Материалдар / Топ сағаты "Аке асқар тау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Топ сағаты "Аке асқар тау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал барлық студенттер мен педагогтарға қосымшаматериал ретінде қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2021
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі











Shape1



Тақырыбы: «Аке асқар тау»















Дайындаған: Бопилова Ж





















Жаңаөзен 2020-2021 оқу жылы















Мақсаты: Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты     нығайту.Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту. Оқушылардың бойында ата-аналарға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Әке-асқар тау.
Әке көрген оқ жонар,Шеше көрген тон пішер. Жақсы әкенің даналығы-балаға мың жылдық азық.
Әке-шаңырақтың негізгі тірегі.

Жаманнан жақсы туады,жақсыдан жаман туады-адам айтса нанғысыз.Әке-балаға сыншы.

барысы:
1.Сұрақтар
а) Немерені жақсы көретін адам
б) ..... білім бұлағы
в)Теңіз көлігі
2.(«Әке туралы монолог» видео ролик көрсетіледі.)
«Әке» деген сөз қандай жақын,қандай ыстық десеңші!.Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар,өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой.
 Менің өмірдегі қымбат,ең қымбат адамым ол-сіз менің сүйікті әкешім.Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз.Мен сізден көп тәрбие алдым.Сіздің бақытты аман-сау болуыңызды тілеймін.

Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар.сол тағдырдың басты себепкері- біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам,ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да,әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы,киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы- осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.
Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.

– «Әке мен бала әңгімесі»
Баласы: – әке, маған сұрақ қойыңызшы.
әкесі:  – Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Баласы: әке, үйдің алтын қазығы – бала.
әкесі: – Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.
Әкесі – Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Баласы: – әке, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке.
әкесі: – Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Әкесі:- Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Баласы: -Әке, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Әкесі: – Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тіршіліктің нәрін береді, от – өмірге жалын береді, тұз – астың дәмін келтіреді, қыз – өмірдің сәнін келтіреді, ақыл – өмірдің мәнін келтіреді.
Мақал-мәтелдер
Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Әке балаға қарыз,
Бала далаға қарыз.
Әке балаға сыншы.
Әкеден — ақыл, анадан — мейір.
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.
Әкелі бала жаужүрек,
Әкесіз бала сұмжүрек (Бүқар жырау).
Әкелі жетім анық жетім,
Шешелі жетім жарым жетім.
Әкесі бардың арысы бар
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға алмайды.
Қорытынды:
Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!