Материалдар / Төртбұрыштар тақырыбын пысықтау 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Төртбұрыштар тақырыбын пысықтау 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып оқушыларына геометрия пәнінен "Төртбұрыштар тақырыбын пысықтау" тақырыбы бойынша арналған ашық сабақ үлгісі. Осы материалды математик әріптестерге пайдалы болады деп есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
810
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштар тақырыбын пысықтау.

Сабақтың мақсаты: Төртбұрыштар туралы теоремаларды, анықтамаларды, қасиеттерді есеп шығаруда қолдана алуға үйрету.

Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақтың түрі: Қайталау, білім бекіту сабағы.

Сабақ өту әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақта қолданылатын технология: СТО стратегиялары.

Сабақ формасы: Жұптық, топтық оқыту

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, семантикалық карта, Венн диаграммасы, тест тапсырмалар, бағалау парағы.

Ой шақырар:

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Әр оқушыға бағалау парақтары таратылады.

Әр кезең тапсырмаларына оқушылар шкалалары бойынша өзіне баға қояды.

Бағалау парағы. Аты-жөні...............................................

Бағалау критерилері

Оқушының берген балы

Өзін-өзі бағалау

Мұғалімнің бағасы

1

Үй жұмысын тексеру1 балл





2

Қызығушылықты ояту.«Төртбұрыштар» сөзжұмбағын шешу

Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл қойылады

Барлық балл 9 балл





3

Семантикалық картаны толтыру

Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл қойылады

Барлық балл 5 балл





4

Топтық жұмыс, есептер шығару

1 балл





5

Ой толғаныс кезеңі





6

«Өзіңді өзің тексер» кезеңі. Тест жұмысын орындау

Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл қойылады

Барлық балл 10 балл






ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(2 мин)

Оқушылар үйге берген есепті жұптармен дәптерлерін ауыстырып тексереді.

ІDrawObject1 ІІ. СТО-дың ассоциация стратегиясы бойынша (1 мин)

Трапеция 8 DrawObject2

DrawObject3 DrawObject5 DrawObject4





ІV. «Қызығушылықты ояту» бөлімі (5 мин)

«Төртбұрыштар» сөзжұмбағын жұппен орындау тапсырылады.

1.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (Квадрат)

2.Барлық бұрышы тік болатын төртбұрыш. (Тіктөртбұрыш)

3.Барлық қабырғасы тең параллелограмм.(Ромб)

4.Екі қабырғасы параллель төртбұрыш.(Трапеция)

5.Орта Азиядағы «ғалымдар атасы» аталған ғалым. (Беруни)

6.Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» аталған ғалым. (Ұлықбек)

7.Қарама-қарсы қабырғалары параллель төртбұрыш. (Параллелограмм)

8.Қазақтың байырғы өлшем бірлігі. (Шақырым)

9.Айналдырса оны егер,

Шар болады кемеңгер.

Ерекше нүктесі бар,

Ол қай нүкте демеңдер. (Шеңбер)

V. Мағынаны тану кезеңі. Жұппен семантикалық картаны толтыру. (5 мин)

Қасиеттері

Қарама-қарсы қабыр-ғалары тең және ІІ


Қарама-қарсы бұрыш-тары тең

Диаго-налда-ры қиылы-сып, қақ бөлінеді

Дигонал-дары тең екі үшбұ-рышқа бөлінеді

Диагонал-дары өзара перпенди-куляр және оның бұрышта-рын қақ бөледі

Барлық бұрыш-тары тік

Қарама-қарсы қабырға-лары парал-лель

Диаго-налда-ры тең бола-ды

Қарама-қарсы қабыр-ғалары парал-лель емес

1

Төртбұрыштар











2

Параллелограмм











3

Тік төртбұрыш











4

Ромб











5

Квадрат











6

Трапеция













VI. Cергіту сәті. Оқушылармен әуенмен сергіту жаттығуларын жасау. (1мин)

Сыныпты топқа бөлу. (1 мин)

Сыныпты үш фигура таңдау арқылы топқа бөлу.

DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6



І топ. Трапеция.

ІІ топ. Шаршы

ІІІ топ. Ромб


VII. PISA тапсырмаларын орындау. (12 мин)

Топтарға тапсырмалар беріледі. Есептің шешімін әр топ тақтаға жазады. Ал басқа екі топ қара қалпақ және ақ қалпақ қызметін атқарады.

-Ақ қалпақта сабақ бойынша фактілер мен цифрлар араласқан ойлар

айтылады.

- Қара қалпақ бұл – сабақ бойынша сын-пікір, келесі сабаққа

ұсыныс.


І топ

Дарханның жатын бөлмесінің периметрі16 м, ұзындығы 5 м. Бөлменің ауданы неге тең?

ІІ топ

Балабақшадағы ересек топтардың балалары қабырғасы 2 см, екіншісі одан

4 см артық, параллелограмм тәріздес фигуралардан мозаика құрастырды.

Осы фигуралардың периметрі неге тең?

ІІІ топ

Динара өзіне белі 60 см және етегі 80 см болатын юбка тікпеші болады. Юбканың ортасынан әдемілікке лента жіберді, сол лентаның ұзындығын табыңдар.

VIII. "Ой толғаныс» кезеңі. (5 мин)

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Топтар ақылдаса отырып толтырады.

І топ: “Венн диаграммасын” толтыру. Тіктөртбұрыш және параллелограмм.


ІІ топ: Синквейн құру тапсырылады.


ІІІ топ: “Венн диаграммасын” толтыру. Квадрат және ромб.




IX. «Өзіңді өзің тексер» кезеңі. Тест тапсырмасын орындау . (7 мин)

1. Үйдің едені суреттегідей кафельмен қапталған. Бұл қандай фигура? 

Трапеция 3

 

А)тіктөртбұрыш В)параллелограмм С)ромб Д)трапеция

2.Егер төртбұрыштың диагоналдары қиылысып, қиылысу нүктесінде қақ бөлінсе, онда ол төртбұрыш.............................деп аталады:

А) трапеция В) ромб С)квадрат Д) параллелограмм

3.Барлық қабырғалары тең төртбұрыш, ол...................................болады.

А) параллелограмм В) ромб С) трапеция Д)тіктөртбұрыш

4.Параллелограмның бұрыштарын тап, егер оның бір бұрышы екіншісінен 400-қа артық болса.

А)1000, 800 В)700, 1100 С)400, 1400 Д)1600, 200

5Параллелограмм 4 .Асхананың қабырғасын әр түрлі түсқағаздардан мозаика құрастырылып, сәнделген. Фигураның атын ата. 



 

А)тіктөртбұрыш В)параллелограмм С)ромб Д)трапеция

6.Ромбының қасиеттері:

А)бұрыштары тік В)қабырғалары тең С)диагоналдары тең

Д)диагоналдары өзара перпендикуляр және бұрыштарының биссектрисасы болып табылады.

7.Параллелограмның қарсы жатқан бұрыштары..............................

А)тең В)қосындысы 1800 С)тең емес Д)қосындысы 3600

8.Трапецияны теңбүйірлі деп айтамыз, егер оның ................

А)табандары тең В)бұрыштары тең С)бүйір қабырғалары тең

Д)барлық қабырғалары тең

9. Дұрыс тұжырымды көрсет:

А)барлық төртбұрыш-квадрат болады. В)барлық ромб-квадрат болады.

С)барлық квадрат-ромб болады Д)барлық параллелограмм-тік төртбұрыш

10. Тең бүйірлі трапецияның периметрі 15 м тең. Оның бүйір қабырғасы 3м. Трапецияның орта сызығын тап.

А) 4 В) 9 С) 4,5 Д)4,2

Тест кілті тақтада көрсетіледі.1

1-Д; 2-Д; 3-В; 4-В; 5-В; 6-Д; 7-А; 8-С; 9-В; 10-С.

X. Рефлексия. (2 мин)

  • Маған сабақ..........

  • Мен сабақтан......

  • Мен білгім келеді..........

  • Мен үйрендім......

  • Мен досыма тілеймін...........

«5» DrawObject10 DrawObject9 «4»

DrawObject11



«3»





ХI. Үй жұмысын беру: «Төртбұрыштар» тарауын қайталау (1 мин)

Үйлеріңнің әр бөлмесінің периметрі мен аудының есептеп, сызбасын салып келіңдер.

ХII. Оқушыларды бағалау. (2 мин)

0-3 балл – «2»

4-16 балл – «3»

17-29-балл – «4»

30-35 балл – «5»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!