400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы


Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы

Үмбетқұлова Сания Маратқызы

информатика пәнінің мұғалімі


Қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін цифрландыру – уақыт талабы. Инновациялық технологиялар арқылы оқытудың сапасын арттыру мақсатында «Сарыөзек орта мектебі МДШО» КММ-не 2024 жылы «TopIQ.kz» электрондық платформасы енгізіліп, білім ордасының тынысына жаңа серпін берді. Алғашқы күннен бастап осы жобаның мектептегі үйлестірушісі ретінде ұстаздар қауымы мен оқушыларды арнайы лицензиялар арқылы жүйеге сәтті қосып, заманауи білім кеңістігіне жол аштық.

Жаңа цифрлық құралдың мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау мақсатында мектеп мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинарлар мен түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырдым. Нәтижесінде, ұстаздарымыз платформаның тиімділігін бірден байқап, оны күнделікті сабақ үдерісінде белсенді қолдана бастады. Платформаның басты ерекшелігі – мұғалімнің уақытын үнемдейтін дайын әрі сапалы мазмұнында. Платформада әр сабаққа қажетті дайын тапсырмалар, терең мазмұнды конспектілер, логиканы дамытатын сәйкестендіру тапсырмалары, заманауи тесттер, көрнекі суреттер мен кестелер, сондай-ақ оқушыны қызықтыратын «Иә/Жоқ» ойындары мен «Сөздерді табу» секілді интерактивті элементтер шоғырланған. Бұл әдістер сабақтың тартымды өтуіне және оқушылардың білімге деген құштарлығын оятуға зор септігін тигізуде.

Өзім информатика пәнінің мұғалімі ретінде бұл платформаның техникалық әрі әдістемелік әлеуетін жоғары бағалаймын. Мектебімізде өткен облыстық деңгейдегі семинарда «TopIQ.kz» платформасын қолдана отырып ашық сабақ өткіздім. Облыс көлемінен жиналған әріптестерім инновациялық платформаның сабақ барысында қалайша тиімді құралға айналатынын өз көздерімен көріп, жоғары баға берді. Маған маман ретінде де, ұстаз ретінде де бұл платформамен жұмыс жасау өте қолайлы әрі ыңғайлы болды.

«TopIQ.kz» тек жаттығулар жинағы ғана емес, сонымен қатар рухани қазына ордасы. Платформа қорында мектеп бағдарламасына қажетті әдеби оқулықтардың толықтай қамтылуы – оқушылардың кітап оқу мәдениетін жаңа деңгейге көтерді. Ал алдағы уақытта білім додасына қадам басқалы тұрған түлектеріміз үшін ҰБТ-ға дайындық қосымшасының енгізілуі – бағдарламаның болашағы зор, серпінді жоба екенінің айқын дәлелі деп түсінемін.

Қорыта айтқанда, «TopIQ.kz» – білім берудің жаңа көкжиегін ашқан, мұғалімге қанат, оқушыға ізденіс сыйлаған бірегей платформа. Цифрлық мектептің болашағын бүгіннен бастап бірге құру – біз үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 шілде
11
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі