Материалдар / "Төрлет,төрлет жаңа жыл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Төрлет,төрлет жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жарияланған материал жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік іс-шара.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2018
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сценарий тақырыбы: «Төрлет Жаңа жыл»

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, карабас, буратино, тауық, ит

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады)

Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық карнавал,

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал!

Бұгінгі жаңа жылдық мерекеміз Буратино ерегісі желісімен құрылған.

Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, оқушылар екі- екіден залға кіреді)

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар!

Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөз мектебіміздің директоры Батталова Ж.К.

Жүргізуші: Балалар, бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, Сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Амирхан мен Сырымбектің орындауында «Шыршаға бардық»..әні.

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!

Ал, кім бізге шыршаға арналған өлеңдерін айтып берер екен?

Сырымбек:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Музыка ойнайды:

Карабас Барабас: Бұл жерде не болып жатыр? Ал,сендер мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі

Карабас Барабас: Ааа әлгі Аязата мен немересі осы жерге келе жартыр екен ғой Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды

ха-ха-ха(деп секіреді)

мына тұрған шыршаларыңда да жағатын сыйқырлы кілтті мен алып тығып тастағам.

Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек? Енді қайттік швршамызды қалай жағамыз.

Балжан ұлдармен Буратино: салеметсіздерме балалар, ата аналар, қонақтар бұгінгі жаңа жыл мерекесі басталып кетті ме? Қап біз кешігіп қалғанбыз ба?

Жүргізуші: Жоооқ буратино дәл уақытында келдіңдер.жаңа жыл мерекесі басталған жоқ мына ұсқынсыз карабас біздің аязата мен немересін адастырып жіберіпті. Онымен қоймай мына шыршамызды жағатын сыйқырлы кілтімізді де ұрлап тығып қойыпты.

Буратино: Карабас бұның жарамады. Мен мында келе жатып жолда аязата мен немересін жолықтырдым олар адасып жол сұрап жүр.Мен оларға жол көрсетіп тез сендерге келім Қазір келіп қалар. Карабас сен де бізбен жаңа жылды қарсы ал.Би билеп ән шырқа.

Карабас: Маған мынандай шу, ән, би ұнамайды.

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі:

Буратино: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аязата, Ақшақар!

Аязата:

Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты

Жалғыз ғана бір парақ.

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Ақшақар: Сәлематсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Бірақ шыршамыз көңілсіз тұр Ғой шамдары жағылмаған.

Жүргізуші: Аязата, ақшақар сіздерді жолдан адастырып, шыршаны жағатын сыйқырлы кілтімізді мына карабас ұрлап алғандықтан шыршамыз көңілсіз тұр.

Буратино: Аязата, ақшақар қазір мен кішкентай буратиноларыммен би билеп жіберейін мүмкін карабас біздің өнерімізді көріп кілтімізді беретін шығар. көрсетемізбе өнерімізді.

Буратинолар: иә көрсетеміз.

Би: Буратино.

Карабас: Жарайды жарайсындар сендердің өнерлерін тамаша екен сыйқырлы кілтті сендерге алып келейін мерекеміз жақсы өттін.Бірақ менің бір шартым бар.

Ақшақар: Ол қандай шарт

Карабас: Мен сендермен жаңа жыл мерекесін қарсы аламын.

Барлығы: Жарайсын Карабас.

Карабас кілтті алып келеді.

Жүргізуші: Ал олай болса шыршамызды жарқыратайық.

Балалар: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)

Шырша жарқырайды. Үш рет айту.

Шырша жарқырайды.

Жүргізуші: Аязата мен ақшақармен шыршаны айналайық.

Аязата: Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

Оқушылар тақпақтарын айтуға шығады.

Буратино: Аязата Біздің қыздарымыз сіздерге арнап би дайындапты сол биді тамашалаңыз.

Қуыршақ: Қыздар

Ақшақар: Жарайсындар қішкентай арулар сендерде мен сияқты ақылды болып өсіңдер, кел аязатадан тәтті сыйлықтарынды алыңдар.

Даша тате Тауық: Салеметсіздерме қонақтар. Мына менің жылып сіздерге жайлы да құнарлы болды. Ал енді мен мына сыйқырлы кілтті келе жатқан ит жылына тапсырайын.

Мира Ит: Салеметсіздерме қонақтар. Рахмет саған тауық. Сеннің жылын расында жайлы болды. Мына мектебімізде жетістіктер өте көп болды. Енді менің жылым да жақсы, осы жылдан қарағанда жайлы молшылық болады.

Жүргізуші: Рахмет саған тауық жылы. Енді сізді шығарып салмастан бұрын, келер жылмен аязатамен мына балалармен шыршаны бір айналып ән с алайық.

БАРЛЫҒЫ ШЫРША АЙНАЛАДЫ:

Буратино: қыздарымыздың орындауында:

Ән «Балдырған»

Аязата: бәрекелді өнерлерін тамаша екен.

Карабас: Ал аязата менің сіздерге дайындағын өнерім бар.

Аязата: Ал өнеріңді көрсете ғой.

Карабас ойын ойнатад:

Буратино: Жарадың карабас керемет мен сен үшін қуаныштымын.

Ұлдардың орындауынды «Жаңа жыл » әні.

Аязата: Мінекей, балалар, сендердің өнерлеріңді тамашаладық енді қоштсатын да кез келді. Біздің барар жеріміз әлі де көп сендер секілді бүлдіршіндер мені тосып отыр соларға барайын. Ал енді сендерге әкелген сыйқырлы қапшығымда тәтті сыйлықтарым бар соны табыстайын.

Жүргізуші: Аязата біздің қыздардың тағы да өнерлері бар «Қамажай » биі

Сыйлықтар табыстау ата- аналар комиттеті.

Ақшақар: сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата: Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,

Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын

Сау болыңдар, балалар

Балалар: Сау болыңыздар аязата, ақшақар.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!