Материалдар / «Төрлет төрле,Әз Наурыз» мерекелік шараның сценарийі

«Төрлет төрле,Әз Наурыз» мерекелік шараның сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
22-Наурыз Ұлыстың мерекесіне орай сценарийі.Мұнда жүргізші сөздері кейіпкерлердің рөлдері,әндері мен билері
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Төрлет төрле,Әз Наурыз» мерекелік шараның сценарийі

Күй ойналады.

Ортаға немере жүгіріп шығады:

Немере: Әже,бүгін ұстазымыз алда Наурыз мерекесі тойланады деп хабарландыру айтты.Әже «Наурыз»деген не? Ол қалай тойланады?

Әже: -Е,немерем менің,ботам менің! Наурыз дегеніміз ҰлыстыңҰлы күні,яғни күн мен түннің теңеліп,қыстың құрсауынан шыққан жер Анамыз бусанып шығатын күн.

Әже: Бүгін ауылымызда Наурыз тойы тойланады,қазір мен сені сонда апарайын,тойды көрсетейін.

Жүре ғой,балам!Аслан-Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар,

Келген мына мерекеге қараңдар.

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар.

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам,

Қайта оралған намысымдай наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым,

Ата –бабаларымыз ұлттыұ киімдерімізді зор талғаммен, сәнді әрі қонымды етіп үйлестіре білген. Ендеше осы ұлттық киімді кең көлемде насихаттап, мектебімізде әсемдік беріп жүрген сыныптарымызды ортаға шақырайық.

2а сыныбынан бастап.

Би: Қазақ биі 2а сыныбының қыздары.

1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 – жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй – дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1 жүргізуші: Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні – ата – баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Төрлет,төл мереке әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызға қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе жатқан?
Әуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады.
Алдар көсе Дәурен:
– Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!
Қожанасыр:
– Нұрлы Наурыз тойына келіңдер!
Тазша бала:Нұркен
– Уа, балалар! Жылан жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наруыз мерекесіне келіңдер.
Алдар көсе:Дәурен
– Әй, ағайын, ағайын!
Той деп жар салайын,
Наурыз тойға келіңдер,
Мен де бірге барайын!
Тазша бала:Нұркен
– Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар көсе:Дәурен
– Биыл жылан жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?
Алдар көсе:Дәурен
– Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой.

Наурыз құтты болсын! Жылан жылы елімізге бақ – береке әкелсін!
Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. 21 наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейіпінде көрінетін қиял ғажайып адам.

Тазша бала: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Туа сала атандым Қожанасыр,
Мендей аңқау болмас – ау басқа сірә.
Наурыз тойы мектепте болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп.

Алдар көсе:Дәурен Мен Алдармын, Алдармын?
Досымын адал жандардың.
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым.

(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)

1 – жүргізуші:

Жылдың басы наурыз

Жердің басы наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр-әніміз.

Ән: «Наурыз думан» Орындайтын: Данагүл Ероллақызы,Самал Болатқызы

Тазша бала:Уа ағайын,бүгін Мұрат атамыздың немересі жеті жасқа толып,қазағымның дәстүрімен «Тоқым қағу» рәсімін жасағалы жатыр,ендеше бәріңізде тойға келіңіздер,келіңіздер баршаңызда............

Салт дәстүр көрсету: «Тоқым қағу»

Ән: «Қазақ осы» Орындайтын: Қыздар топ


Жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.- дегендей, халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет - жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.


Ұзын шашты қыздар жүріп өту.

Үкілі кәмшат әні кетеді


Жүргізуші:Қыдыр ата – бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді деген сенім бар. Сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. "Қыдыр қонған", "Қыдыр дарыған" деген сөздер осындайдан шыққан.

Қыдыр ата кіреді:

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!

Қораң малға толсын,
Үйің жанға толсын.
Оқу, ілім үйреніп,
Жас балалар жетісіп, адам болсын.
Халықтың қамқоршысы,
Ел ағасы болар,
Ақыл, санаң болсын.
Ұрыс-қағыс болмай,
Бейбітшілік заман болсын.
Шаруашылықтарың шаш-етектен байып,
Дастархан толы ақ адал тағам болсын!

Әумин!!!


Ән: «Жарапазан» Орындайтын: 7-сынып ұлдары

Тазша бала: Ал тойға келген ағайындар ендеше не тұрыс қазағымыздың ұлттық ойындарын ойнамасқа?

Ендеше Ұлттық ойындарға кезек берейік


Ән: «Келді көктем» Орындайтын: Лариса С,Индира А,Анар Е.

Әже мен баланың диалогы кетеді:


Әже: Әй шал үйге қайтайық мал келетін уақыт болды,балам өзі наурызды қызықтай берсін.


Немере: Еееее, Наурыз айы осылай тойланатын болып тұрғо.

Наурыз баршаңызға құтты болсын.


Жүргізуші: Ұлыс оң болсын ақ мол болсын Қазақ елінің ауыз біршілігі бұзылмасын,еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!Тағы да сіздерді наурыз мерекесімен құттықтаймыз!


Жүргізуші: Осындай мерекелерде жүздескенше!

Қош сау болыңыздар!













29 Наурыз 2025
92
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі