Төрт түлігім- ырысым!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Төрт түлігім- ырысым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы






Алимкулова Айзада Акешеевна.

Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық

округінің МКҚК «Алтын сақа» бөбекжай

бақшасының тәрбиешісі



03. 04. 2018 жыл

Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық» «Коммуникация»

Кіріктірілген оқу қызметі: Құрастыру ҚМҰҚ Сурет Музыка Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Төрт түлігім -ырысым»

Мақсаты:Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру. Төлдерін дұрыс айта білуге , күтіп бағуға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Олардың өнімдерінің пайдалы жақтарымен таныстыру. Төрт түліктерге байланысты тақпақтар, мақал – мәтелдер, тиым сөздер, жұмбақтарды үйрету. Ойын ойнау арқылы төлдердің жүрісін салу. Орталықтарға бөліп жұмыс жасауды үйрету.

Әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойындар, мақал-мәтел, жұмбақ.

Көрнекілігі:Төрт түліктің суреттері, слайд, асық қоржын және олардың өнімдері.

Билингвалды компонент: Төрт түлік- четыре плода- four fetuses

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі

Ұйымдастыру-

шылық

оятушылық

Сәлемдесу.

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәрінеде ізетпен

Иіліп сәлем береміз.

Шаттық кезеңі:

Күнім жаным дейді.. атам,

Құлыншағым дейді әжем.

Ботақаным дейді әкем,

Қошақаным дейді анам.

Ақ тілегін ата-ана,

Ұрпағына арнаған.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр шешуін табасыңдарма?

1.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

2.Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

3.Басында екі таяғы бар,

Төр аяғы бар,

Адам деуге болмайды.

Бірақ сақалы бар. (Ешкі)

Балалар көңілді күйде өлең жолдары арқылы сәлемдеседі.





Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайды.








Балалар жұмбақтың шешімін табады.


Ұйымдас-тырушылық


Жарайсыңдар балалар сендер жұмбақтардың шешімін дұрыс таптыңдар.

Ендеше балалар жұлдыздай жарқырап мөлдір таза көңіл күймен бүгінгі оқу қызметін бастайық.

-Балалар сендер төрт түлікке нелер жататындарын білесіңдерме?


-Олар немен қоректенеді?

-Олардың бізге берер пайдасы барма?

Әрине біз олардың сүтін ішіп, құртын майын жейміз, Қымыз қымыранын сусын ретінде ішеміз.Сондықтан қазақ халқы төрт түлік малды қадір тұтқан. Қазақ халқы ежелден мал бағып күн көрген.

Малдың жағдайы мен қыста қыстауда, жазда жайлауда болған.Балалар барлығымыз зер салып бейне баянға назар аударайық.

Көрдіңдерме балалар үй жануарлары жазда өздері жайылады, ал қыста адамдардың көмегімен қоректенеді.Төрт түліктің төлдерін айтып жіберейік.Жалпы төрт түлік малдардың сүттерінен әр түрлі ұлттық тағамдар жасаған. Сүт, айран, ірімшік, құрт бұлардың адам ағзасына тигізетін әсер көп.




Енді балалар төрт түлікке байланысты тақпақтар айтайық.















Өте жақсы жарайсыңдар балалар мен сендерге ризамын.Енді балалар мен сендермен «Ғажайып қалташа» ойынын ойнағым келіп тұр.Ойынның мақсаты:Балаларды бірігіп ойнатуға үйрету.

Ойын шарты:Ғажайып қалтаға салынған түрлі-түсті асықтар, сол асықтарды балаларға алдыру арқылы төлдерге байланысты мақалдарды, тыйым сөздерді айтқызу.



Тыйым сөз.






Мақал-мәтел.








Балалар сендер мақал- мәтелдермен, тыйым сөздерді жақсы біледі екенсіңдер.

Сергіту сәті:

Тіктеп титей құлағың.

Ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын,

Бұзау былай жүреді.

Алға созып мойынын,

Ойнақтайды ботақан.

Көкке қарай мұрынын,

Шүйіреді бұзауқан.


Жарайсыңдар балалар енді орнымызға отырамыз. Ал енді балалар біз екі орталыққа бөлініп жұмыс жасаймыз.Мен сендерге мына белгілерді таратып шығам осы арқылы екі орталыққа бөлінеміз.

І топ. «Құлыншақ»

1.Өнер орталығы және үстел үсті орталығы.Өнер орталығында сиыр мен қойды бояймыз.

ІІ топ. «Ботақан»

2.Үстел үсті орталығында түйе мен жылқыны құрастырамыз.

Сылдырмақ арқылы балаларды жинап аламыз.

  • Балалар айтып жіберіңдерші қане кім қай орталыққа болды.Онда не жұмыс жасайсыңдар. Жарайсыңдар орталықтардағы жұмысты жақсылап жасаңдар.


Енді төлдерге байланысты әнімізді айтамыз.

«Төлдер әні»







Түйе, жылқы, қой, ешкі, сиыр


Шөп, жем, су.

Ия




Балалар қызыға бейне баянға қызыға қарайды





Төрт түліктің төлдерін айтады.

Мұқият тыңдап сұрақтарға жауап бере отыру.


1.Еркебұлан:

Ақ бұзауым ұнайды,

Мө-мө деп сүт сұрайды,

Келеді өсіп күн сайын.

Тұмсығын сөзып қарайды.Тілімен мұрнын жалайды.

2.Інжу:

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектемей деміңді ал.

Селтеңдемей құлағың.

3.Ақнұр:

Кіп кішкене момақан.

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзің деп.

4.Арсен:

Құлыншақ, құлыншақ

Шапқылайсың дала мен,

Дос болсайшы құлыншақ.

Мен сияқты бала мен.




1.Айару Амангелді

Түнде мал санама,

Түнде күл төкпе

2. Назым

Малды теппе,

Ақты төкпе.

3.Іңкәр:

Таңбасыз тай,

Енсіз қой болмайды.

4. Дина

Саулықтың жасы үлкен,

Қошқардың басы үлкен.

5.Аңсар

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.






Балалар іс – қимыл арқылы өлең жолдарын қайталайды.










Топпен жұмыс жасайды










Балалар төлдер әнін айтады.


Рефлексифті-

түзетушілік кезең



Жарайсыңдар балалар, төлдерге арналған әнді жақсы айттыңдар.

Дидактикалық ойын «Ненің баласы?»
Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: сиырүлкен, ал бұзау кішкентай.

Мен сендерге ризамын. Сендер төлдер туралы, өлеңді, мақалды, жұмбақты, тыйым сөздерді өте жақсы айтып оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, сыйлығымды қабыл алыңдар.







Балалар ойынға қызыға

қатысады





Балалар сыйлықты

қуана қарсы

алады.

Күтілетін нәтиже: Төрт түліктерді және төлдерін таныды.

Нені біледі: Төрт түліктердің пайдасын.

Нені игерді: Топпен жұмыс жасауды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
467
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі