Топтық жұмыс және пәнаралық байланыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топтық жұмыс және пәнаралық байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне пайдалы. Онда топқа қалай бөлу керек және топтықжұмыстарға пәнаралық байланыс орната отырып тапсырма қалай беруге болатыны туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топтық жұмыс және пәнаралық байланыс



Б.А.Омарбекова

Әулиеағаш орта мектебі

мектепалды даярлық тобының мұғалімі


Мектеп жасына дейігі балаларды мектепалды даярлық сыныптардан өткізу қажеттілігі негізгі екі себептен туындаған. Біріншіден, оқу бағдарламасын меңгеру үшін белгілі дәрежеде білім мен дағды қажет.

Екіншіден, мектепке алғаш келетін оқушылардың дайындық дәрежесі әр түрлі ( балабақшадан және үйден). Яғни олардың білім көлемі, дағдылары түрліше деңгейде болады да, оқыту барысында ( әсіресе, сауат ашу кезеңінде) үлкен қиындық туғызады. Мысалы: бала мектепке оқушы екенін сезініп келсе, сабақты толық үлгереді. Ол мектеп ережесін біледі және жазу жолын айырады, оқыған әріптерінен құралған сөздерді оқи, жаза алады. Санды тура, кері санап, айналадағы заттардың түрін, түсін, өзгешелігін, көп, азын айыра алады. Жылдың төрт мезгілінің айырмашылықтарын біледі. Даярлық сыныпта оқу 1- сыныптағыдай жыл басында, көбінесе көрнекі құралдармен, түрлі ойыншықтармен, кеспе әріптермен, сандармен, суреттермен таныстыру арқылы қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға біртіндеп көшеді. Оқу жоспарымызға мынадай пәндер енеді: сауат ашу, математика, музыка, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу, дене тәрбиесі, құрастыру, қоршаған орта, ағылшын тілі, орыс тілі, драма, жаратылыстану, валеология және таңдау сабақтары. Мұның қайсысын оқытсақ та, балалардың ойлау қабілетін дамыта білуіміз керек. Осы мақсатта мен өз сабағымда көбінесе пәнаралық байланыс жасай отырып, топпен жұмыс жүргіземін.

Пән материялдарын оқып- үйрену, оның мазмұнын, мағынасын толық түсіну – мектепалды даярлық оқушылары үшін күрделі психологиялық процесс. Сондықтан да оқушы оқулықтағы материялды ұғынуда кедергілер мен қиындықтар кездеседі. Жұмыс барысында байқалған мұндай қиындықтарды жеңуде пәнаралық байланыстың маңызы ерекше. Мысалы, «Сауат ашу» сабағында « Шш дыбысы мен әрпі » деген тақырыпты өткен кезде сынып оқышыларын ш дыбысынан басталатын заттардың суреттері бар парақшаларды теріс аударып, оқушыларға таңдаған парақшаларын алуға болатындығын ескерттім. Алған парақшадан қандай сурет (шырша шана, шар ) шықса, сол оқушылар бірігіп бір топты құрайтынын және қай жерге отыратындығын көрсеттім. Көркем әдебиетпен байланыстыру үшін «Шалқан» ертегісінің желісімен тапсырмалар беріп отырдым. Әр тапсырманы орындаған сайын балалар шалқанды жұлуға көмектесетіндерін түсінді. Мүсіндеу сабағымен байланыстырып, бірінші топқа «Ш» әрпін ермексаздан жасауды тапсырдым. Құрастыру сабағымен байланыстыру үшін «Ш» әрпін құрастырғыш бөлшектерден құрастырып көрсетуді тапсырдым. Үшінші топ жапсыру сабағымен байланыстырып ш дыбысын қажетті көк түспен қиып, ақ қағазға жапсырды. Тіл дамыту сабағымен байланыстыру мақсатында «Ш» дыбысынан басталатын сөздерді қатыстырып сюжетті суреттер бойынша сөйлем немесе әңгіме құраудық. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы қызыға әрі ұйымшылдық таныта отырып жылдам орындады.

Осындай тапсырмаларды өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, өз беттерінше ақылдаса отырып, топ болып жұмыс жасағаннан кейін балалар оқуға, жазуға ынталана түседі. Өзін ортада еркін сезініп, тақырыпты меңгереді. Сөйлеу тілі дамиды, дүниетанымы артады. Мектепалды даярлық балаларын ынтымақты жұмыс істеуге үйретіп алса- мұғалімнің жетістігі. Себебі, алты жасар баланың зейіні шашырағыш, бірі тыңдап отырса, екіншісі ойнағысы келіп тұрады. Енді бірі апайының «айналайынын» күтіп отырады.

Оқушыларды өздерінің оқу үдерісі туралы ойланып, ой-толғаныс жүргізуге шабыттандырып отыру керектігін түсіндім. Неліктен бір нәрсе сәтті жүзеге асады, неліктен сәтті жүзеге аспайды соны оқушылар өздері талқылауы тиіс. Бірақ мен өзімнің шешіміңізді шығармаймын. Оқушылар менен гөрі өздері жайлы көбірек айтып бере алатындығын сездім және осыны жиі қолданамын. Сәттіліктер мен табыстарды байқап, баршаның көзінше атап өтіп отыруды ұмытпау керек. Жағымды «кері байланыс» қолданамын. Оқушылар өздерінің қабілеттеріне сенуді үйренеді. Топтық жұмыс пен пәнаралық байланысты сабақта ұштастыра білу әр мұғалімнің шеберлігіне және шығармашылығына байланысты екендігін түсіндім. Сабағыңыздың тиімді болуына, әрі барлық баланың түсінуіне жеңіл тиеді.

Осы орайда мектепалды даярлық сыныбының оқуы ойынмен, ойыншықтармен байланысты екені бәрімізге белгілі. Ойын болғанда баланың өз бетінше айналысатын, сырт көзге мақсатсыз болып көрінетін ойын емес. Әңгіме педагогикалық, психологиялық мақсат қойылған ойындар жөнінде. Мұндай ойындарды рольдік , сюжеттік ойындар деп атайды. Әр топпен әр ойынды ойнату да өз нәтижесін көрсетеді. Басқа топ қызыға қарап, ұйып тыңдайды. Әрбір тапсыпма орындап болған соң оқушыларға рақмет айтып, қалыптастырушы бағалау түрін жүргізіп отырған жақсы. Сабақ қызғылықты, тартымды өтсе ғана, алға қойған мақсат орындалады. Сондықтан ендігі міндет-

сабақтың қызықты өтуі. Ол үшін тіл дамыту және көркем әдебиет сабақтарында өздері сүйіп тыңдайтын әңгіме, ертегілерін, ұнаған кейіпкерлерін сабақтың құрметті қонағы етіп қабылдау білім мен тәрбиені қабылдауға құлшындыра түседі. Жақсы жауаппен, тәртібімен қонақтың көзіне түскісі келіп, көбірек жауап беруге тырысады. Сабақтағы жетістіктеріне қонақтың қуанатынын түсінеді. Қонақтың көңілінен шығу үшін бар ниетімен жұмыс істейді. Сонымен бірге, келген қонақты күтіп алу, құрмет көрсету, шығарып салу, қош айтысу сияқты мәдениет дағдыларын үйренеді. Топқа бөлініп отырғаннан кейін міндетті түрде топ ережесін еске түсіріп отырған жөн. Мысалы: басқа топты тыңдау, уақытты тиімді пайдалану, белсене қатысу, ұйымшылдықпен жұмыс атқару т.б. ережелерді оқушылардың өздеріне де құрғызуға болады және ол ережені жазып, іліп қойған да тиімді. Сөйтіп, мектеп жасына дейінгі балаларды даярлық сыныпта оқыту олардың 1- сынып бағдарламасын еркін меңгеруіне жағдай жасайды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2018
488
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі