“Төрлет, төрлет Жаңа жыл”
Тәрбиеші:
Жаңа жылдың
таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа
бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық,
молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге
әкелсін мына арай жыл.
Құрметті қонақтар, әріптестер! Бүгінгі
“Балдырған” тобының “Төрлет, төрлет Жаңа жыл” атты ертеңгілігімізді
бастауға рұқсат етіңіздер.
Жарқын: Ой
мұнда шырша мерекесі болады деп еді, неге барлық жерде жарық өшіп
тұр?
Марғұлан: Қазір қыздар келедіғой, олар қараңғыдан
қорқадығой. Енді не істейміз?
Нұрали: Келіңдер жігіттер ақылдасып жіберійік. О алақай
біз жарық жақтық!
Музыка әуенімен билеп қыздар залға
кіреді.
Ән: “Жаңа жыл”
Балалар мен сендерге бір қызық әңгіме айтып
берейін ия. Баяғыда бір ерке қыз болыпты, ол қыз әр нәрсені білуге
құмар екен. Қыстың бір суық күнінде , сол қыз орманға жалғыз өзі
шырша көруге шығады. Ал балалар орманға жалғыз баруға болама?
Орманда нелер бар? Ия қасқыр, аю және қарақшылар бар екен. Қане
бәріміз сол қыздың оқиғасын тамашалайық.
Айару: О-о-о мұнда орманда бір қыз адасып кеткен
сияқты, қандай байлығы бар екен тартып алайық. Көмекшілерім
келіңдер.
Би: Қарақшылар
Ал
балалар қызды қарақшылармен қалдыруға болама?
Ендеше арығарай тамашалайық.
Музыка әуенімен Сиқыршы
келеді.
Сиқыршы:
Ой! Шырша мерекесіне түсем деп орманға түсіп қалыппынғой. Ай – ай –
ай мұнда не болып жатыр? Аа қарақшылар қызды тонап жатыр екенғой,
ал ойланайын!?
Тәрбиеші: балалар уайымдап тұр едім ерке қызды не болады
деп, сиқыршының келгені қандай жақсы болды.
Сиқыршы: Қыздың орны шырша мерекесінде. Ал мына
қарақшыларды не істесем болады? Бұл балаларды жақсы балаларға
айландырып шырша мерекесіне алып барайын.
О-о-о мінекей балалар шырша мерекесіне де келіп қалдық. Мұнда шырша
шамы жанбапты, қане бәріміз шырша шамын жағып
алайық.
Тәрбиеші: балалар қандай керемет аяқталды ерке қыздың
оқиғасы. Сендерге ұнады ма? Ал балалар орманға жалғыз баруға болама
екен?
Ендеше балалар қыздарымыздың өлең шумақтарына
кезек берейік.
Гауһар: Уэлкм тичэ
Уэлкм чилдрен
Уелкм ауа парэнтч
Уэлкм Мэрри Кристмас
Ай уиш ю, Ай лав ю.
Ясмина: Дедушка Мороз придет,
Мне подарок принесет,
Расскажу ему стишок
Получу конфет мешок!
Заведем мы хоровод,
В месте встретим Новый год!
Ханшайым:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Алима:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Айдана: Жапалақтап ақша қар,
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап
Би: “Шырша”
Айару: Хәппи дэй
Тудей из зе дэй
Уи гэт ту сэй
Уи а хәппи тудэй
Жансая: Посмотрите, кто идет!
Ну, конечно, Новый год!
Много радости и счастья
Он с собою всем несет
Айым:
Новый год пришел в наш дом
Мы танцем и поём ,
Будем праздник мы встречать,
Нашу елку наряжать!
Айша: Спринг из грин
Саммэ из брайт
Оутм из йеллоу
Уинтэ из уайт
Аруна: Жаңа жылды қарсы алдық
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Музыка әуенімен залға үндемес
келеді.
Тәрбиеші: Балалар бізге бір қонақ келген сияқты, кім екенін
тоқтатып біліп сұрап алайық. Сіз кімсіз? Балалар бұл ерекше қонақ
үндемес екен.
-
Сіз
қайда бара жатырсыз ?
-
Шырша мерекесіне келдің бе?
-
Шырша мерекесіне өнер көрсеті керекқой, сен не ән
айта алмайсың, не сөйлемейді екенсің
-
Не
істей аласыз сіз сонда?
-
А
билей аласыз ба?
-
Онда өнеріңізді көрейік.
Тәрбиеші: балалар үндеместің биі керемет, бірақ киімі
мерекеге сай емес, өзіне де ыңғайсы болып тұр. Үлкен екен. Балалар
үндемеске қалай киіну керегін көмектесіп жібереміз бе? Сымың өзіңе
үлкен екен? Бас киімнің ішінен бас киім киіп алыпсың. Енді міне
әдемі болып қалдың. Үндемес сен олай болса бізге деген сыйлығың
болсын біздің мерекеге Аяз ата кешігіп жатыр Аяз ата мен Ақшақарды
ертіп келсең.
Ал
ендеше балалар Аяз ата мен Ақшақар келгенше ән шырқап алайық,
мүмкін даусымызды естіп тездетіп келіп қалар.
Ән: We Wish You a Merry
Christmas
Аяз
ата:Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы
Сендердін денсауылығың.
Жаңа жылдарың құтты болсын,қарақтарым. Асу-асу бел асып,асқар-асқар
тау асып, өздеріңе әрең жеттім.
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз Аяз
ата, Ақшақар!
Біздің балалар сіздерді күтіп
отыр. Біздің балаларға әкелген тәттілеріңіз бар ма? Бар
болса сол тәттілермен ойын ойнасақ қалай қарайсыз Аяз
ата.
Ойын: “Тәттілер”
Олай болса Аяз ата отырып дем алып алыңыз біздің
балаларымыз сізге дайындап келген биі бар екен соны
тамашалаңыз.
Би: “Аяз ата”
Ән:
Ёлка, шарики, хлопушки.
Би: Хоровод Праздники
Сыйлық тарату
Құрметті қонақтар, әріптестер осымен бүгінгі
“Балдырған” тобының “Төрлет, төрлет Жаңа жыл” атты ертеңгілігіміз
өз мәресіне жетті сөз кезегін балабақша меңгерушісі Эльмира
Төлегенқызы мен балабақша әдіскері Айнұр Оразбайқызына сөз кезегін
берсек.