Сабақтың тақырыбы: Торсықтың жасалу технологиясы
Сабақтың білімділік мақсаты:
ұлттық қолөнер түрі торсықтың ерекшелігін, жасау
технологиясын үйрету.
Дамытушылық мақсаты: торсық тігу, әрлеу, әсемдеу, бояу технолгиясын терең
меңгере отырып шеберлігін дамыту, өнерге деген ынта-қабілетін
арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Шеберлікке, әдемілікке, өнерге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер:
сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау, жеке
жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: дайын жасалған торсық, слайдтар, лекала, біз, жібек жіп,
ине, терінің әртүрлі суреттері..
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих, әдебиет.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А)
Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Оқу
құралдарын тексеру
Б)
Сабаққа зейінін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
-
Халықта кең тараған тері
илеу әдістері қандай?
-
Теріні кең көлемде кәсіп
еткен өңірлерді ата?
-
Бұйымның қабы қандай
шикізаттардан жасалады?
-
Тігістің қандай түрлерін
білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Теріден жасалған бұйымдардың түрлерін түсіндіру.
Торсық бұл
ежелден келе жатқан қолөнер туындысы. Ата – бабамыз мал баққан
көшпелі қоныс аудар ып жүретін халық болған, сондықтан торсықты
ыдыс ретінде пайдаланып қымыз, айран, шұбат сусындарын құйып
пайдаланған. Торсықтың сол кезде тиімділігі ішіндегі сусын ашымаған
және сынбайтын ыдыс болған.
Торсық жасаудың негізгі шикізаты – ешкі немесе
жылқы терілері. Тері тұздалмаған жақсы өңделген болуы керек. Теріні
екі бүктеп немесе бір-біріне қабаттап, қағаз бетіне торсықтың
суретін тең бүйірлі етіп, дайын лекаланы тері бетіне қойып,
бастырып сызып, суретін түсіреміз.
Таспа. Таспа
сөзінің түбірі тас. Яғни, тігілген тұсты тастай берік ұстап
қалатындықтан қазақ оны таспа деп атаған болатын. Негізінде таспа
сөзі түріктің «тәсмә» деген сөзінен шыққан. Орыстар таспаны
«тесьма» дейді. Сонда таспа сөзі түркі тілдес халықтардан шыққаны
ақиқат.
Таспаны
ешкі терісінен де әзірлеуге болады. Елік пен киік терісі де таспаға
жарамды.
Таспа әзірлеу үшін жаңа сырыпталған теріні
бүктеп, жылы жерде бір-екі күн ұстаса, жүні жидіп түседі. Кейде
теріні жылы суға бір-екі сағатқа салып қойып, сабынмен жуып,
жібітіп алған, соң өткір ұстарамен жүнін қиып тастайды.
Содан соң көлеңкеге керіп кептіреді. Сәл
тобарсыған соң арасына мата немесе қағаз салып, шиыршықтап орап,
белін жіппен буып сақатағн жөн. Шикі теріден тілінген таспаны
қайыс, көн, былғары, т.б. жасалатын бұйымдар тігуге, өрімднрдің
ұшын бекітуге, қамшының өрімін сабына бекітіп, шырмауық орауға
қолданады.
Шарық – шикі
теріден лекрлеп тігілген қара дүрсін аяқкиім.
«Аяқта жуан жіппен буылған шарық сүйреліп, киіз
шұлғау жалпылдап тұр», - дейді Ілияс Жансүгіров бір
өлеңінде.
Бұрынғылардан: «Жаяу аты – шарық, күші – азық»,
- деген сөз қалыпты.
Сиырдың сауыр терісін шелі мен көк етінен
ажыратып, түгі өкшеге қарай жататындай етіп пішіп, арнаулы ағаш
қалыпқа кигізіп, бүгіп тігеді. Содан соң жиегін бүгіп, шетінен
бүгіп, шетінен бір елі жерден қайыс баулық өткізетін тесіктер
тесіп, бау тағып, тартып байлап қояды.
Саба – қымыз,
қымыран, шұбат ашытуға арналған, қам теріденбес қиық етіп пішіліп,
тігілген ыдыс. Сабаны көбінесе жылқының жон терісінен тігеді. Саба
жасау үшін жылқы терісінің жүнін жидітіп, тазалап, алған соң,
арнайы үлгіге салып пішеді. Содан кейін бірнеше тәулік малмаға
салып қояды.
Саба
аяқ – сирақатры жерден бір қарыстай
биік болады. Оның қаптал қабырғаларына бедерлі өрнек ойылып,
мүйізбен, сүйекпен оймышталады. Күміс қапталған темірден
құрсауланып асыл тастардан көз орнатылады. Сабадағы қымызға қойдың
бір білем піскен құйрық майын салып қойса, дәмді болып бабымен
ашиды. Кейде бір қасық бал қосып қояды.
Кесеқап. Қазақ
шеберлерінің қолынан шыққан, теркеш, кесе қап, шынықап деп аталатын
мүліктің тарихы өте қызық. Кесеқаптың пайда болуы XVIII ғасырда
қазақ арасында Қытайдың фарфор ыдыстары кеңінен тарай бастаған
мезгілге сәйкес келеді. Ертеде Қытайды Шын деп атаған. Шыны сөзі
содан қалыптасқан.
Кесесқаптардың «сыңар емшек», «қос емшек», «үш
емшек» деген түрлері бар. Сонымен қатар теріден, киізден, қайыңның
тозынан (қабығы) жасалатын цилиндр тәрізді, қалпақты түрлері де
болады.
Көн дулыға –
жауынгер, сарбаздардың оғынан т.б. қарсыласының сілтеген қаруынан
қорғайтын баскиім. Ол көннен жасалып, жиектері металлмен
құрсауланады.
Көн дулыға өте жеңіл әрі ыстық суық өткізбейді.
Жұқа, талдырып басқан киізбен немесе сырылған матамен астарланады.
Оны жасау үшін ағаштан төрт бөліктен тұратын арнаулы қалып
әзірленеді. Содан соң қалыпқа бір елідей мүм жағып, оның сыртын
түгі мен шелінен тазарған шикі терімен қаптайды.
Көлеңкеде бірер тәулік кептіріп, батырғымен бедерлі өрнек
сызады.
Жем қалта -
аңға шыққанда құстың жемін салып жүретін қалта. Жем қалтаның
ұзындығы 25-30 см, ені – 20 см мөлшерінде болады. Жем қалтаның бір
жақ қырыннда түтік қыстыратын орны болады. Қалтаны белбеуге ілетін,
ердің қандығасына байланатын өрілген бауы болады. Жем қалтаның
жасалу жолы өте қарапайым болып келеді.
Аба. Аба деген
сөзді ешқандай энциклопедиядан кездестіре алмадық. Ал, «Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде»: «Аба деген сыртқы жамылғыш» деп
келте қайырған. Аба – деген жауын-шашынна қорғайтын жамылғыш,
қарапайым әдіспен тігілген тыс киім, сулық. Аба жасау үшін теріні
малмаға салып, жүніні жидітпей жұмсара илеп, иден шыққан теріні
кептіріп, сәл тобарсыған соң талқыға салып, созғылап, бұрап, әбден
жұмсартады. Содан соң арнаулы үлгімен пішіп, күләпарасаны ішіне
қарай әдептеліп, көмкере тігіледі.
Мес дегеніміз -
бітеу сыпырылған, иленген ешкі терісінен жасалған, сүттен
әзірленген сұйық тағамдарды тасымалдап, сақтайтын ыдыс. Әдетте мес
семіз серке терісінен жасалады. Бітеу сыпырылған теріні шелдеп,
тазалап алған соң ағаш күбірдегі малмаға бірнеше тәулік ұстап и
сіңген соң жайып, кептіреді.
-
ІV.
Сергіту сәті
Мақалдың жасырын бөлігін
табу арқылы сөзжұмбақты шешеміз.

V.
Сарамандық жұмыс.

Ою - өрнекті бір бүктеп
ою тәсілдері

Оюларды
қиып торсықтың бетіне жапсырамыз, салыстыру, қорытындылау. Жақсы
жасалған жұмыстарды мақтап, мадақтау арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттырамыз.
V. Бекіту
сұрақтары.
- Бүгінгі сабақта не
үйрендік?
- Сабағымыз ұнады ма?
- Теріден жасалған
бұйымдардың қайсысы есте қалды?
-
Теріден жасалған бұйымдардың түрлерін (торсық, аба, кесеқап, мес,
саба аяқ, саба, шарық, тулақ, көн дулыға, жемқалта таспа)
атаңдар?
VI. Бағалау.
Оқушылардың істеген жұмыстарын салыстыра отырып, берілген
сұрақтарға жауап беруіне қарай бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Торсықтың жиектерін тігіп
келу, қолдарын жаттықтыру.
Жұмыс
орнын жинау.