Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. 6 класс.Тоқу өнері туралы қысқаша тоқталып өту.Ілмек бізбен тоқудың алғашқы сатысын үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

19 Бекітемін:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сәндік қолданбалы өнер

Сынып: 6

Күні:


Сабақтыңтақырыбы:

Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.1.-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қол өнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Қолөнер түрлерін біледі

Басым бөлігі: Әлем және қазақ мәдениетіндегі өнер туындылары жәйлі ақпаратты өз бетінше үйренеді

Кейбір оқушылар: тоқу өнерінің қыр сырын біледі

Бағалау критерийлері

«Блум» таксономиясы

Білу

  1. Ілмек біз туралы толық біледі

  2. Шалулардың түрлерін жасай алады

Түсіну

  1. Тәсілдермен техникаларын ажырата отырып өз бетімен жұмыс жасай алады.

Тілдік мақсаттары

Пәнге тән лексика мен терминология

Зығыр, мақта иірімжібі, мохер, жүн иірімжібі, ангор, кашемир, вискоза, фасонды иірім жіп. Тоқу – вязание – knitting

Құндылықтарды дарыту

«Мәнгілік Ел» идеясының негіздемесінің 6- басты құндылықты басшылыққа алумен қатар мемлекеттік тілді білу және отандастырымызға оны меңгеруге көмектесу қағидаттын қалыптастырып;

Қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, ашықтық пен ынтымастықты қалыптастыру;

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар

Тарих (қолөнер құрал –жабдықтарының шығу тарихы), биология (иірім жіптердің алыну жолдары, олардың құрылысы

АКТ құзыреттілігі

Ғаламтор, ресурстар, слайд ,электронды оқулық.

Бастапқыбілім

Шығармашылық жұмыстар

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут








  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» - сұрағын қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды, шеңбер бойымен жалғасады.

Жаңа сабаққа дайындық:

Топтастыру: жіптер арқылы 2 топқа бөлемін

«Үшіншісі артық» әдісімен ой тастау. Жаңа сабаққа кіріспе.

-Көрсетілген суреттердегі бұйымдардың қандай тәсілмен орындалғанын айтып беріңіз?

- Қайсысы артық деп ойлайсыз?

- Сіздерде тоқыма бұйымдар бар ма?

- Олар туралы айтып беріңіздер.











Қолөнер туралы не біледі, соны 2 топқа жаздырамын (тоқылған бұйымдарды беру).

Осылайша сабақтың тақырыбын оқушылар өздері ашады.

Постер жасату. Жалпыға арналған тапсырма


Дескриптор:

  • Артық бұйымды ажырата алады;

ҚБ «Қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Қызыл және көк жіп








Сабақтың ортасы

10 минут



















































20 минут

Жаңа сабақ. Кіріспе. Бейнематериалдарды тамашалау.

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын міндеттерін және бағалау шарттарын анықтау.

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қасиетті өнері. Ең алғаш тоқылған киімдерді Рим, Грециядан археологтар тапқан. XVII-XVIII ғасырларда тоқымамен тек ер адамдар айналысқан. 1589 жылы бірінші тоқыма машинасын галвертондық Уильям Ли жасады. Ол руан қаласына келіп, өзінің механикалық цехын ашты. 1907 жылы Француз натуралист Бон де Сент Илер “Өрмекшінің жібегінің пайдасы” атты диссертация жазды. Өрмекшінің торы жарамды шикізат болып мойындалды. Өрмекшінің бұл түрі “нефилли” деп аталады. Ол Мадагаскар аралында және Африкада мекендеген. Өрмекшінің торының кездемесі керемет жеп-жеңіл және табиғи жасанды жіптерден мықты болған. 1946 жылы “Алтын ілмек” атты сайыс өтіп, ол атақты ер адам ұтып алды.Тоқу өнері- сәндәк-қолдаңбалы өнердің бір түрі. Қолмен тоқылған бұйымдар өзгешелігі мен даралығымен ерекшеленеді. Тоқу нағыз өнермен ұштасып қана қоймай, өмірде өзіндік стильге ие болуға мүмкіндік береді.

Бос шалу - тізбегі бұйымның төмендегі шетін құрайды. Тоқуды бұрғанда, яғни бір қатардан екінші қатарға өткенде, өрнек тоқығанда қолданады.

Шалмасыз бағанша- беті тегіс шығу үшін көптеген өрнектерде қолданылады. Ілмек бізді тізбек ілмегі арқылы тартып шығарады. Ілмек бізде екі ілмек пайда болады. Жұмысшы жіпті іліп алып, енді екі ілмектен тартып шығарады.

Шалмалы бағанша- Ілмек бізге шалма тастап, бізді тізбек ілмегіне өткізіп жұмысшы жіпті іліп, тізбектің ілмегі арқылы тартады.Ілмек біздегі ілмек пен шалуды жұмысшы жіпті ілмекбізге тастап, оны ілмек арқылы тартып шығарып байлайды. Содан жұмысшы жіпті ілмек біздегі екі ілмек арқылы тартып шығарады.

Топтық жұмыс. «Венн диаграммасы» әдісі арқылы суреттегі екі түрлі тоқу техникасын көрсетеді.салыстырып, айтып береді.















Қ Б «Бағдаршам»

Мақсаты:Бағдаршам – оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тəсілі. Оқушыларға қызыл, сары жəне жасыл түсті карточкалар беріледі.

Оқушылар:

  • толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ;

  • түсінуге жақын болса, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ;

  • түсінбесе, сенімді болмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ.

Практикалық жұмыс. "Бірлесе жұмыс жасайық" әдісі. Қажетті мөлшердегі шалуларды тізіп, қажетті ұзындықтағы тоқыманы схемадағы өрнек бойынша тоқу.

Қауіпсіздік ережесі.

Жұмыс орнын ұйымдастыру. Ілмек бізбен тоқығанда сақталатын қауіпсіздік ережесі.

1. Жұмыс орны жақсы жарақтандырылған болуы қажет.

2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Ілмекбіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.

7. Ілмекбізді қорабымен алып жүру қажет.

Ілмек бізбен тоқу техникасындағы тәсілдерді жұптасып орындап жаттығады.

ҚБ «Басбармақ»

Негізгі шалуларды тоқып, біз ілмекпен тоқу тәсілдерін үйрену.














Сергіту сәті. « Ұйқасын тап».


Пайдалы кеңестер.

  • Егерде сіз орамада тұрған жіптерді алған болсағыз, онда

  • Екі орындықты қойып,оның бас жағына ораманы кигізіп,орындықты қаттырақ тартып,кез-келген затқа жіпті орап ауға болады. Сонда тоқыма жіп шатаспайды.

  • Тоқыма тоқуды бастамастан бұрын…

  • Алдын-ала кішкене үлгісін тоқып ал. Егерде бірінші қатар тығыз тоқылған болса, онда ілмек біздің жуан түрін таңдау керек.

«Галлереяға саяхат» әдісі арқылы жұмыстарын қарап сол жерде мадақтау арқылы бағалайды.

ҚБ: (Мадақтау: Керемет! Жарайсың! Әлі де жұмыстыңды толықтыр! Сенің қолыңнан келеді!деген бағалау түрін қолданамын.)

ҚБ:(Екі топтағы ең жақсы жұмыс жасаған оқушыны ортаға алып шығып, «Отшашу»әдісі арқылы бағалайды.)

Сабақты слайд арқылы түсіндірем. Электронды оқулық.




















Электронды оқулық. Қосымша материал. Тоқыма бізбен тоқу.1-2 слайд. Тоқу тарихы.





















ҚЕ танысады.












Тоқу үшін

ілмекбіз, иірімжіп, қайшы пайдаланады.

Электронды оқулық. Қосымша материал.

Ілмек бізбен тоқу.


















































Көрме ұйымдастыру.




«Отшашу»

әдісі

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды шығару. Тест тапсырмасы.

Сұрақ-жауап. Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаймыз.

  1. Ілмек біздер қандай материалдан жасалады?

  2. Ең алғаш ілмек бізбен тоқу қай кезде пайда болған?

  3. Тоқыма жіптер қандай түрлерге бөлінеді?

  4. Тоқу барысында ілмек бізді қалай таңдау керек?

Кері байланыс: «SMS» бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «телефонға»жазады.

Оқушылардың орындаған жұмыстары мен олардың іс-әрекеттеріне кері байланыс пен ұсыныстар айту.

Критерий

Дискриптор

Балл

Бағасы

Бастапқы шалуды жасай алады

Тоқи алады.

Жартылай тоқи алады.

Тоқи алмайды.




Рефлексия

«Стикер» - кері байланыс.Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданамыз.Оқушыларды дербес түрде мына сұрақтарға жауап бере алады.

1 «Мен нені үйрендім?»

2 «Маған не қиын болды?»

3 «Не күрделі болды?»

4 «Мен енді нені үйренгім келеді?»

Стикерлер


Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз ?

Бағалау – сіз оқушылардың игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар борлды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2018
5287
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі