Материалдар / "Тоқыма өнері" үйірмесінің бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тоқыма өнері" үйірмесінің бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
технология пәнінің мұғалімдеріне арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Шілде 2018
4647
37 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Бағдарламаның мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.



Бағдарламаның міндеті:

Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып, жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу. Қазір ел болып, егемендік алып, көк туымз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш-бүгінгі оқушы балалар екені де анық. Сапалы білім берумен қатар, еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы, қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Олай болса біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүниетанымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.

Тоқыма өнері мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялату да үлкен жүрек. Мол мейірімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүниетанымын қалыптастырып үйрету.
















Шығу тарихы


Ең алғаш ілмектің (петля) қай уақытта пайда болғанын ешкім білмейді. Бірақ, тоқыма бұйымдары біздің эрамызға дейін пайда болыпты. Мұны растайтын факті де бар екен. Египен қазбаларында мәйіттен тоқылған аяқ-киімі табылыпты. Зерттеу нәтижесінде ол аяқ-киімнің жасы 4000 (төрт мың) жылдан асады деп тапты.

ІХ-ХІ ғасырларда тоқымашылар шұлықтарға сөз жаза бастады. Ежелде ең керемет, озат тоқымашылар арабтар болып саналады.Қиын әрі түрлі-түсті өрнектерді олар 2000 (екі мың) жылдай бұрын ойлап тапқан. Біздің эрамыздың басында металл спидцалар пайда болды... ІХ-Х ғасырларда тоқылған бұйымдар әлі сақтаулы. Сондай ескі бұйымдардың бірі балаларға арналған шұлық екен. Оның ерекшелігі басындағы саусақ бөлек тоқылған екен, қазіргі қолғаптағыдай. Европаға тоқыма өнерін Египет арқылы келген христиандар әкеліпті. Осылайша, тоқыма өнері қолөнерге, уақыт өте келе үлкен өнеркәсіптік өндріске айналады. Ең қызығы, әуелі тоқымамен ер-жігіттер айналысқан екен.Бұл саламен айналысудағы мақсат, фехтование сайысына шыдамдылықты, дәлдікті, зейін қоюды үйрену болған екен. Бірақ кейіннен тоқыма өнерінің кең жайылуына байланысты уақыт өте келе қыздардың кәсібіне өтіпті. 1589 жылы Ағылшын шіркей уағызшысы Вльям Ли бізді инелері бар тоқитын станок ойлап табады. ХVIII-ғасырдың аяғында Францияда дөңгелек тоқитын машина жасалды. Қаншама тоқыма завод, фабрикалар ашылғанымен де қолдан тоқылған бұйымдар қашанда бағалы болып қала бермек. Өзгеше әдемі, сирек кездесетін тоқыма бұйымыны Орынбор бөкебайларын жатқызуға болады. Қолдан өрнектеліп тоқылатын орамалдың көлемі 2х2 метр, салмағы 70г болады. Тағы да тоқыма өнерінің әдемі туындысына Ирландық шілтерлерді (ирландское кружева) жатқызуға болады. Алғаш рет тоқыманың суреттері мен өрнектерін Голландықтар 1824 (мың сегіз жүз жиырма төрт) жылы «Penelope» журналына басып шығарды. Үлгі таңбалары ХІХ ғасырдың соңында нақты түрде бекітілді. Қазіргі уақытта үлгінің Британдық және Американдық екі түрі бар. Тоқу өнері-қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырылып, туысқан халықтар шығармашылығымен толықтырылып, байытылып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс халдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімнің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі-тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені тоқымайды: осы тоқу үстінде түрлі-түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан толы сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста жүн иіруге арналған жүн иіруші апараттар қолданылады. Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын иірілген жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады.









«Тоқыма өнері»

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І-тоқсан

1

Тоқыманың шығу тарихы

1

6.09.2017ж

2

Халықтық қолөнердегі өңдеудің дәстүрлі технологиясы

1

13.09.2017ж

3

Тоқыманың жасалу түрі

1

20.09.2017ж

4

Тоқыма станогында матаның алынуы

1

27.09.2017ж

5

Ілмектеп тоқу

1

4.10.2017ж

6

Ілмектеп тоқу

1

11.10.2017ж

7

Ашық тамбурлы тігіс арқылы іліп тоқу

1

18.10.2017ж

8

Іліп тоқу арқылы қолға блезік бұйымын жасау

1

25.10.2017ж

ІІ-тоқсан

9

Шұлық тоқу

1

8.11.2017ж

10

Шұлық тоқуды жалғастыру

1

15.11.2017ж

11

Шұлық тоқуды аяқтау

1

22.11.2017ж

12

Кестелеп жапқыш тоқу

1

29.11.2017ж

13

Кестелеп жапқыш тоқу

1

6.12.2017ж

14

Үстел үстіне арналған жапқыш тоқу

1

13.12.2017ж

15

Үстел үстіне арналған жапқыш тоқуды жалғастыру

1

20.12.2017ж

16

Қуыршаққа арналған киім тоқу

1

27.12.2017ж

ІІІ-тоқсан

17

Қуыршаққа арналған киім тоқу

1

10.01.2018ж

18

Гүл бейнесін тоқу

1

17.01.2018ж

19

Гүл бейнесін тоқуды жалғастыру

1

24.01.2018ж

20

Жаздық қыз баланың бас киімін ілгекпен тоқу

1

31.01.2018ж

21

Жаздық қыз баланың бас киімін ілгекпен тоқу

1

7.02.2018ж

22

Бисермен тоқымашылық

1

14.02.2018ж

23

Бисермен тоқымашылық

1

21.02.2018ж

24

Бисерден тоқылған тоқыманы мата бетіне түсіру.

1

28.02.2018ж

25

Бисерден тоқылған тоқыманы мата бетіне түсіру.

1

7.03.2018ж

26

Бисерден тоқылған тоқыманы мата бетіне түсіру.

1

14.03.2018ж

ІV-тоқсан

27

Құлпынайдың бейнесін тоқу

1

4.04.2018ж

28

Құлпынайдың бейнесін тоқу

1

11.04.2018ж

29

Кілемше тоқу

1

18.04.2018ж

30

Кілемше тоқу

1

25.04.2018ж

31

Кілемше тоқу

1

2.05.2018ж

32

Шашбау әшекейін тоқу

1

9.05.2018ж

33

Шашбау әшекейін тоқуды жалғастыру

1

16.05.2018ж

34

Жұмыстарын тапсыру

1

23.05.2018ж







«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында қаралды

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі

________________ __________________ Хаттама №____

«___» ____2017ж « ___» ___2017ж ___________________

«___» __2017ж











Shape1

бағдарламасы







МҰҒАЛІМ: Исатаева Арайлым Беқожақызы

АУЫЛ: А.Назарбеков

МЕКТЕП: Ә.Молдағұлова

ПӘНІ: Технология

СЫНЫБЫ: 8

САҒАТ САНЫ: 1





2017-2018 оқу жылы





Пайдаланылған әдебиеттер:



Ермилова Е.В., Товченик И.А. Технология (қыз балаларға арналған): Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. –Алматы: « Мектеп» баспасы, 2009жыл (84,88,89,103 беттер).

Ермилова Е.В., Товченик И.А. Технология (қыз балаларға арналған): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 9-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Өңд., толықт. 2-бас-Алматы: Мектеп, 2013.

Bilimsite.kz. мұғалімдерге арналған әдістеме сайты.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!