Тақырыбы: Төрлет,төрлет жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық көрініс, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары.
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.
Жүргізуші: Балалар, мереке қонақтары қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын!
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге- дей отырып ,«Балдырған» ортаңғы тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!
(Мерекелік әуен ойналып балалар кіреді)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән:Жаңа-жыл.
Жүргізуші:
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Жарайсыңдар балалар! Құрметті қонақтар біздің балалардың жаңа
жылдық
тақпағын қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:(Қ.Дарын,Хантөре,Диас,Нурраббил,Мансур,Әлихан)
Қ.Дарын
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да,мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Хантөре
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жылтырап жатады.
Диас
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған.
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынған.
Нурраббил
Аяз ата аппақ,
Кәмпиттері тәтті ақ.
Маған кәмпит берсең.
Тағы айтамын тақпақ.
Мансур
Көрдіңбе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
Әлихан
Кезектесіп балалар,
Тақпақ айтып береміз.
Сұрақ қойса Ақшақар,
Ойланып жауап береміз.
Көп рахмет,балалар біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр.
Олай болса Аяз атамызды шақырайық балалар!
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап
шақырады.
Аяз
Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып
барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң
кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?Мынау Аяз атаның да сиқырлы
таяғын ұрлап кеттім.Осы
кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы
келеді.
Тәрбиеші:
Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де
шыршаны жұлуын тоқтатпайды.
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға!
Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!
Маңдайдағы терін сүртіп,
тұрып.Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды
ғой.
Жүргізуші: Мыстан кемпір біздің балаларымыздың жаңа жылдық биін тамашала бір серігіп қаласыз.
Мыстан: Жарайды қоймадыңдар билесеңдер билеңдер,тамашалайын және отырып не алып кететінімді ойластырайын.
Би:Гномдар
Ән біте салысымен керемет маған ұнады.Бірақ мына шырша биден де қатты ұнап тұр. Не істесем екен...Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
Мыстан кeмпip кілтті алып кeтiп қалады.
Ғажайып сәт
Кенет бір дауыс естіле бастайды. Аяз ата келеді.
АЯЗ АТА:
Құтты болсын, балалар,
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым,
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да,
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар Аяз ата деп жауап береді.
Ақшақар;
Сәлеметсіңдер ме,балалар.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Күміс сәуле тарайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз ата,Ақшақар. Балалар сіздерді асыға күтіп отыр. Жаңа мұнда мыстан келіп шыршамыздан бір кілтті алып кетіп қалды.Бізді балаларға әкелетін сыйлықты тауып алып әкетіп қалмасын.Сіздің сиқырлы таяғыңызды ұрлап кетіпті.Кілтке алданып таяқты қалдырып кетті.
Аяз ата:
Жоқ,жоқ жоқ сыйлық өзіммен бірге жүрғой.Таяғымды шаршап талдың түбіне демалам деп отырған да ұрлап кетіпті.Ау мына шыршаларың көңілсізғой шырша шамын жағайық балалар!
Қуант бізді таңырқат,
Шырша шамын жарқырат! (3 рет ) айтады.
(Сол кезде шырша шамы жанады)
Ал балалар енді керемет болды. Алыс жолдан шаршап келген боларсыз.Біздің балалардың жаңа жылдық тақпағын қабыл алыңыз.
Тақпақтар:(Бақдәулет,Ақжүрек,Марғұлан,Даниал,Муха,К.Дарын)
Бақдәулет
Дала нұр,қала нұр.
Құтты болсын жаңа жыл!
Ақжүрек
Қандай әсем шыршамыз.
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттетін арқалап,
Аяз ата келіп тұр!
Марғұлан
Жаңа жылға сәніміз,
Біздің айтар әніміз.
Келдіңбе аман алыстан.
Сәлем Аяз атамыз!
Муха
Тамаша,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
К.Дарын
Келді Аяз атамыз.
Қасында Ақшақары бар.
Даниал
Бізбен бірге ойнайды,
Жаңа жылды тойлайды.
Барлық бала бақытты,
Болса екен деп ойлайды.
Құрметті қонақтар, Аяз ата біздің балалардың шырша жырын қабыл алыңыздар!
Ән: Шырша жыры
Тақпақтар: (Белқис ,Алана,Айлин,Раяна)
Белқис
Оралды өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпе,
Асқар тау қарлы шың!
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын Жаңа жыл!
Айлин
Даламызға,қаламызға
Жаңа жыл келіп кіреді.
Раяна
Ата-әже,әке-ана,
Құтты болсын жаңа жыл!
Аяз ата: Балалар жарайсыңдар! Енді барлығымыз бірге би билейік.Мен сияқты билей аласыңдарма көрсетіңдерші кәнекей.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар Аяз аталар биін әдемі билейді ,айтқаныңыз орындалсын тамашалаңыздар!
Би: «Аяз аталар»
Аяз ата: Керемет, тамаша балалар жарайсыңдар! Балалар енді бір ойын ойнайық!
Ойын:Паровоз
Жүргізуші:
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық»- дей келе,
Би: Шыршалар
АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін!.Енді Ақшақар екеумізді басқа балалар да күтіп отыр. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!
Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар сіздер
біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан
бересіздер?
Аяз
ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай,
әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар! (Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)
Жүргізуші: Міне, жаңа 2023-да келді. Ал
2023 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс - құтымыз арылмасын!Жаңа
жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен
береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін
берекелі, мерекелі жыл болсын! Келесі жаңа жылда кездескенше аман -
сау болайық! Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Төрлет,төрлет ,Жаңа жыл!"

шағым қалдыра аласыз