелсіз олардың арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа, тұлғаның жалпы адамзаттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс» деп көрсетілген.

Көпұлттылық жағдайында педагог мамандар өзінің кәсіби іс - әрекетінде «басқа», «бөтен», әртекті ортада жұмысқа дайын, басқа мәдениеттің құндылықтарын құрметтеуге қабілетті болуымыз тиіс.

Толеранттық адамдардың арасындағы тамаша қатынастардың мінездемесі болып табылады және бірлестік мәдени қауыдастыққа мәдени норма ретінде кіре алатын құндылық.























Цель : Активизация интеллектуальных и творческих способностей детей через различные задания и конкурсы, формирование положительного психологического климата через совместную творческую деятельность.


Ход мероприятия:


1)Ведущий: Кто сказал сегодня здесь:

«Смеяться воспрещается!»

  • Будет радость и веселье,

Лето, продолжается!

И сегодня день особенный,

Сегодня в гости царь морей.

Придет, чтоб повидать детей,

Придет, чтобы издать указ,

Чтоб порадовать всех нас.

Своим согласием, решеньем,

Своим великим разрешением.

Он разрешит, даю вам слово,

Купаться детям в водоемах!

Хотите, ребята, купаться?



Дети: Да.


2) Ведущий: Давайте, ребята отгадаем несколько загадок. Так, слушаем все внимательно.


1. Если он на дне лежит,

То корабль не побежит! (якорь)


2. По морю идет, идет,

А до берега дойдет – пропадет! (волна)


3. Кто на море хулиганит, грабит, топит и стреляет? (пираты)


А вы ребята знаете, тогда скажите мне скорее, кто владыка всех морей?

(Нептун)


1) Ведущий: И все – то вы ребята знаете, но пора и праздник наш начать, но без Нептуна какой может быть праздник. Давайте позовем его скорее.


Дети хором: Нептун! Нептун!


Выходит Нептун.

Нептун:

Я из морских глубин явился к вам,

Я гордый царь морей и океанов!

Люблю я тех, кто по моим волнам,

Стремиться вдаль мечте, в другие страны!

Прослышав я, что праздник мой справляют нынче тут,

Со свитой к вам явился я,

Ну, папуасы, не пора ли начинать?


Папуасы: Скорей, начнем, а то замерзнут тут!


Нептун:

Пусть закаляются, а мерзляков в кровать!

Достоин праздника тот,

Кто здоров и крепок!

Эй, свита, покажи, как надо жить,

Пусть вспенится вода,

Страть закипит и радостно,

Сердца людей трепешут!


Играет песня: «Море, море...»

1) Ведущий: А теперь, немного поиргаем! Эстафета называется «Ни капли мимо»!


Условия эстафеты: Выбираются два участника. Дается по кружке с водой. Участники должны донести воду до финиша спиной вперед.


2) Ведущий: А теперь вы должны наполнить стакан воды ложкой. Выбираются два участника.


1) Ведущий: 3 Тур эстафеты называется «Водохлеб». Вы должны выпить воду через трубочку. Побеждает тот, кто быстрее это сделает.


2) Ведущий: 4 Тур эстафеты. Выбираются два участника. Вы должны выпить воду, зажав стакан зубами и не помогая руками.


Нептун:

Ну, вот теперь и водохлеб есть, но осталась одна напасть, от которой меня точно никто не спасет, мне скучно!


Танец «Чунга – чанга» (с каждого отряда по два воспитанника)


1) Ведущий: Игра «Бре- кс- ке». Две команды по 3 человека. Они должны допрыгать до финиша, зажав между коленок воздушный шар. На финише развернуться и допрыгать до своей команды также.


Конкурс творчества отрядов. (Танец, сценка, стихотворение, все касается воды).

2) Ведущий: Объявляется следующий конкурс. Конкурс «Морских терминов».

Берегись - полундра

Подвал – трюм

Колокол - рында

Лестница - трап

Комната - каюта

Повар - кок

Лодка - шлюпка

Окно - иллюминатор

Гостиная - кают – компания

Кухня - камбуз


1) Ведущий: Назовите морские профессии, необходимые на судне: капитан, матрос, рулевой, кок, боцман, лоцман, водолаз, радист. Побеждает то, кто назовет профессию последним.


2) Ведущий: А теперь, давайте поиграем в игру «Водяной».

Выбираем «Водяного». «Водяной» сидит в кругу с закрытыми глазами. Играющие двигаются по кругу и говорят: «Водяной, водяной, что сидишь ты под водой, выйди на минуточку, поиграем вместе!». Круг разбегается (на несколько шагов) и все останавливаются. Если «Водяной» поймал кого – то, его глаза открывать нельзя. Если «Водяной» отгадал, то они с игроком меняются местами.


Нептун: Молодцы, ребята! Порадовали старика своими знаниями, выступлениями. Сегодня мой праздник и я объявляю «Мокрую войну»!

Игрище, друзья, мы начнем,

Победителей качнем,

Все в воде перебывают,

Мою щедрость все узнают.

Брызги вверх взлетят дождем,

И с кого же мы начнем?

Начинает поливать кого – то из ребят.


Нептун: Еще раз поздравляю всех с праздником Нептуна. Приказываю всем играть, веселиться и обливаться водой.


Веселая музыка. Жюри подводит итоги, призы. Далее обливание водой.

КГУ «Спецальная школа для детей и подростков управления образования акимата Жамбылской области»



«Согласовано» «Утверждаю»

Зам. директора по ВР _______ИнтымаковойС.Б. Директор школы ______ Кунтубаев О.О.

Дата проведения: 30.06.2014г. Дата проведения: 30.06.2014г.




Цель: Активизация интеллектуальных и творческих способностей

детей через различные задания и конкурсы, формирование положительного психологического климата через совместную творческую деятельность.






Смена: Алимбаева Н.А.










г. Тараз – 2014 г.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!