Бекітемін: ........................... Тәрбие ісінің орынбасары: Баймұханова Ж.Т
Күні: ..................... Тобы: .......................
Тәрбие бағыты: « Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты »
Тақырыбы: Денсаулық-байлықтанда қымбат
Мақсаты:
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3.адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Коррекциялық мақсаты: оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктері:суреттер мен даналық сөздер,бейнеролик.
Түрі: Әр түрлі аялдамаларға тоқтау
Жүру барысы:
І.Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
-Оқушылар біздің бүгінгі шарамыз ерекше болмақ. Бізге арнайы қонақтар келіп отыр. Сол себепті тәрбиелік шараға белсенділік танытып қатысамыз.
Ой ашар сұрақтары:
Оқушылар бүгінгі ашық шарамызды бастамас бұрын мен сіздерге жеке тазалық құралдарына жататын заттардан жұмбақ жасырамын сонын жауабын тауып көриік.
Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)
Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең.
Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)
Дәмі де жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
Жуынып болғаныңда,
Жүреді қолдарыңда. (Орамал)
Балалар тәрбиелік шарамызда «Саламатты Қазақстан» атты жүрдек жолаушылар поездымен Қазақстанның бас қаласы Астана қаласына баруымыз керек. Ал Астанаға жету үшін Қазақстаның бірнеше қалаларына тоқтап аялдама жасайтын боламыз. Ол аялдамаларда бізге сол қаланың сіздер сияқты балалары әр түрлі сұрақтар қойып,тапсырмалар береді,сол тапсырмаларды орындағанда ғана біз Астана қаласына жететін боламыз.
Аялдамалар:
I. “Денсаулық зор байлық ” аялдамасы(денсаулық туралы оқушылар ойларын
жазғызу)
II. “Денсаулыққа зиянды заттар ”
аялдамасы (көрініс қою,түсініктерін
сұрау)
III. “ Сұрақ-жауап”
аялдамасы(сұрақтар қою)
IV. “Cергіту сәті” аялдамасы
V. “Мені ажырат” ойыны(яғни адам денсаулығына пайдалы жеміс-жидектермен көкөністерді ажыратып,пайдасын айтқызу)
VI. “Көремін,ой түйемін”
аялдамасы (бейнеролик)
VII. “Мен білемін” мақал-мәтелдер
аялдамасы(мақал-мәтел айтудан
жарыс)
VII. “Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ”
аялдамасы(қортынды)
I. “Денсаулық зор байлық ”
аялдамасы(денсаулық туралы қысқаша өз ойларын қағаз бетіне
түсіру)
«Денсаулық -зор байлық» деген сөздердің астарында
үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ.
Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін
байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол
іздегеніміз абзал.
Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
II.
“Денсаулыққа зиянды заттар ”
аялдамасы (көринис)
(Есікті қағып
Бекзат келеді)
- Сәлеметсіздер ме оқушылар?
Сіздерде керемет шара өтіп
жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп
келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси
әкелдім. Келіңдер бәріміз жеп алайық.
(Міне сендерге әкелдім деп сөмкесінен шығара
бастайды)
Мұғалім: - Бекзат асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.
-
Газды сусынның құрамында
консерванттар, бояғыш заттар бар, олар асқазанға жағымсыз әсер
етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант олар тіс құртының пайда
болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды
заттар жоқ.
-Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың
құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып
қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті.
Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.
Ал оқушылар Бекзаттың әкелген тамағын аласыңдар ма?
- Ал қандай тамақ пайдалы?(жеміс-жидектер),көкөністер пайдалы
III. “ Сұрақ-жауап” аялдамасы
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай
Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек? (Спортпен шұғылдану, күн тәртібін жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу)
1.
Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .
2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
3. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу
керек.
4.Ауырған кезде, ауруды асқындырмау үшін не істеу
керек? (суықтан сақтанып, емделу
керек)
5.Адам бойындағы вирустарға қарсы тұратын, аурудан сақтайтын ол қандай қасиет?( иммунитет)
6.Ал мүлде ауырмау үшін не істеу керек?
-Иммунитетті күшейту керек
Жарайсындар оқушылар көпдеген ақпараттар алып жатырмыз,енді бәріміз бір сергіп алайық,яғни келесі біздің аялдамамыз
IV. “Cергіту сәті” аялдамасы Жаттығу жасаймыз
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
V. “Мені ажырат” ойыны(яғни адам денсаулығына пайдалы жеміс-жидектермен көкөністерді ажыратып,пайдасын айтқызу)
Алма- дәрілерден аспирин орнына жүреді, сүйекті қуаттандыратын витамині бар.
Банан-жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді
Пияз және сарымсақ- инфекцияларды жояды, жүрек ауруы қаупі 20% ға азайтады.
Қызылша-бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
VI. “Көремін,ой түйемін” аялдамасы (бейнеролик)
Не түсіндік балалар бейнероликтен?
VII. “Мен білемін” мақал-мәтелдер
аялдамасы(мақал-мәтел айтудан
жарыс)
1.Қасқырдың ойлағаны
арамдық,
Қойдың ойлағаны - амандық.
2.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру
қоспағаны.
3.Мың жұмақтан - бір күн
тірлік.
4.Жұғын бар жерде - шыбын бар,
Шыбын бар жерде - шығын бар.
5.Екі ауру бір келсе, ажалыңның
жеткені.
6.Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
7.Емнің алды - еңбек.
8.Ауру желмен келіп, термен
шығады.
9. Дені саудың-жаны сау
10.Жарлының байлығы - денінің саулығы.
11.Ауру атанды да шөктірер.
1.Денсаулықтың қадірін.........(ауырғанда
білерсің)
2.Жарлының байлығы - .......(денінің
саулығы)
3.Бас ауырса....... жан қорқады.
4.Жан ауырса - тән азады,
Қайғы басса - жан азады.
5.Өліспеген көріседі.
6.Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
7.Азған денеге ауру үйір.
8.Қайғы қартайтады,
Қуаныш марқайтады.
9.Қимыл шынықтырады,
Ұйқы тынықтырады.
10.Ауырып, ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
11.Жалқаулық — жаман ауру
12. Таңертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама
VII “Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ” аялдамасы(қортынды)
1-оқушы:
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
2-оқушы:
Денсаулық ол- шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
3-оқушы:
Басты байлық-денсаулық ( Бекзат)
Бабаң айтқан даналық
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық
4-оқушы:
Сымбат- мүсін дегенің
Бітім- көркі денеңнің.
Сымбат жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап
5-оқушы:
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай (Шыңғыс)
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
6-оқушы:
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауықпен кинодан
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Топтық ашық шара "Денсаулық-байлықтанда қымбат"

шағым қалдыра аласыз