Тақырыбы:“Төрлет, төрлет
Жаңа жыл”
Екінші кіші топқа
арналған
Безендірілген залға музыка әуенімен балалар
кіреді.
Жүргізуші: Құрметті ата˗аналар сіздерді келе жатқан жаңа мешін
жылымен құттықтаймыз.
Даламызға қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға, балаңызға
Жаңа жыл сәлем береді.
Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әсем, ойыншықтарымыз қандай
әдемі. Осы шыршамызға арнап жаңа жылдық тақпақтарымызды
айтайық.
:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
:
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға.
:
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл
:
Жасыл шырша қош келіпсің
Сені аңсап жүрдік біз
Өзіңменен жаңа жылды
Қарсы алуға келдік біз
Жасыл шырша жанында
Ойнап күліп қайтамыз
Жасыл шырша жанында
Өлеңінде айтамыз.
Ән: «Шырша жыры»
Телефон шырығы естіледі.
Жүргізуші: балалар бізге Ақшақар келе жатыр екен. Қане қарсы
алайық.
Музыка әуенімен ақшақар кіреді.
Балалар: Сәлеметсіз бе Ақшақар
Гном: Ақшақар сіз неге көңілсізсіз?
Ақшақар: Біздер шырша тойына келе жатыр едік, мен аяз атадан
орманның ішінде адасып қалдым. Енді әсем шыршаның шамдарын кім
жағады.
Гном: Ақшақар сен жылама. Менің достарым көп. Біз саған мына әсем
шыршаның шамын жағуға көмектесеміз.
Балалар:
Бір екі үш
Шырша шамы жарқыра
Жүргізуші: бізді Гномдар Ақшақардың көңілін
көтеру үшін би билейді.
Би: «Гномдар»
«Қоянды қуып ішке қасқыр кіреді»
Қоян: құтқарыңдар, көмектесіңдер. Мені
аққала қуып келе жатыр.
Акқала: Тоқта бәлем, тоқта. Меннің сәбізімді неге аласың аккел
бері.
Аққала шыршаға соғып құлап қалады.
Қоян: ой, аққала есінен танып құлап қалды. Енді не істеймін. Аққала
қасеке тұршы.
«қоян аққаланы үрлеп тұрғызып алады»
Аққала: Ой, қандай әсем шырша. Мына жерде жаңа жыл тойы болғалы
жатыр ма?
Ақшақар: Иә аққала. Сен қоянды кешір біз жаңа жылға сыйлық алып
қойдық қоянның қарны ашып сенен сәбіз алған қой. Жаңа жыл болса
келіп қалды. Мен Аяз атаны таба алмай, адасып қалды. Одан да
бірігіп Аяз атаны іздейік. Жаңа жылды бірге қарсы алайық. Балалар
Аяз атаны күтіп қалды ғой.
Аққала: О, жаңа жыл дейсің бе? Бізде қарсы аламыз ба? Жарайды, қоян
мен сені жемеймін, екеуміз дос боламыз.
Екеуі айналып билейді.
Екеуі: біз доспыз
Жүргізуші: сендер шынымен де дос болдыңдар ма, ендеше бізбен бірге,
жаңа жыл тойын тойлаңдар, ендеше балалармен бірге ән шырқайық.
Ән: «Сұр қоян»
Жүргізуші: қоян мен қасқырдың достығына арнап тақпақтар
айтайық.
:
Кел жаңа жыл
біздерге,
Кел жаңа жыл,
жаңа жыл.
:
Далада қар
борайды,,
Ақ мамыққа
орайды.
:
Мұз болады
қатады,
Жып - жылтыр
боп жатады.
:
Қыс келді, Қыс
келді.
Ақтарып ақ
қарды.
Сол кезде қуана қутыңдап қу түлкі келеді.
Түлкі:
Түлкінің бірімін
Ұсақ емес ірімін
Орман кезіп шарқ ұрып
Қоянды іздеп келемін
Ұзын құлақ ақ қоян
Өзі сондай сақ қоян
Шыға келсең алдымнан
Шап берем де жеп қоям.
Түлкі: тіміскілеп, иіскелеп.
Мен қоянның тәтті исін сезіп тұрмын
Ә˗Ә˗Ә қайда екен, әлгі қоян
(қоянды тап беріп ұстап алады)
Түлкі: қоян мына жерде отыр екен ғой!
Мен сені жеп қоям
Ақшақар: туу сендерге не болған, бәрің қоянды жегілерің келе береді
екен? Одан да жаңа жылды қарсы алайық, аяз атаны іздеп табайық.
(жылайды)
Қасқыр: не істейміз достар? Ақшақарға аяз атаны табуға
көмектесейік. Аяз атаны іздеп табайық.
Қоян: ақшақар жылап отыр ғой, көңілін көтерейік
Түлкі: достар, таптым, таптым! Мен оны жұбатам аламын. Менің
көңілді, сиқырлы әнім бар. Ол Ақшақардың көңілін көтереді. Бізге
мына балалар да көмектессін.
Би: «Ұлпақарлар»
Қоян балалармен ойын ойнайды.
Ойын: « Қар жинау »
Ақшақар: жарайсың, түлкі досым! Мен сергіп қалдым рахмет! Бірақ
маған аяз атасыз көңілсіз. Маған аяз атаны тауып әкелесіңдер
ме?
Аңдар: әрине тауып әкелеміз.
(қоян қасқыр, түлкі шығып кетеді)
Жүргізуші: ал балалар, біздің достарымыз аяз атаны тауып әкелгенше
тақпақтарымызды айтып, мына Ақшақардың көңілін
көтерейік.
:
Кел билейік үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын жаңа жыл
:
Аппақ қылып даланы
Аппақ қылып қаланы
Қуандырып баланы
Төрле, төрле, жаңа жыл!
:
О, жаңа жыл кел төріме
Көттік қана сені біз
Қуаныштың желкенінде
Тербеледі еліміз.
:
Қасқыр, қоян, түлкі жүгіріп, қуанып кіреді. Алақай, алақай, аяз ата
таптық. Аяз ата келеді.
Жүргізуші: аяз атаны бәріміз дауыстап шақырайық.
Балалар: аяз ата келші бізге сыйлық берші, ауу
Аязата: естідім, естідім. Мен мен де келе жатырмын
Амансыңдар ма, халқым!
Амансыңдар ма, балаларым!
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай жем көздерің
Алып келдім сіздерге
Жаңа жылдың жылуын.
Ақшақар: ата, сізді іздеп қатты қапаландым, жыладым. Мына достарым
болмағанда не істер едім Рахмет достар! Мына балалардың бәрі өнерлі
екен сізге арнаған тақпақтарын
тамашаладым!
Аяз
ата : Бәрекелді балалар! Рахмет сендерге. Менің қызымның көңіл
күйін көтергендеріңе алғыс айтамын! Мен сендерге қызықты ойын
әкелдім менің шанама мініп орманға серуенге барасыңдар ма ендеше
кеттік.
Аяз ата ойын ойнатады.
Ән: «Аяз ата»
Жүргізуші:
Жылым келді тағы да
Амандық тілеп еліне
Мешін жылы қош келдің
Төрлетіңіз төріме
Ортаға мешін жылы шығады.
Мешін:
Келдім міне еліме
Келдім міне жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді
Шығам енді төріме.
Би: Жаңа жылдық флешмоб аңдар барлығы билейді
Аязата: балалар өте тамаша! Енді Ақшақар екеуміздің барар жеріміз
әлі көп. Бізді басқа балаларда күтіп отыр. Соған барайық.
Ақшақар: ата балаларға сыйлық ше?
Аязата: Ой кәрі басым ай ұмытып барады екенмін ғой.
Сыйлықты береді де шығып кетеді.
Жүргізуші: құрметті ата˗аналар, жаңа мешін жылы отбасыларыңызға
амандық бақыт әкелсін. Жаңа жылдарыңыз құтты
болсын!