Материалдар / Тоқыма жіппен өру, есу арқылы бау жасау

Тоқыма жіппен өру, есу арқылы бау жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды тоқыма жіппен өрудің қарапайым әдістерімен таныстыру.Жеке қолөнер дағдыларын дамыту және шығармашылыққа баулу.Қол еңбегін бағалауға және ұқыптылыққа үйрету.Тоқыма жіппен өру – бұл түрлі жіптерді қолдана отырып, сәндік және тұрмыстық мақсатта қолданылатын бау немесе басқа да бұйымдарды қолмен жасау процесі. Өру әдісі арқылы бауларды аяқ киім, сөмке, белдік, безендіру үшін қолдануға болады. Бұл техника адамзат тарихында бұрыннан келе жатыр және бүгінгі күнге дейін кеңінен қолданылады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Түркістан облысы Жетісай ауданы Білім бөлімінің

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы







Ашық сабақ



Тақырыбы: Тоқыма жіппен өру, есу арқылы бау жасау

«Шебер қолдар» қолөнер үйірмесінің жетекшісі,

қосымша білім беру педагогі – Емешова К.Р.











2024 ж.





















Сабақтың мерзімі: 23.10.24 ж.

Мектебі: №45 Н. Исмаилов атындағы Ж.Б.Б.М.

Үйірмесі: «Шебер қолдар» қолөнер

Тобы: ІІІ

Сабақтың тақырыбы: Тоқыма жіптен бау тоқу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Балаларға еспе баудың жасалу жолдарын үйрету. Жасайтын жұмыстың неге қажет екенін, маңызын түсіндіру;

Дамытушылық мақсаты: Балалардың танымдық қабілетін, ой-өрісін,өзіндік іс-әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Еткен еңбегінің нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбекқорлыққа тәрбиелеу; бастаған істі тастамау, тиянақтылыққа, саналы да сапалы еңбек етуге әдеттендіру. Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі: Сөздік әдісі - түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, машықтық әдісі -сарамандық жұмыс

Көрнекілігі: эскиздер, дайын бұйымдар.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Психологиялық дайындық

  3. Тәрбие бағыттарына тоқталу

  4. Өткен сабаққа шолу жасау

  5. Жаңа сабақты түсіндіру

  6. Сергіту сәті

  7. Сарамандық жұмыс

  8. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

  9. Сабақты пысықтау

  10. Сабақты қорытындылау



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа қатысуды бақылау. Сабаққа дайындықты тексеру.



ІІ. Психологиялық дайындық.

Ребусты шешу арқылы Мақал-мәтелді табу.

Өнерлі талап өрді алар,

Өнерсіз талап не болар.



Ер қадірін ерлер білер,

Зер қадірін зергер білер.



Зейнет еңбектің жемісі.

Бейнет еріншектің жемісі.



Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

Ия, балалар, сендер мақал-мәтелдерді дұрыс таптыңдар.



ІІІ. Тәрбие бағытына тоқталу.

Қазақтың салт-дәстүрі

Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті

Халқымызда үйлену салтына, жаңа туған сәбиге байланысты, қонақ күту мәдениеті туралы маңызы мен мәнін әлі күнге жоймаы келе жатқан салт-дәстүрлер өте көп. Кейбірі заман талабына сай өзгерістерге ұшыраған болса, кейбірі еш өзгеріссіз бүгінгі ұрпағына жетіп, ұлтымыздың тарапынан қолданысқа ие болып отыр.

ІҮ. Өткен сабаққа шолу жасау.


    • Ою-өрнектің қандай түрін білесің?

    • Өрнек дегеніміз не?

    • Геометриялық ою-өрнектерді ата.

    • Жан жануарлар ою-өрнегін ата.



Ү. Жаңа сабақты түсіндіру.

Адамдар ертеден өздерін қоршаған бейнені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданылатын бұйымдарымен ыдыстарға бейнелеген. Ал біздің халқымыздың тұрмысында ою-өрнектің алатын орыны ерекше. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Әр шебер ою-өрнекті өзінше бейнелеген, соған орай өздері атын да берген. Біз ата-бабамыздан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтауымыз керек.

Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Киіз үй – ежелгі көшпелі өмір сүрген адамдардың жылжымайтын негізгі баспанасы. Ол тез жылып, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықталып жасалады. Киіз үйдің пайда болған уақыты қола дәуіріне тура келеді. Киіз үй біздің заманымыздан бұрын 7 ғасырда кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір кәсіпке айналған. Киіз үйдің қабырғасы шеңбер тәрізді келіп, төбесі күмбезделген.
Киіз үй ішіндегі жабдықтарды сәндеуде көбінесе шашақтар мен баулар қолданылыды. Тоқылған, есілген, өрілген баулар тек сәндік қана емес қажеттілік те қызмет атқарады.

ҮІ. Сергіту сәті.

Ойын: Қасықтар биі

ҮІІ. Сарамандық жұмыс.

Ертеде еспе бауларды шүйкеленген жүнді есу арқылы жасаған. Ал киіз үй туырлықтарын, шаңырақ және басқада киіздерін байлауға, жүк теңдеу, мал байлау т.б. мақсаттарға арналған бауды арқан деп атаған. Және оны мықты болу үшін қылшық жұннен немесе ат қылынан жасаған. Бүгінгі сабақта тоқыма жібінен есу немесе өру арқылы бау дайындап үйренеміз.
Алдымен қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп алайық.

ҮІІІ. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Алдымен жұмыс орныңды дайындап ал.

Жұмыс кезінде және жұмыс соңында қолыңды таза шүберекпен сүрт.
Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.
Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды. Желіммен жұмыс жасағанда, қолды арнайы сулы майлыққа сүртіп отыру керек.

Қайшының ұшын жоғары көтерме.
Қайшылар өткір болуы керек және жабық сақталғаны жөн.


Еспе бауды жасау үшін өзімізге керекті ұзындықта тоқыма жіпті екі-үш қабаттап екі бөлек топтастырып аламыз. Жіптердің бір ұшын бекітіп, екінші ұшын алақанымызбен айналдырып есеміз. Бір бағытта есілген екі жіпті бір біріне қосып, екрі бағытта айналдырып есеміз. Есілген баудың екі ұшын түйіндеп, бекітеміз.

ІХ. Сабақты пысықтау.

    • Бау тоқуға керекті заттарды ата.

    • Есілген бау қай жерде қолданылады екен?

    • Бау есуге қандай жіптерді қолданамыз?

    • Есу технологиясын түсіндір.

    • Өру технологиясын түсіндір.

Х. Сабақты қорытындылау.

Мінеки, балалар, біз тоқыма жіптен еспе бау жасауды үйрендік және оны жасап шықтық. Енді біз еспе бауды өзіміз жасай алатын болдық. «Өнерді үйрен де жирен» деп ата бабаларымыз айтып кеткендей, әрбір өнерді үйренгеніміз алдымыздағы ұзақ та қызықты өмірде өз пайдасын тигізері сөзсіз.

























Жариялаған:
Емешова К.Р
23 Қаңтар 2025
174
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі