«Төрлет, төрлет Наурыз!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Төрлет, төрлет Наурыз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Төрлет, төрлет Наурыз!»

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар!


Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.

Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік

Ән «Наурыз-көктем

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Алима: Наурыз тойы — тамаша,  

Наурыз тойы — жаңаша.  

Табиғат та тамаша,  

Тамылжып тұр жараса. 

 

Аружан: Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай, 
Бізде қарап тұрмайық, 
Тойға шашу шашайық! 


Илана:
Той думанға келіңіз, 
Тамашалап көріңіз, 
Ән айтайық бәріміз, 
Қол соғайық бәріміз! 


Асанали: Наурыз келді, нұр келді, 
Түгел аймақ түрленді. 
Бақшадағы апайлар 
Тойға әзір боп үлгерді. 

Жүргізуші: Біздің балалардың биін қабыл алыңыздар.
Би: «Домбыра»

Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар  ұлттық ойын ойнап береді.

Ойын: «Қыз қуу» 

Шарты:бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Балалардың орындауында ән.

Ән «Нұрлы- көктем»

Жүргізуші: Енді біздің балаларымыздың күшін сынап,ойын ойнайық.

Ойын : «Күш сынасу»

Шарты:Екі бала ортаға шығып күштерін сынасады

Жүргізуші: Балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Нурали:Ау, жараңдар,келіңдер!

Той қызығын көріңдер!

Наурыз айға бас иіп

Күнге сәлем беріңдер.


Алинур: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас –кәріміз,
Би билейміз бәріміз.

Жансая:Би билейік ән салып,
Келді Наурыз, жар салып.
Жылда келсін Ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып.

Дария: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз!


Жүргізуші: Біздің балалардың биін қабыл алыңыздар.


Би: «Қаражорға»


Жүргізуші: Ата-аналар сіздермен бір ойнасақ қалай қарайсыздар,ендіше қазақтың ойыны арқан тартысу.

Ойын: «Арқан тарту»



Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме!

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

ҚЫДЫР АТА:  Сұрасаң бата берейін,
                     
Үстем болсын мерейің 
                     
Ықыласпен қол жайсаң,
                     
Ақ тілекті төгейін
                     
Ұлыс оң болсын
                     
Ақ мол болсын
                     
Қайда барсаң жол болсын!
                     
Ұлыс бақты болсын,
                      Төрт түлік ақты болсын!

Әумин!

Наурыз Әже:

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,енді Қазыбек би ауылы дастархан жайып сіздерді тосып отыр.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.06.2018
578
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі