Сабақтың тақырыбы: Төрт түлігім –ырысым
Сабақтың мақсаты:
а) Балаларға төрт түлік жайлы түсінік беру, олардың пірлері туралы әңгімелеу;
ә) Балаларды мал шаруашылығына бейімдеу, төрт түліктің қадір- қасиетін білуді ұғындыру, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Әдіс – тәсілі:Түсіндіру, әңгімелеу, өлең оқу, ән орындау.
Көрнекілігі:Төрт түліктің суреттері, «Ел аузынан» кітабы, Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдер жинағы, мақал- мәтелдер жинағы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау
Мұғалім балаларға сабақтың барысын түсіндіреді.
Қазақ- ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжрибесі бар олар мал, өрісін, тіршілік табиғатын, қадір – қасиетін әбден білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын Толыбай сияқты сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өздерінің тіршілік, шаруашылық өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп оңтайлы пайдалануды шебер игерген. Малдың еті, сүті, жүні, түбіті, қылы, шудасы, терісі, тіпті мүйізіне, сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып, ұқсатып отырған. Мінсе –көлігі, ішсе –сусыны, жесе –тамағы,ғ кисе- киімі, тұтынса – бұйымы да, байлық, мақтан, салтанаты да осы мал болған.
Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал біздің еліміз үшін бұдан былай да аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Олай болса, кейінгі жастарымыз қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіс. Рас, олардың бәрі бірдей малды бағар, бақпас, бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшеліктерін жадында сақтаған жөн.
Төрт түлікке қатысты этнографиялық қызықты атаулар өте көп. Мысалы, түйе, оның өсу жолымен аталуы бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура... деп аталады.
Түйені қасиетіне қарай: біртуған, бекпатша, мая, желмая, құлпатша, нар , аруана , жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек деп бөледі.
Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал –жылқы, ол: құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп жасына, түріне қарай ажыратады. Жалпы халық жылқыны жоғары бағалап және оны көп өсірген. Тіпті оның жүрісіне дейін жіктеп: аяң, жорға, жортақ, бүлкек, бөкен желіс, сар желіс, текірек, шарқыту, шабыс деп түрге бөлген. Басқа малға қарағанда жылқы түсі де көп: торы, күрең, жирен, шабдар, ақбоз, боз, көк, қызыл, қара, құлагер, қарагер. Жылқының жаманын мәстек, тулақ дейді.
Жылқы –қазақтың кәделі, бағалы, орны бөлек қымбат қазынасы. Сый –сияпат, кәделі жерлерде халық ер- азаматтарға ат мінгісіп, шапан жапқан. Демек ол құрмет белгісі ретінде ұсынылатын үлкен сый орнына жүреді.
Сиыр жасына қарай былай аталады: бұзау, баспақ, торпақ, тана, тойынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа. («Пұл жібердім қалаға, Бұзау, баспақ, танаға» «Қобыланды батыр» ).
Қой: қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұасқ, азбан, ісек, ақауыз, қой, қошқар, саулық...
Ешкі былай жіктеледі: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке.
Малдың қадірін біліп, қасиетті бағалан бабалымыз адам есіміне де мал атауларын қосуды әдетке айналдырған. Мысалы, Ботгөз, Нартай, Атанбай, Бурабай, Жылқыайдар, Түйебай, Қошқар, Қозы, Серке, Қойшыбай, Құнанбай, Қазақ халқы балаларын «ботам» , «құлыным» , «қошақаным» деп еркелетіп, әлпештеуінде де терең мән бар. Тіпті, ертедегі халықтық жыр, әңгіме, ертегілерінде де мал қасиетті түлік есебінде батыр, ер, сұлулармен қоса дәріптеліп айтылып жүреді. Мұның бәрі халықтың малсақтық, малжанды ерекшеліктері мен ұғымын туған.
Мал сүтінен жасалатын тағам түрлері өте көп. Түйе сүті – шұбат, жылқының қымызы денсаулыққа аса пайдалы шипалы сусын. Сиыр мен қой сүтінен айран, қатық, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, құрт, ежігей тағы басқа көптеген ұлттық тағамдар жасалады.
Ал, балалар , төрт түлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1-оқушы: Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас.
Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
2-оқушы: Арғымақ аттың баласы
Аз оттап көп жусайды.
Асыл ердің баласы,
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Аттан түссең де,
Тұғырыңнан түспе.
Аттың көркі – жал,
Адамның көркі – мал.
3- оқушы: Сиырлы кісі- сыйлы кісі,
Түйелі кісі – күйлі кісі.
Дала малсыз болмайды,
Орман аңсыз болмайды.
Көлдің көркі - құрақ,
Жігіттің көркі -пырақ.
4-оқушы: Ер қанаты - ат,
Сөз қанаты -хат
Байтал түгіл, бас қайғы.
Сырын білмеген аттың
Сыртынан жүрме.
Түйе атасы – нар,
Ағаш атасы –шынар.
Мұғалім: Халық ұғымында әр малдың иесі, пірі бар деп түсіндіріледі. Мысалы: түйенің пірі - Ойсылқара, жылқының пірі – Қамбар ата, сиырдың пірі - Зеңбі баба, қойдың пірі - Шопан ата, ешкінің пірі - Сексек ата.
Ел аузынан
«Ойсылқара» келенің бурасы екен,
Буралығын білдірген шудасы екен.
«Жылқышы ата» үйірдің айғыры екен,
Құлындатып көбейткен байлығы екен.
«Зеңгі баба» табынның бұқасы екен,
Ет пен майға өн бойы тұтас екен.
«Шопан ата» отардың қошқары екен,
Егізденіп жылда төл қосқан екен.
Қазақ бабам халқына қазына етіп,
Кең дастархан алдына тосқан екен,
Өсіріп ен байлықты, деген атам:
«Береке мен бірлікті ұста бекем».
Мұғалім: Балалар, сендер білесіңдер, малдың балаларын төл деп атайды. Міне, сол жан –жануарлардың төлінің атауларын қайсың айтып бере аласыңдар?
5-оқушы: Түйе – бота Ит – күшік
Таутеке, ешкі –лақ Есек –қодық
Қоян –көжек Мысық- соқыр
Жылқы –құлын Киік – құралай
Аю - қонжық аққу – көгілдір
Сиыр- бұзау Бұғы - бұғышақ
Доңыз- торай Тауық- шөже
Қой- қозы Қасқыр – бөлтірік
6-оқушы: Сондай -ақ әр малдың үні де бар. Түйе боздайды, жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой , ешкі маңырайды...
Мұғалім: Иә, балалар, өте дұрыс тауып айттыңдар.Енді мен сендерге малдың негізгі ауруларының аттарын айтып өтейін. Түйеде- ақшелек, қатпа; жылқыда – жамандату, шеміршек, маңқа; сиырда – аусыл, қарасан; қой, ешкіде - топалаң , кебенек т.б.
Қазақ малды топтап бағады. Жылқы тобын - үйір, түйе, сиыр тобын – табын ; қой, ешкі тобын –отар деп атайды.
Жегін көліктерді жеккенде, байлағанда да оның жеке атаулары бар. Түйеде -мұрындық, бұйда ; жылқыда - ноқта; сиырда - басжіп; қойда , ешкіде - көген. Түйені тіздейді, жылқыны - матайды. Әр мезгілде малдың жүнін, қылын, түбітін алудың да түрлері көп. Мысалы: түйені жүндейді, жылқыны күзейді, қойды қырқады, ешкіні қырқады, түбітін тарайды.
Төрт түліккі оның тіршілік, өмірдегі орнына байланысты айтылатын сөздер де өте көп. Мысалы төл ауызданады, отығады, жылқы жусайды, басқа мал күйіс қайырады (күйсейді) . Жазда түйенің жауы - маса , сона ; жылқының жауы – бөгелек; сиырдікі –оқыра. Осыдан жылқы бөгелектейді, сиыр оқыралайды, қой, ешкі шыбындайды. Түйені түрегеп, биені тізерлеп, сиырды оң жағынан отырып, қой, ешкіні арт жағынан сауады.
Қазақ ырымы бойынша өздері белгілеген малдың басын ешкімге бермейді. Мал төлдеп жатқан кезде мал бермейді, түнде мал санамайды, малды басқа теппейді, басқа ұрмайды.
Әр рудың, үйдің малының құлағына, мүйізіне салатын өзіндік ен - таңбалары болады. Бұл таным белгісі. Біреуге мал атаса оған ен салдырады. Бұл сенім белгісі.
Малды ауыз жаз жайлауға, күз күзекке, қыс қыстауға көшеді және ол мал өсіру ыңғайына қарай бейімделіп жасалады. Қыста мұзды ойып мал сауарады, оны ойық дейді. Жазда мал су ішетін жерді суат деп атайды. Үйренген мал өз жайлауын, суатын іздейді. Ірі мал басқа жаққа сатылғанда немесе жіберілгенде одан қашып шығып жүздеген, мыңдаған шақырым жерден өзі туып – өскен жерін іздеп табады. Мал өз иесін, қорасын, төлін таниды.
Балалар, сендер төрт түлікке байланысты айтылатын қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
Оқушылар: Төрт түлікке қатысты тыйымдар:
-
Буаз малды өріске айдарда немесе өрістен қайтқанда қуалауға болмайды.
-
Мал қораның сыртында және ішінде ысқыруға болмайды.
-
Мал туып жатқанда жанында тұруға болмайды.
-
Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.
-
Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
-
Малды қу шыбықпен немесе қабығы түскен ағашпен айдауға болмайды. Жас шыбықпен айдау керек.
-
Малға дауыс көтеріп ұрсуға,балағаттап тіл тигізуге болмайды-иесі (пірі ) өкпелейді.
-
Жатқан малдың үстінен аттамайды.
-
Жас малдың мүйізі шығар кезде қолмен сипауға болмайды.
-
Жас малдың тістерін санамайды.
-
Мал сауылып жатқанда иесімен амандасып,сауынның қасына баруға болмайды.
-
Мал сойғаннан кейін қол жумай,бөтен адаммен қолд беріп амандасуға болмайды.
-
Күн батқаннан кейін қорадан мал шығаруға болмайды.
-
Малды аяқпен теппейді,балағаттап боқтамайды.
-
Малға «кет» деп дауыс көтеріп зекімейді.
-
Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.
-
Малды біреуге силағанда яки сатқанда,ноқта-жүген, бас жібі берілмейді.
-
Қой қоздап жатқанда біреуге мал сыйламайды және сатпайды.
-
Мал қорада дәрет сындыруға болмайды.
-
Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.
-
Мал айдап бара жатқан адам кесдезкенде, «айдар көбейсін»,ал малшыға «бағар көбейсін» деген тілек білдіреді.
Мұғалім: Мал шаруашылығының қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл де епті халқымыз мал өнімдерін де тұрмыстық салаға қолдана білді. Жылқы сүйегін өңдеп қобдисандықтар бетін өрнектеді. Күзеп алған жал,құйрығынан мықты арқан есті. Сиыр мүйізінен тарақ жасады. Қой жүнінен киіз,текемет басып,кілем,сырт киім тоқыды,түйе жүнінен тоқылған шекпен кәделі,қымбат киім бағаланды. Шудасынан емдік қасиетін де тапты.
Ешкінің қылы,түбітінен де бағалы бұйым тоқылды. Сәнді бөкебай,күртеше,қолғап,шұлық ешкі түбітінен тоқылды. Бұл әрі бағалы,әрі сәнді,әрі жылы киім.
Мал терісін шаруашылықтың әр саласына қолдана білететін осы қазақ халқы. Жылқы терісінен аса бағалы жақы деп м аталатын тон тігіп,оны құлын жақы,тайжақы,құнан жақы деп атады. Сиыр терісінен илеп сәнді ер-тоқым,барлық ат әбзелдерін оюлап,өрнектеп,өріп жасады. Қамшы өріп,кісе белбеу жасап,сәнді етік,кебіс тікті.қой терісінен тонша,тон тігіп, «тоғыз қабат торқадан тоқтышағымның терісі артық» деп мақтанды. Ең соңы теріні тулақ етіп төсеніш етті,диірменге де пайдаланып,оны диірмен тері деп атайды.
Міне қасиетті төрт түлікке орай білім,тәрбие,тіл,өнеге,үлгілердің өзі бір төбе екен.
Қуандық Шаңғытпаев
ОЙСЫЛ ҚАРА
Мезі болып даңқ,даңғаза,дабыстан,
Шолып шалғай шартараптан алыстан,
Марғау ұарап,сор үстінде маңқиып,
Тұр ойланып Ойсыл қара алыстан.
Шөл тәңрісі,көне дүние мандасы,
Баба түкті шашты Әзіздің сырласы!
Есіне алып ескі заман зауалын,
Тамыр-тамыр тұр сортаңға көз жасы.
Тарамады-ау ешкім оның шудасын,
Жекіп қайта жұлқылайтын бұйдасын.
Мінді , сауды,сойды-көнді бәріне,
Амалы не азап үшін туғасын?!
Қайтарар кім оған қыруар қарызды.
Айтар кімге әдіре қалғыр арызды?
Бір мыңқ етепй тұр керенау кемеңгер
Мәңгі шыдам ескерткіші тәрізді.
СЕКСЕК АТА
Шібегелер шегесі
Қатпа келер шегесі,
Сойса,оны қалақтай,
Сауса сүті бұлақтай,
Екі қонақ келгенде
Ептеулісін қайтерсің:
Жалғыз қонақ келгенде
Жараулысын қайтерсің:
Ауыл-көшіп қонғанда
Көрегенін қайтерсің:
о бөріні көргенде
Ышқынғанын қайтерсін:
Құйыршығын артына
Қыстырғанын қайтерсін;
Бөрі ала қашқанда
Бақырғанын қайтерсін;
« Ойбай,ием,кеттім»-деп,
Шақырғанын қайтерсін;
Қойды көсем бастайтын,
Өткелден саспайтын,
Қарағай мүйіз серкелі,
Шүйде жалды шүйкелі,
Сексек ата баласы
Ешкі бассын үйіңді!
Ешкі басса үйіңді,
Сыймай бассын үйіңді!
ҚАМБАР АТА
Шаруаның бір пірі-Жылқышы ата,
Тілегенде өзің бер ақтан бата.
Үйір-үйір жылқының шырқыратып,
Ойдан-қырдан армансыз әкеп мата.
ЗЕҢГІ БАБА
Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама,
Кең өріске шұбыртып өзің бағып,
Кешке жақын қотанға әкеп қама
Тағы тілек тілейін,
Бергеніңді білейін,
Қос жегуге жарамды
Ылғи бойшаң,өгіз бер.
Жұп-жұбымен егіз бер.
Бұқалары әукелі-
Шүйделері білеудей.
Аяқтары тілеудей,
Әр түстен ыңғай егіз бер...
Сәйгел тисе жөңкіген,
Оқыра т тисе жөңкіген,
Ала бас жіп естірген,
Құйрығында шоғы бар,
Жапалап тастары тағы бар,
Саздау жерге тоқтаған,
Сиыр деген мал екен...
Даусы азандай,
Желіні бар қазандай,
Мүйізі бар жылтықтап,
Буыны бар сылтықдақ,
Зеңгі баба баласы
Сиыр бассын үйіңді!
Сиыр басса үйіңді!
Сыймай бассын үйіңді!
ШОПАН АТА
Малды берсең , қойды бер,
Ұлды берсең,бойлы бер.
Жұртқа ақыл салғандай,
Ақылы ортақ ойлы бер.
Сабақтың соңында оқушылар бір-біріне ауызша баға қояды.
Мұғалім:Міне,балалар,сендер төрт түлік туралы толық мәлімет алдыңдар. Бұл сендерге келешекте өте қажет болатына сенімдімін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Төрт түлігім - ырысым

шағым қалдыра аласыз