Материалдар / "Төрле төрле Жаңа жыл!" тәрбие сағаты бастауыш сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Төрле төрле Жаңа жыл!" тәрбие сағаты бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестермен ой бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2019
1081
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қош келдің, Жаңа жылым, еліме!»

Жүргізуші:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп, сағынған!

(Жаңа жылдық әуенге балалар қол ұстасып мерекелік залға кіреді, шыршаны айналып орындарына жайғасады.)

ІІ жүргізуші: 

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойға,

Шақырамыз қол соға!

І жүргізуші: 

С Новым годом!

С новым счастьем!

Вам, желает детвора!

Ожидает вас сегодня

Много-много волшебства!

ІІ жүргізуші: 

Уа, халайық, той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қызық көріп, тойлаңдар,

Маңайға жар салыңдар!

І жүргізуші: 

Будут танцы, хороводы,

Фейерверки, чудеса.

Ожидает всех нас счастье,

Новый год пришел! Ураааа!

ІІ жүргізуші: 

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді келе жатқан жаңа 2018 жылмен құттықтаймыз!

Жаңа жылда көтеріңкі көңіл - күй, зор денсаулық, сәттілік және бақыт тілейміз.

І жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директорының Амренов Алтайхан Жанадиловичка береміз.

І жүргізуші: 

Олай болса, бұл не тұрыс?

Жаңа жылға арналған мерекемізді бастайық!

(4 сынып «Шыршалар» биі )

І жүргізуші: 

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші:  Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз Нұрбол келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!

Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.

Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?! Барлығымыз Аяз атаны шақырайық Аяз ата ау-уу-у

(Балалар дауыстап шақырады, боран соғады, залға қарша қыздар кіріп билейді, Аяз атаға жол ашып, жерге қалықтап қонады)

Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

Аяз ата:

Ассалаумағалейкум,

жұртым, жиналған!

Көңілдерің дүр маржан!

Айналайын ұлдардан,

Айналайын қыздардан!

Аяз атаң мен Ақшақар

Келді, мінеки, алыстан!

Ақшақар

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші қыздар, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

Нұрбол ән салады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.

ІІ жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға биші қызымызды шақырайық. "Кукла барби" биімен Балнұрды қарсы алыңыздар!

.Аяз ата

Ақша қар, тәттілер қайда, кәне, берші. Мен мына бүлдіршіндердің жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Тәттілер беріледі

Ақшақар:

Неткен нұрлы жүздерің,

Неткен сұлу шыршаларың!

Бірақ, ата, қараңызшы,

Шырша шамдары жанбаған.

Аяз ата:

  • О, не дегенің қызым!?

Шыршаны шамын жағамыз,

сиқырлы сөзді айтып,

шыршаны лезде жайнатамыз!

Кәнеки, балалар, бәріміз бір дауыспен :

Шырша, шырша таңырқат,

Шыршамызды жарқырат!

Шырша, шырша таңырқат,

Шыршамызды жарқырат!

ШЫРША ШАМДАРЫ ЖАНАДЫ

Ақшақар:

Таң қалдырып баршаны,

Шыршамыз жарқырап жайнады.

Құбылтып, құлпыртып айналаны

Сиқырлы сәулелер жан-жаққа тарады.

Кәнеки, бәріміз қол ұстасып, сұлу шыршаны айналып ән шырқайық!

Хоровод: «Аппақ, аппақ жапалақтап»

«ҚАРШАЛАР БИІ» 2кл

Аяз ата: Бәрекелді, тамаша! Әнді керемет шырқадыңдар, жарайсыңдар! Енді өздерің көріп тұрғандай құр алақан емеспіз, Ақшақар екеуіміз сендерге арнаған сый-сияпаттарымыз бар. Кәне, қызым, мына бүлдіршіндерді қуантып сыйлықтарын таратып берейік.

Ақшақар: Ата, бар ғой, ең кішкентай бүлдіршіндерімізден бастасақ қайтеді?

Аяз ата: Әрине, балам, тек тізімді алып шық, бірде-бір бала құр қалмасын.Ал, бастайық!

Би «Аққала» 1с

  • 1 сынып оқушыларының тақпақтары

Аяз ата :Балам, бәріне бердік пе? Енді ең негізгі сыйлығымды әпере ғой, баршаға табыстайық.

Ақшақар: Ой, ата, ол сыйлық мұнда жоқ.Ол қайда? Бағана болған.

Аяз ата: Қой, дұрыстап қарадың ба? Енді қайттік?

Ақшақар: Дұрыстап қарадым, мұнда жоқ. Енді қайттік? Онсыз жаңа жыл келмейтін болды ғой, ата -деп жылайды.

Аяз ата: Қой, жылама, қызым, бір амалын табамыз.Балалар, сендер көрген жоқсыңдар ма?

Балалар: Жоқ, көрген жоқпыз.

1-Жүргізуші:Ата, бізде бәрін бақылап тұратын бейне камера бар. Бәлкім, камераға түсіп қалған болар, содан көрейік.

(Сыйлықты әкетіп бара жатқан Машаны көреді)

Бәсе, айттым ғой, бейне камераға түсіп қалыпты. Сол баяғы Маша алған ғой.Өзі кіп-кішкентай болса да, өте тентек қыз.Жүріңдер, сыйлықты қайтарып алайық.

Ақшақар: Жарайды, бірақ ол қайда тұратынын біз білмейміз ғой

1-Жүргізуші:Жылама, балалар білетін шығар, кәне, олардан сұрап көрейік.Балалар, Маша қайда тұратынын білесіңдер ме?

Балалар: Білеміз, ол орманда тұрады.

Аяз ата: Онда, бұл не тұрыс? Кеттік! Бәріміз паровоз боп тіркеліп алайық. Күш бірлікте демекші, бәріміз бірге болсақ бізге ешнәрсе кедергі болмайды.

Дайынсыңдар ма? Кеттік! «ПАРОВОЗ» болайық

(Осы кезде Маша шыршалар арасында сыйлығын қызықтап әндетіп, билеп жүреді.)

Ақшақар: Ата, әне Маша! Сыйлықта сонда екен, ұстаңдар оны!

(Маша балаларды көріп, қаша жөнеледі)

Маша:Миша, Миша құтқар!

Миша:Не болды? Мәссаған!Аяз ата мен Ақшақар және мына тұрған барлық бала сені қуып келді ме?Не үшін?

Ақшақар: Миша, ол бүкіл халыққа арналған жаңа жылдық сыйлықты алып алды. Онсыз Жаңа жыл өз күшіне енбейді.

Маша: Бермеймін, менікі!Кетіңдер! Оны мен өзім тауып алдым.Ешкімге де бермеймін! Кетіңдер!

Миша: Маша, сенікі дұрыс емес, Аяз атаның бұл сыйлығын қайтармасаң Жаңа жыл болмайды.

Маша: Миша, не, аналар шын айтама? Мына сыйлықты қайтармасам Жаңа жыл болмай ма?

Миша: Ия, Маша, қайтарғаның дұрыс болар.

Маша: Бергім келмейді. Онда менің шартымды орындасын.

Миша: Жарайды, балалар, шартын орындайсыңдар ма?

Маша: Мен сендерге жұмбақ әуен жасырам, ал сендер ол әуен қай мультиктен екенін табу керексіңдер.Егер де дұрыс тапсаңдар, онда сыйлықты қайтарамын.

Миша: Маша, балалар сенің шартыңды орындады. Енді сыйлықты қайтар.

Маша: Жоқ, сыйлықты қайтармаймын.Менің тағы бір шартым бар. Мен «Гном» биін билегім келіп тұр.

Ақшақар: Жарайды, балалар, билейік пе?

«Гном » биі

Ескі жыл шығарып салу

Ит жылы : Ал, енді қоштасатын сәт келді,12 жылдан кейін аман-есен кездескенше қош сау болыңыздар!

Миша: Ал, Маша, ескі жылды да шығарып салдық. Бүкіл халықтың назары сенде.Еркелігіңді таста, сыйлықты қайтар.

Маша: Мен енді ойын ойнағым келіп тұр

Сайқымазақ ойын ойнатады

Миша:Енді сыйлықтарды бер

Маша: Жоқ, бермеймін,ол менікі, ешкімге де бермеймін!Мен де балалар сияқты әдемі көйлек кигім келеді,ата

  • Аяз ата: Айтқаның болсын

(Осы кезде Аяз ата сиқырлы таяғын Машаға тигізеді. Маша шыр көбелек айналып барып, әдемі көйлегін киеді.Сыкылықтап күліп ортаға шығып билеп, әнін айтады., Аяз атаға сыйлығын қайтарады)

Маша ән айтады

Би «Үнді»

Жүргізуші: Балалар жаңа жылымызды қарсы алайық

Ақшақар:

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,

Сүйінші!-деп маңайға жар салыңдар!

Жаңа жыл келді, жаңа жыл,

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңдар!

сы кезде доңыз келеді ортаға)

Доңыз:

Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет

1-жүргізуші

Ар бол, Жаңа жыл! Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,

Ғасырдың он сегізінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Бейбіт өмір мен шаттығын!

Мултфильм кейіпкерлері қонаққа келіпті қарсы алыңыздар

Чунга чанга би

САНТА КЛАУСТАРДЫҢ БИІ 3 сынып

Ақшақар:

Ал, қанеки, балалар ,

Қол үстасып тұрайық,

Шыршамызды айналып

Би билейік, жырлайық!

Мен құр келгенім жоқ,сендерге би билеп берейін. Ақшақар биі

ХОРОВОД: «ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!»

Аяз ата: 

Ал қарақтарым бізді күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайық. Сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көріне беріңдер! 
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт . 
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын. 
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін. 
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін. 
Үнемі жақсылыққа толыңдар, тек биікке ғана қоныңдар. 
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар. !

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

Барлығымыз би билейік

Флешмоб

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!Қадірлі ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп,бақытты болайық!























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!