«Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгіліктің сценарийі.
Мерекеге сай безендірілген залға, музыка әуенімен билеп, балалар кіреді.
Жүргізуші:Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын.
Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар,қадірлі қонақтар! «Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тақпақтар
Ән
сауық: «Жаңа жыл»
әні.(отырады.)
Жарық сөнеді,ертегі әлемінің әуені басталады.
Автор: Бұрынғы ерте заманда хайуандар жыл басына таласыпты. Бұл оқиға былай болған екен... Орман ортасында ұйықтап жатқан қоян есінеп, ұйқыдан жаңа оянғандай, жан- жағына қарап, біреулерді іздейді,ешкімді көрместен өзімен -өзі билей жөнеледі. Қоянның билеп жүргенін көрген орманның түрлі хайуанаттары жиналады. Оларда билеп қоянға қосылып кетеді. Бидің аяғында сағаттың соққан дыбысын тыңдап тұрып қалады. «Бұл не? Иә, бұл – келе жатқан жаңа жыл ғой. Ал, жыл басы не болады?».
Қоян: Қардай аппақ қоянмын,
Жазда сұрға бояндым,
Жылды өзім бастайтын боп,
Тәтті ұйқыдан ояндым.
Сол түсімде , сен болшы деп,
Бәрің мені сұрадың, Не? Таңдана қарайсыңдар? Соған билеп, қуандым.
Қоян өзімен-өзі билеп жүреді.
Автор: Жыл басы тек мен болам, деп хайуандар таласты.
Өз - өздерін мақтаумен, айтыстары жарасты.
Жылды қарап тұрайық, ойын – сауық құрайық.
Таңды бұрын көргенді, жыл басы деп ұғайық.
Ормандағы ашық алаңға жайланып жайғасқан хайуанаттардың әр қайсысы жыл басы болуды қалап: «Неге мен емес? Мен кімнен кеммін?» деген өзара талас басталады.
Маңғаздана асықпай басып, ортаға алдымен Сиыр шығады.
Сиыр: «Мө» деп мөңіредім
Молшылық төңірегім
Жыл басы боламын деп
Ертерек келіп едім
Көгалда тұрағым
Дайын тұр құрағым
Етіммен, сүтіммен
Адамға ұнадым.
Бір кезде ортаға жылқы шауып келіп, өзін мақтай бастайды.
Жылқы: Алысқа шауып барамын.
Адамның бабын табамын,
Пайдасы мол жылқының.
Жыл басы мен боламын,
Әсем десең әсеммін,
Кең далада көсіліп,
Самал желдей есемін.
Автор: Түйе ішінен «Мен бәрінен ақылды да сұлумын, бойым да биік, жыл басын тек мен бастауым керек» деп жан жағына менсінбей, кербездене қарайды.
Түйе: Түйе, түйе түйемін,
Жануармын киелі
Кім таласар бойыма
Жыл басына иемін.
Жан – жағыма қараймын
Күн мен түнді санаймын.
Мен өзімді даланың
Кербезіне балаймын
Ортаға қой шығады.
Қой: «Бә,бә,бә» мен қоймын, көк шөпке тойдым.
Жыл басы болуға кетіп тұр ойым.
Қараңдаршы қандаймын, аппақ болған таңдаймын.
Жыл басына ылайық, жарқырап тұр маңдайым.
Тауық: «Қо,қо, қо, қоқ» жыл әлі неге жоқ.
Жұмыртқамды жеген соң, барлық бала тоқ.
Құрт – құмырсқа жемтігім, жоқ ешбір кемтігім.
Бәрінде бос мақтанып, шаршамаңдар ентігіп.
Ит: Абалап үремін,үйді қарап жүремін ,
Адамның көмекші, досының бірімін.
Ит болған соң үремін,
Сергек өмір сүремін.
Жеті қазынаның бірімін,
Адамды қорғап жүремін
Автор: Түйе мойнын созады, мен болам деп жар салып.
Тышқан одан озады, жылды алғаш қарсы алып.
Тышқан деген батырың, таңды көзбен атырды.
Төбесінен түйенің жылды көріп қатырды.
Тышқан: Алақай, алақай, күнді көрдім алақай.
Қулығыммен, ақылыммен бәрін жеңдім алақай.
Автор: Барлығың да қараңдар, Жылды көрген тышқанды «жыл басы» деп санаңдар!
Тышқан қуанады,бәрі шеңбер құрып ,орманнан шығып,балаларға келеді.
Хайуанаттар:- Балалар,сәлеметсіздерме ,қандай әдемі болып отырсыңдар!
Әдемі шыршаңыз бар екен, неге көңілсіз,шамдары жағылмапты ғой?
Жүргізуші: Қош келдіңіздер,мерекемізге алыстан Аяз ата мен Ақшақарды шақырдық.Сіздермен қосылып әнімізді айтайық,естіп келіп қалар.
Ән-сауық: «Қане,достар тұрмайық»
Әуенмен Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың,
Алыстан естіп келемін!
Қандай керемет, жаңа жыл мерекесіне қонақтар келіпті ғой.Жыл басы болуға таласқан хайуанаттар! Қанекей, шыршамыз көңілсіз тұр екен.бәріміз бірге жағайық.
Қуантып бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!(3 рет )
Тышқан:-Балалар биыл менің жылым,сендерге оңай тимеді,еліміз карантинде болды,енді келер жылы бәрі жақсы болады.Мен достарыммен бірге сендермен қоштасайын, сау болыңдар!
Хайуанаттар шығып кетеді.
Жүргізуші: Аяз ата, сіз алыстан шаршап келген шығарсыз,отырып демалыңыз. Балалардың өнерін тамашалаңыздар.
1,2 тақпақтар
Би «Ақшақар биі»
Ән-сауық «В лесу родилась елочка»
Жүргізуші :Жаңа жыл да келді міне
Кең байтақ менің жеріме
Шаттық бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
әуенмен Сиыр келеді
Сиыр:Мен келген Жаңа жылмын,
Жаңа бақыт,жаңа нұрмын.
Сендерді мерекемен
Құттықтауға келіп тұрмын.
Жүргізуші:Қош келдің Жаңа жыл! Төрімізден орын ал.Енді жыл бойы біз сенімен бірге боламыз,өзіңе арнаған жаңа жылдық тақпақтарымызды қабыл ал!
Тақпақтар.
Би «кішкентай аяз аталар биі»
Сиыр: -Керемет,өнерлі екенсіңдер! Балалар, мен де сендерге құр келген жоқпын,сендермен бірге көңіл көтеру үшін, ойын ойнағым келіп тұр.
Жүргізуші: Әрине,ойнаймыз!
Ойын «Аққаланы құрастырамыз»
Аяз ата:Ақшақар, балалар қандай өнерлі, әкелген сыйлықтарыңызды таратып берші.
Ақшақар:- Ата біздің сыйлығымыз,жоғалып кетіпті, енді не істейміз.
Әуенмен Сиыр келеді.
Сиыр:Мінекей сіздің сыйлықтарыңызды тауып алып келдім.
Аяз ата:- Жарайсың Сиыр,рахмет! Балалар сендерге арналған сыйлықтарды қабыл алыңдар.Ал енді,біз сендер сияқты балаларды қуантып, сыйлықтар сыйлау үшін жолға шығайық. Сау болыңыздар!
Аяз ата,Ақшақар,Сиыр қоштасады.
Жүргізуші: Сау болыңыз Аяз ата ,Ақшақар! Балалар осымен жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Төрлет, құтты жаңа жыл!»

шағым қалдыра аласыз