Торғай аруы - 2018

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Торғай аруы - 2018

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Торғай аруы – 2018


1 жүргізуші: Армысыздар ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Халықаралық әйелдер күніменен,

Құттықтаймын аналарды осындағы.

2 жүргізуші : Асыл аналар! «Торғай аруы – 2017 » сайысының бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Отбасыларыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулерінізге тілектеспіз.

1 жүргізуші Құрметті ұстаздар, аналар, қонақтар және ару қыздар! Біз жыл мезгіліндегі ең тамаша шуақты мейрамдардың бірі «Торғай аруы - 2017» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2 жүргізуші: Қыздарға арналмаған, жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біздер өзіміздің ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарды ортаға шақырайық.

(күй ақырындап ойнап тұрады)

1 жүргізуші Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана.

Көркіне ақылы да сай келетін,

Бірінші келе жатқан қызымыз – Аружан

2 жүргізуші Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәріде арманына қолын созар.

Арманың орындалсын Жұлдыз сенің,

Бұйырса бақыт құсы саған қонар.

1 жүргізуші Бәйгеде озған жүйріктей,

Аласын «бестік» іркілмей.

Гулим біздің әдепті,

Даламның әсем гүліндей.


2 жүргізуші Бәріміз жақсы көретін,

Жарыста демеу беретін.

Келесі біздің Айгерім

Шырқап ән салып беретін.

1 жүргізуші Қуантады білімменен бізді Жансая

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.

Білімін серік болсың талабына,

Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

2 жүргізуші Арулар келіп жетті танысуға,

Сыпырды тамағасын осы дұға.

Қызып келген қырандай керілтеді.

1 жүргізуші Әдеппен, ізетпен танысуға.

2 жүргізуші Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Тойымыздың жалғасын,

«Торғай аруымен» жалғайық,

2 жүргізуші Қайда әнші, қайда биші,

Зер салайық, талабына қарайық.

Өнерлі кім, дарынды кім?

Талантты іздеп табайық.



1 жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Ойланып енді қарайық.

Қазылардың алқасын,

Ортадан сайлап алайық.

2 жүргізуші Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап ару қыздарымыздың өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

1.

2.

3.

1 жүргізуші: Қазылар алқасының қатаң мән беретін жерлері. Киім киісі,

өз - өздерің ұстауы, сәлем беруіне назар салуы.

2 жүргізуші: Құрметті көрермендер, арулар енді бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныс болайық.

1. «Мен қазақтың қызы» (өздерін таныстыру).

2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету).

3. «Білгенге – Маржан» (сұрақтарға жауап).

4. Үй тапсырмасы. (Тағам түрлері )

5. Қол өнері (қолдан жасалған бұйымдарымен танстыру)

5. Сән думан. (Сән үлгісі).

6.Лагерь вальс.

8. Тосыннан қойылған сұрақтарға жауап. (аналарға сұрақ.)

9. Қорытынды. (Бағалау).

2 жүргізуші Енді біздің аруларымыз дайындалып болғанша Алиханды _________ әнімен қарсы алайық.


1 жүргізуші Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген 5 ару кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз. – дей келе

сайысымыздың алғашқы шарты танысуды бастаймыз.

(арулар өздерін көпшілік қауымға таныстырып өтеді).

Қазылар алқасы ару қыздарымызға әділ бағасын берсе.

2 жүргізуші: Ал, кімнің өнерібар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайысымызда бәйге алуға,

Арулар аянбай – ақ жан салыпты.

1 жүргізуші: Бұл сайыста аруларымыздың қолынан не келеді екен соны тамашалап көрейік. Аруларымыз дайын болғанға дейін «қара жорға» биімен ортаға үш серімізді шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

2 жүргізуші Күміс көмей әншілер,

Құдіретті күйшілер.

Мың бұралған бишілер,

Бәрінде сынға түсіңдер, - дей отырып егер аруларымыз дайын болса, өнерлерін тамашалайық. (өздерінің өнерлерін бір – бірлеп көрсетеді).

Қазылар алқасы ару қыздарымызға әділ бағасын берсе.

2 жүргізуші Ал, арулар, сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әліде талай сың бар.

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсендер сұраққа жарайсындар.





1 жүргізуші Жақсыдан үйрен,

жаманнан жирен, - дегендей қазақтың қаншама ой толғандырар сұрақтары бар. Ендігі кезегімізді сұрақ – жауап кезеңіне береміз. Сұрағымыз әділ қазылар алқасының алдында тұр. Ару қыздарымыз сол жерде жауап беріңіздер.


2 жүргізуші Аруларымыз сұрақтарға дайындалып болғанша Талшынды «Түрік биімен» қарсы алыңыздар.

1 жүргізуші Ал енді аруларымыздың жауаптарын тыңдайық.

(Қыздар сұрақтарына жауап береді).

Қазылар алқасы ару қыздарымызға әділ бағасын берсе.


Рамазан: Ендігі кезегіміз «Көрермендер көз айымы» . яғни отырған көрермендерге сұрақ қоямыз.

2 жүргізуші Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап,

«Сән думанға» барлығы аттанады.

1 жүргізуші Келесі кезеңіміз «Сән думан» деп аталады.

Аруларымызға қойылатын негізігі талаптар өз қолдарымен тігіп жасаған көйлек және кешкі көйлек.

2 жүргізуші Аруларымыз киініп дайын болғанға дейін ортаға «Тиктонинг» биімен ұлдарымызды шақырамыз.

1 жүргізуші Қарсы алыңыздар, ду қол шапалақ.

2 жүргізуші Аруларымыз дайын болған шығар?

1 жүргізуші. Олай болса аруларымызды сән үлгісімен ортаға шақырамыз.

(арулар сән үлгісін көрсетеді).

Қазылар алқасы ару қыздарымызға әділ бағасын берсе.

2 жүргізуші: Қошеметтеп қарсы алайық.

2 жүргізуші . Қыздарымызды кешкі көйлекпен біздің сыныбымыздың көркем жігіттері көктемге вальске шақырады. (Ұлдар қыздарды биге шақырады).

Назгул. Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдік,

Ал аруларға сәттілік тілейіккші.

Рамазан: Сеніммен алдынызға біз келеміз,

Күн сайын білім алып өзгереміз.

Шәкірттің білімі үшін еңбек еткен,

Сүйікті ұстазымыз _________________________________ сөз береміз.

Назгул. Қайтсек ана, ақталады ақ сүтің,

Жатыр менің жүрегімде жақсы ісің.

Өмір бақи өтеп өтсем болғаны,

Анашымның маған берген мол күшін дей келе ару қыздарымыздың бірімізге Ана, енді бірімізге сүйікті де, асыл анамыз.

Ата – анаға сөз беріледі. _______________________________________ .

2 жүргізуші

......... апай мектептің жүрегі ғой,

Оны мына халық біледі ғой.

Ал енді керек болып тұрғаны мына бізге,

Маржандай бір ауыз сөз тілегі ғой.

1 жүргізуші:

Құрметті ұстаздармен ата – аналар және көрермендер бүгінгі біздің «Торғай аруы – 2018 »атты сайысымыз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға мың да бір алғы айтамыз өнерлі қыздарымыз өрлей берсің дей келе сайысымызды аяқтаймыз.

Қош сау болыңыздар! Келесі кездескенше қонақтар!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.04.2018
499
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі