400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

TOP IQмен жарқын жақта өмір сүр!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл электрондық ресурс оқушылар мен мұғалімдерге арналған таптырмас көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

TOP IQМЕН ЖАРҚЫН ЖАҚТА ӨМІР СҮР!



Қоғамда цифрландыру процесі қарқынды жүріп жатыр. Альфа буын қазіргі таңда интернетті, мобиьдік құрылғыларды, цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін жиі пайдалануда. Ақпараттық технологияларды сабақта тиімді пайдалану оқушылардың ойлау дағдысы мен компьютерлік сауаттылдығын, меңгерген мәліметті есте сақтауын, сонымен бірге креативті болуын қамтамасыз етеді. Осы бағытта тәй-тәй басып келе жатқан мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға арналған алғашқы отандық ресурс -TOP IQдің берері мол. Мен шыны керек өз сабағымды осы платформасыз елестете алмаймын. Себебі цифрлық форматқа көшкелі бері менің сөмкем айтарлықтай жеңілдеді әрі сабақ өту процесі де оқушылар үшін күнделікті қызықты дағдыға айналды.

TOP IQ - бұл хабар алмасуға арналған жабық әрі заманауи орта. «Алматы кітап» баспасы жасап шығарған бұл жүйе оқу процесін біршама жеңілдетеді әрі оқу процесін құруға ыңғайлы: оқу материалдарын орналастыру, талқылау жүргізу, кері байланыс алу және ұсыну. Мұнда теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі  ұтымды болады.

TOP IQ порталында жарияланған1-11 сынып оқушыларына арналған кітаптар таным көкжиегі кең, мазмұнды білім алатын заманауи мектеп оқушыларына арналған. Мұнда аудио, видеоматериалдар, графикалық және зияткерлік бағдарламалар бар. Әрбір оқулық интербелсенді тапсырмалармен, мултимедиялық материалдармен толықтырылған. Бұл жерде ұстаз әр оқушының оқу процесін бақылайды, әр оқушының қабілеттеріне сәйкес алған білімдерін ескере отырып, материалды бекітеді, оқушының жаңа нәтижелерін оның алдыңғы нәтижелерімен салыстырады.

T OP IQ оқулығы бұл оқушы қолындағы баспа оқулықтың цифрлық аналогы. Оқулық бала қай жақта жүрсе де 24 сағат өзімен бірге. Жаңа үлшідегі оқулық баланың білімге деген құштарлығын арттырып жігер берсе, ұстаздың уақыт пен күшін үнемдеуге септігін тигізеді.өйткені электрондық оқулық әрбір оқушымен жеке немесе топтық жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі TOP IQ оқу платформасын қолдану оңай. Оны әлемнің кез келген нүктесінен, қашықтықтан да дәстүрлі оқыту форматында да қолдануға болады.

TOP IQ Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруіне зор ықпал етеді. Себебі, көптеген электронды оқулықтарда оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Сондай-ақ мына біз, мұғалімдер әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала аламыз.

Қорыта келе, TOP IQ бұл-білім беру сапасын көтереді, оқушылардың әдістемелік өсу деңгейін қамтамасывз етеді. Және бұл платформаны қолдану арқылы оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығы күрт артқанын байқадым. Әлемдік көшке ілесу үшін үшін білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сондықтан да TOP IQ менің өмірімдегі керемет ашылулардың бірі болғанына бек қуаныштымын. Әлі де талай бұл электрондық ресурспен білімді шәкірттердің қатарын көбейтетініме нық сенімдімін. TOP Iqмен өмір тамаша! TOP Iqмен жарқын жақта өмір сүр!





Жетісу облысы

Текелі қаласы

8 ОМ МДШО КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жубанова Аймира Нағашыбайқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.07.2024
219
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі