Материалдар / Төрлет, құтты жаңа жыл!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Төрлет, құтты жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
250
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Төрлет, құтты жаңа 2018 жыл!"


Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, Құрметті ата-аналар, қонақтар! Біз сіздерді Жаңа 2018 ит жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа
жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.


Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар

Айнала қоршап шыршаны
Шашылар шашу жыр әні.
Мынау әсем шыршаға
Қош келдіңдер балалар!-дей отырып, ортаға жаңа-жылдық шыршаға келген балаларды шақырайық.

Балалар музыка әуенімен билеп кіреді.

3 бала тақпақ айтады.


«Жаңа жыл» әні орындалады


(Жарық сөніп, боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді).
Мұз ханшайымы: Соқ, соқ боран қаттырақ
Бүкіл әлем мұзға айналсын.
Алай- дүлей соқ боран
Барлық дүние шайқалсын.
Тыныштықты бұзатын
Кімдер бұлай ойнайтын.
Балаларды қаламаймын
Сарайымды былғайтын.

Жүргізуші:Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?
Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің балабақшама айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдар, солайма?
Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.
Мұз ханшайымы:Мен ештеңені де естігім келмейді.Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын. (Кетіп қалады)

Жүргізуші:: Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдыкі екенін білген жоқпыз ғой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?)


Музыка әуенімен билеп Аққала кіреді

Аққала:

Мен, Аққала, ақ бала
Келіп қалдым бақшаға
Екі көзім қап - қара
Көргің келсе сен қара.

Айналаға қараңдар,
Қызық көріп шат болсын.
Жаңа жылды қарсы алып,

Шалқып күліп тараңдар.


Жүргізуші:Сәлеметсің бе көңілді Аққала! Жаңа мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сенің келгенің қандай жақсы болды.

Балалардың да көңілі көтеріліп қалды.
Аққала: Ал мен, жалғыз келген жоқпын.Өзіммен бірге көңілді достарымды да ала келдім.


«Аққала биі»


Жүргізуші: Балалар, қалай, көңілдерің көтерілді ме? Рахмет саған Аққала ! Біздің мерекеміздің қонағы бол.Балалар!мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешімін тауып көресіңдер ме?


Ақ таяғы қасында
Ойын күлкі жанында
Күтеді оны шартарап
Сый дорбасын арқалап
Жаңа жыл сайын келетін
Ол кім?
Балалар: Аяз ата
Жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.
Маша: Мишка, мишка, біз сенімен қайда келдік, мұнда соондай әдемі екен.
Аю: Маша бұл балабақша , қарашы шыршаға қандай әдемі балалар келді.
Ау, жарандар мен келемін ала дорба арқалап
Аяз ата келе жатыр, келе жатыр ән тарат
Ақшақары қасындекен, тым әдемі күлкісі
Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.

Жүргізуші: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?
Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен уйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.
Екеуіде аман. Қорықпаңдар
! аздап демалсын сосын келеді. Біз Аяз ата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.

Жүргізуші:иаа, рахмет сендерге!Біз оларды асыға күтудеміз.

Аю:Бірақ, шыршаларың көңілсіз сияқты ғой.

Жүргізуші:Дұрыс айтасың Миша, олай болса шыршамыздың шамдарын жағайық.


(Осы кезде Маша сіріңкені алып, шыршаны жақпақшы болады.)


Аю:Маша мұның не?Шыршаны жағуға болмайды.

Балалар шыршаны безендіріп, Аяз атаны күтіп отыр.

Маша: Миша, Миша! Онда бұл шыршаны өзімімізбен бірге ала кетейікші?

Аю:Жооқ. Бұл тым үлкен, бізге жарамайды.Одан да оның шамдарына қарашы

(жарық сөндіріліп, шырша шамдары жанады)

Жүргізуші:Маша, Миша!Одан да сендер бізбен бірге болыңдар.


Маша: Миша, Миша менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен. Ойын ойнап, би билегім кеп тұр. (секіреді)
Аю: Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек.

Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)
Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.
Жүргізуші:балалар, Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.
Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар мен де қалайыншы.

Мен тіпті құрбыларымды да тауып үлгердім.Шығыңдар құрбылар, билейік.


«Машалар биі»


Маша:
Миша, а Миша балалармен енді мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр.


Бұл ойын «Алдау ойыны» деп аталады. Мен сендерді алдаймын, сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек.
Мен мұрнымды ұстадым! 1,2,3. ( өзі құлағын ұстайды)
Мен басымды ұстадым! 1,2,3. ( өзі иығын ұстайды)
Мен аяғымды ұстадым! 1,2,3. ( өзі белін ұстайды)
Мен қолымды жасырдым!
1,2,3. ( өзі қолын шапалақтайды)
Мен көзімді жұмдым! 1,2,3. (өзі секіреді)



Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақардан хабар болмады-ау.
Аю: Онда мен орманнан хабар алайыншы. Келіп қалғанда болар.

Балалар Аяз атаны,Ақшақарды қарсы алайық.
Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аю алдымен шығып Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алады.

Аяз ата: Ау, амансыңба ұлдарым
Амансыңба қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:
Армысыздар оқушылар, ата - аналар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын, әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын


Балалардың Аяз атаға арнаған тақпақтары

«Аяз ата» әні


Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Ал енді менімен ойы ойнауға қалай қарайсыңдар?

«Аяз атамен ойын»


Мұз ханшайымы: Мына балалар әлі жүр ме?Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.
Аяз ата: О ханшайым сабыр сақтаңыз,
Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.
Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,
Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,
Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Жүргізуші: Сәлем беріп біз сізге
Бар өнерді саламыз.
Өнерлі ханым келді деп
Әлемге жар саламыз!
Мұз ханшайымы: Солай ма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.

«Пингвиндер биі»


Мұз ханшайымы: Менің мына биден кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым. Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шахарға айналсын. Балалардың шуына толсын.

Мен жаңа-жылды босатайын.

(Шығып кетеді)

(Әуенмен жаңа жыл келеді.Мұзханшайым жаңа жылды ертіп келеді.)
Жүргізуші: Қош келдің,Жаңа-жыл
Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.
Жадырап, би билеп тербелейік,
Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.
Жаңа-жыл: Мен –Жаңа жылмын,
Мен –Жаңа нұрмын.
Мен-жаңа жырмын,
Баршаңызбен біргемін.
Әкелемін баршаңа
Жаңа бақыт, жаңа жыр.

«Шырша жыры» әні

Аяз ата : Қош келдің, Жаңа жылым төрлет.Мына балаларды саған тапсырдым. Берекелі де , мерекелі жыл бол!


Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді сыйлықтарды да алатын кез келді, жарайсыңдар балалар!

Қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Хош сау болыңдар, балалар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!